Вы здесь

Главная » Павлодарской области музеи. Краеведческие музеи Казахстана.

Музей Машхура Копейулы.

Мемориальные музеи Казахстана.

«Имя мое,
        известно далеко в степи.
Шел я честно,
        не сворачивал с пути.
При рождении
        нарекли Жусупом меня,
А в народе
        известен как Машхур - ата.»

Машхур Копейулы.

История мемориальных музеев Казахстана.

Музей Машхур-Жусупа Копейулы расположен на высоте 347 метров над уровнем моря, находится среди многочисленных озер в урочище Ескельды, в северной части Казахского мелкосопочника, в Жанажольском сельском округе, в 15,6 километрах на север и немного восточнее от поселка Жанажол, в 15,9 километрах на юг и немного западнее от поселка Бескауга, в 46,6 километрах на юго-запад от поселка Служон, в Баянаульском районе, на юго-западе Павлодарской области.

История мемориального музея Машхура Жусупа Копеева.

Мемориальный музей выдающегося поэта, публициста, этнографа, просветителя, летописца, коллекционера образцов устной литературы Машхура Жусупа Копеева, был открыт в 1977 году в комнате отведенным тогдашней Жанажольской средней школы (ныне средняя школа имени М. Ж. Копеева).
До этого дом-музей Машхура Жусупа Копеева, был организован внуком Шарапиевым Толеубаем и ветераном Великой Отечественной войны Наги Ахметовым, в доме Толеубая Шарапиева в котором были собраны личные вещи поэта.
В музее, открывшемся при школе, были размещены фотографии и биографии ветеранов войны, предметы быта и ремесла казахского народа,  а также  период становления села Жанажол в годы коллективизации и образования совхозов.
В 1981 году был построен Жанажольский сельский Дом культуры. Ветеран Великой Отечественной войны Наги Ахметов, учитель казахского языка и литературы Амангельды Омаров и внук поэта Толеубай Шарапиденулы обратились  к директору совхоза с просьбой с просьбой выделения в сельском доме культуры просторного кабинета на втором этаже нового дома культуры,  в результате чего музей был передислоцирован в дом культуры.
В 1986 году решением коллегии Министерства культуры Казахской ССР музею присвоено название "Народный музей". В тот же  году министр культуры Казахской ССР Узбекали Жанибеков, посетивший музей и могилу поэта в урочище Ескельды, сообщил о том что, поэту Машхур-Жусупа Копеева будет построен новый музей восточного дизайна.
Специалисты Алматинского проектного института приступили к проектированию. Но с распадом Советского союза, музейный вопрос остается не решенным. Музей поэта Машхура Жусупа Копеева и проект мавзолея, представленные Узбекали Жанибековым, отправились в архив.
Однако, по проекту архитектора Р.Наумова при участии треста "Агропромстрой" в 1993 году в селе Жанажол был сдан в эксплуатацию новый музей поэта. В сборе трудов Машхур-Жусупа и его  вещей, которыми он пользовался при жизни, сохранившиеся у родственников и народа внес большой вклад Наги Ахметов и Шарапиев Толеубай.
В оформлении музея Машхур-Жусупа Копеева и размещении экспонатов немало заслуг художников областного музея литературы и искусства имени Бухар жырау Б. Машрапова, Е. Маймакова, Е. Самигуллина, архитектора Д. Мустафина, историка Б. Кушимбекова.
