Вы здесь

Главная » Акмолинской области памятники. Экскурсии по мазарам Акмолинской области.

Мемориальный комплекс Балуан Шолаку.

Паломничество к святым местам в Акмолинской области.

«Бытие твое - миг жизни высшей, иной,
Опьяненье твое - от лозы неземной,
Погрузись с головой в воротник размышлений!
Твоя длань - продолжение длани другой»

Омар Хайям.

Отдых в домах отдыха Акмолинской области.

Мемориальный комплекс Балуан Шолаку расположен в селе Вознесенка Буландынского района Акмолинской области. Нурмаганбет Баймырзаулы, Балуан Шолак (1864 – 1919 г.г.) - казахский   народный композитор, певец, мастер верховой езды, прославленный борец, непобедимый силач.
Настоящее  имя Балуана Шолака – Нурмаганбет, в молодом возрасте его прозвали Балуаном Шолаком - беспалым борцом, так как он не имел пальцев правой руки. Происходил  он из рода Самбет и племени Дулат  Старшего жуза, но предки его в давние времена переселились в степи Сарыарки, поэтому вся его жизнь прошла на кокшетауской земле, среди родов атыгай и карауыл.
С 14 лет  начал заниматься борьбой,  был очень силён также в джигитовке. На зрелищах, проходивших в Кокшетау, он поражал  всех, поднимая  тяжести  в 51 пуд (830 кг). В 1899 году в 35 лет Балуан Шолак принял вызов известного борца Ивана Коренья, победил его, сломав во время поединка ему ребро.
Балуан Шолак с детства приобщился к искусству, пел, играл на домбре.  После смерти родителей, женился на девушке по имени Ганикей, разъезжал по аулам, собирал вокруг себя способную, одарённую молодёжь, и составлял группу, которая устраивала увеселения по традициям серэ, демонстрируя перед народом своё искусство.
Создание трупп и ансамблей стало традицией Балуана Шолака. Балуан Шолак был отличным исполнителем и пропагандистом песен Биржана Кожагулова, Акана серэ, которых он считал своими наставниками, продолжая их песенные традиции, также сочинял песни сам. 
Балуан Шолак как композитор  внес  вклад в искусство казахской песни. Народный любимец объездил Кокшетау, Караоткель, Баян-Аул, Прииртышье, показывая лучшие музыкальные произведения Сарыарки в Семиречье, знакомил слушателей со своими песнями.
Именно в этих поездках Кенен Азербаев, познакомившись с творчеством Балуана Шолака,  стал распространять его песни. Известные его песни  - «Ащылы-Айрык», «Балуан Шолак», «Дикилдек», «Кокшетау», «Косалка», «Кос барабан», «Желдирме», «Құлан кісінес», «Талды-Куль», «Қос перне», «Кенже қоныр», несколько вариантов «Сарын».
Особой популярностью в народе пользовалась