На основе имеющихся данных и реликвий ими оформлены настенные выставки с цитатами из стихов Машхур-Жусупа Копеева. Музей Машхур-Жусупа Копеева возглавил  с 1977 по 1987 годы  Амангельды Омаров, с 1987 по 1989 годы - Шарапиев Даниял, а с 1989 по 1992 годы Г. Шарапиева.
С начала строительства музея с 1992 года по сегодняшний день заведующим работает Кажымукан Пазылов, внук поэта Машхур-Жусупа Копеева. В связи с увеличением посещаемости мавзолея Машхура Жусупа Копеева из года в год, в 2016 году за счет спонсорских средств была построена 2-х этажная гостиница, в которой после принятого решение разместился музей, который перенесли из села М.Ж. Копеева.
Музей был размещен на 1 этаже здания с площадью 19 квадратных метров. Однако, из-за сложностей с хранением музейных экспонатов и маленькой площадью на спонсорские средства в 2019 году было построено и сдано в эксплуатацию новое здание музея площадью 240 квадратных метров.   
В новом здании расположен экспозиционный зал площадью  более 130 квадратных метров, кабинет в стиле коворкинга, где посетители музея смогут познакомиться с произведениями поэта М.Ж. Копеева.
На сегодняшний день в музее хранится 785 экспонатов. Из них 611 экспонатов составляют основной фонд и как книга «Көк Құран», использованные отцом поэта Колжасаром с XXVIII века, ковер в котором выносили поэта.
Корджун который всегда носил при себе с произведениями поэта, нагрудник, тюбитейка, брюки сшитые мастерами города Бухара, а также ценные экспонаты, использованные семьей, и произведения поэта, написанные на арабском, персидском, чагатайском языках.
Музей уникален тем что, в нем работают потомки поэта. Поэтому музей дает посетителям большое представление о жизни и творчестве М.Ж. Копеева их первых уст. В 2019 году основной фонд музея пополнился 28 экспонатами.
Из портфеля, хранящегося в семье племянника поэта Жолмурата Жусупова, одного из первых Машхураведов, были изъяты книги Корана, произведения и новые данные о поэте М.Ж. Копеева.
Кроме того, в коворкинг-кабинете установлен стенд об истории создания музея поэта. На данном стенде представлена подробная информация о личностях основателя музея поэта, на стенде размещены фотографии ветерана Великой Отечественной войны Наги Ахметова, первый директор музея Амангельды Омаров, член Союза художников Республики Казахстан Бота Машрапов, поэт, член Союза писателей РК, Машхуровед, Почетный гражданин Павлодарской области и Баянаульского района Зекебай Солтанбаев, бывший директор Совхоза Жанажол, Почетный гражданин Павлодарской области и Баянаульского района Мурат Рахметов,  пропагандиста Толепбергена Алдабергенова и Толеубая Мухамед-Шарапиденулы.
Новая концепция музея, перенесенного в новое здание, в свое время была утверждена акиматом области. Музей оснащен современным оборудованием, подключен к сети интернет. В Мемориальном музее акына М.Ж. Копеева в соответствии со штатным расписанием работают 10 человек, из них 8 работников (смотритель музея, уборщица, кочегар и охранник по 3 штатных единицы), экскурсовод и заведующий музеем. 
Географические координаты музея Машхура Копейулы: N51°08'10 E74°56'22 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейінің тарихы.

«Дүниеден кім 
        қалады кетпей көшіп, 
Ойлаймысың 
        уақытты жүрген тосып?! 
Солардың 
        біз бір қалған жұрағаты, 
Көпеев – фамилиясы, 
       Мәшһүр – Жүсіп».

«Шежіре өлең», 1903 ж . . . 

Мен біздің даланы әр түрлі тағамдарға арналған дастарханмен салыстырар едім, бірақ барлық жерде бірдей тығыз, біркелкі емес. Айталық, бір жерде барлық тәттілер – өрік, мейіз және т.б., ал екінші жерде – тұз және курттың бірнеше бөлігі......
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейі 1977 жылы сол кездегі Жаңажол орта мектебінің (қазіргі таңда М.Ж.Көпеев атындағы орта мектеп) сырт жағындағы арнайы бөлмеде ашылған болатын.
Бүған дейін ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі Шарапиев Төлеубайдың және Ұлы Отан соғысының ардагері Нағи Ахметовтың ұйымдастыруымен, Шарапиев Төлеубайдың шаңырағында жеке бір бөлмеде, әулиенің жеке заттары жинақталып шағын музей үйін ашқан.
Мектеп жанынан ашылған музейге Жаңажол кеншарының алғашқы қалыптасу кезеңі мен колхоз, совхоз болып қалыптасуы соғыс ардагерлерінің суреттері мен өмірбаяндары,  қазақ халқының тұрмыстық заттары мен қолөнер бұйымдары орналастырылған болатын.
1981 жылы Жаңажол ауылдық мәдениет үйі бой көтереді. Осы кезде Ұлы Отан соғысының ардагері Нағи Ахметов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Амангелі Омаров пен ақынның немересі Төлеубай Шарапиденұлы мектептегі музей орналасқан бөлменің тарлығын айтып, ауылда бой көтерген жаңа мәдениет үйінің екінші қабатынан кең кабинет сұрап, нәтижесінде музей мәдениет үйіне көшіріледі.
1986 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігі коллегиясының шешімімен, музейге  «Халық мұражайы» деген атау беріледі. Осы жылы аталмыш музейге және Ескелдіге арнайы ат басын бұрып келген Қазақ ССР мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібеков Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке арнап шығыс үрдісінде жаңа музей салынатынын жеткізеді.
Алматының жобалау институтының мамандары келіп жобалау жұмыстарын бастаған болатын. Бірақ ойламаған жерден Кеңес Одақ ыдырап, музей мәселесі қағаз жүзінде қалады. Өзбекәлі Жәнібеков ұсынған ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев музейі және кесененің жобасы тоқтатылып, мұрағатқа жіберіледі.
Дегенмен де сәулетші архитектор Р.Науымовтың жобасы бойынша «Агропромстрой» тресінің араласуымен 1993 жылы  Жаңажол ауылында ақын атындағы жаңа музей пайдаланылуға берілген болатын.
Мәшһүр-Жүсіп еңбектерін, көзімен көріп, қолымен ұстаған дүниелерін туысқандары мен  халық арасынан жинақтауда  Нағи Ахметов мен Шарапиев Төлеубай ақсақалдар көп еңбек атқарады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің музейін безендіру мен жәдігерлерді орналастыруда Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің суретшілері Б. Машрапов, Е.Маймақов, Е.Самигуллин, сәулетші Д.Мұстафин, тарихшы Б.Көшімбековтердің еңбегі зор болды.
Олар қолда бар деректер мен жәдігерлер негізінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін келтіре отырып қабырға көрмелерін орналастырады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев музейінде 1977-1987 жылдар аралығында Амангелді Омаров, 1987-1989 жылдар аралығында Шарапиев Даниял, ал 1989 - 1992 жылдар аралығында Г.Шарапиева директорлық қызмет атқарды. 
Ал, музей құрылысы басталғаннан бері 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің немересі Қажымұқан  Пазылов меңгеруші  қызметін атқаруда. Ақын көзі тірісінде өзінің 73 жаста бұл дүниеден өтетінін болжап, ас бергізгені көпшілікке мәлім. Екі бөлмелі үй салдырып, қабірін өзі қаздыртқан. «Жер біраз тереңдегесін көк тас шығады, сындырып алмай байқап алыңдар», дейді. 
Қабірден қалыңдығы ені мен ұзындығы 20-30 см көк тас шыққанда ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев  «Күткенімде сол еді, сындырмай тұтас ал» десе керек. Әулиенің айтуынша, жаз айларында ай толғанда таң алдында аспаннан таза рауан желі ашық тұрған есік арқылы тасқа соғып, содан топырақта емдік қасиет пайда болады екен. Сол, көк тас қазір музей жәдігері ретінде сақталуда.   М.Ж.Көпеев (бұрынғы Жаңажол) ауылы, Ескелді шатқалында орналасқан ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ескі кесенесі 2006 жылы қайта жаңартылып, бой көтерді.
М.Ж.Көпеев кесенесі құрылысын салу жөніндегі кеңес 13 адамнан құралып, мүшелері қатарында филилогия ғылымдарының докторы, ғұламаның немересі Қуандық Жүсіпов, Павлодар қаласының бас мешітінің имамы Жұмабай қажы Ықылас, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» орталығының директоры Айтмұхамед Тұрышев,  аталған оқу ордасының Е.Бекмаханов атындағы өлке тарихы мен этнографиясы орталығының директоры Амантай Құдабаев, Баянауыл ауданының Құрметті азаматтары Мүкәрам қажы Шүлембаев, Зекебай Солтанбаев және ауыл ақсақалы Бүркітбай Мадиндер болды.
2006 жылдың 11 қарашасында ашылған кесененің ашылуына 10 мыңнан аса адам жиналып, 150-дей киіз үй тігіліп, ашылу салтанатына  Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов,  мемлекеттік ірі қайраткер тұлға,  ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері Жабайхан Әбділдин, қазақтың әдебиет танушы ғалымы, Филология ғылымының докторы,  профессор,  жазушы Рымғали Нұрғали,  Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының доекторы, профессор Меруерт Әбусейітова, Қоғам қайраткері, ғалым, академик Ғарифолла Есім, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбек қатысты.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұсынған құрылысы көне түркі стилінде жасалған кесенені қайта қалпына келтіру жобасы мақұлданған. Жоба ежелгі түркі тайпаларының сәулет ерекшелігі, ислам дінінің өзіндік өрнектерімен ерекшеленеді.
Кесене 2 бөліктен тұрады: бірі – намазхана, екіншісі– Қордайдың мәрмәр тасынан жасалған әулиенің мүрдесі сақталған сандықтас және құлпытас қойылған, шамшырағы орнатылған бөлме. Кесененің жалпы алаңы – 1028 м2, әулиенің мүрдесі сақталған бөлме 47,5 шаршы метр, намазхана – 73,4 шаршы метр аумақты құрайды.
Кесененің биіктігі 14 метр. Салмағы 9,5 тонна болатын құлпытасы мен сандықтасы мәрмәр тастан жасалған. Күмбездің ішкі жағында Алланың 99 есімі жазылған, айшық темірлері әрленіп, алтынмен жалатылған. Кесененің кіреберісінде Құран аяттары жазылған.           
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне зиярат жасап келушілер саны жылдан жылға артуына орай 2016 жылы демеушілер қаражаты арқылы 2 қабатты  қонақ үй бой көтерген болатын, сол кезде М.Ж.Көпеев ауылында орналасқан музейді жаңа қонақ үйіне орналастыру туралы шешім қабылданады.
Музей ғимараттың 1 қабатында 19 шаршы метрлік бөлмеге орналастырылып көшірілді. Алайда, музей жәдігерлерін сақтауда қиындық туғызғандықтан демеушілік қаржыға 2019 жылы 240 шаршы метрді құрайтын жаңа музей ғимараты салынып, қолданысқа берілді.
Жаңа ғимаратта экспонат залы 130 шаршы метрді құраса, келесі кабинет коворкинг стилінде музейге келушілердің ақын М.Ж.Көпеевтің шығармаларымен танысуға жағдай жасалынған.  Бүгінгі күні музейде 785 жәдігер сақталған.
Оның ішінде 611 жәдігер негізгі қорды құрап, XXVIII ғасырдан сақталған ақынның әкесі Көпжасар қолданған атақты «Көк Құран» кітабы, ғұлама көз жұмғанда орап шығарған кілем, ақынның шығармаларын сақтап үнемі жанында ұстаған қоржыны, омыраушасы, үкілі тақиясы, Бұқара қаласының шеберлерімен тігілген оюлы шалбары сияқты және  отбасы қолданған құнды жәдігерлер мен араб, парсы, шағатай тілінде жазылған ақынның шығармаларынан тұрады.
Аталған музейде ақынның өз ұрпақтары жұмыс жасайды. Сол себепті музейге келушілерге ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы зор мағлұмат беруіне себеп болуда. 2019 жылы музейдің негізгі қоры 28 жәдігермен толықтырылды, ақынның отбасы қолданған шкаф, іргеге ілінетін айна, құман, алғашқы Мәшһүртанушылардың бірі, ақынның жиені Жолмұрат Жүсіповтың отбасында сақталған портфельден  ақын М.Ж.Көпеевтің құран кітабы, шығармалары мен жаңа деректер алынды.
Сонымен қатар, коворкинг кабинетінде ақын М.Ж.Көпеев музейінің құрылу тарихы туралы стенд қойылған. талған стендте ақынның музейінің негізін қалаушы тұлғалар туралы толық мағлұмат беріліп, стендте Ұлы Отан соғысының ардагері Нағи Ахметов, музейдің алғашқы директоры Амангелді Омаров, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Бота Машрапов, ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі, Мәшһүртанушы, Павлодар облысы және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Зекебай Солтанбаев, Жаңажол совхозының бұрынғы директоры, Павлодар облысы және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Мұрат Рахметов, уағыз насихаттаушы Төлепберген Алдабергенов және Төлеубай Мұхамед-Шарапиденұлының суреттері орналастырылып музейдің ашылуына сіңірген еңбектері туралы мағлұмат берілген.
Жаңа ғимаратта көшірілген  музейдің жаңа концепциясы кезінде облыс әкімдігімен бекітілген. Музейге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етіліп, интернет жүйесіне қосылған. Ақын М.Ж Көпеев мемориалдық музейінде штат кестесіне сәйкес 10 адам жұмыс жасауда, оның 8-і жұмыскерлер (музей қараушысы, еден жуушы, 3 штаттық бірліктен от жағушы мен күзетшілер) және экскурсовод пен музей меңгерушісі.

Источник и фотографии:
https://satpaevmuseum.kz/ru/o-muzee/filialyi/kopeyuly.html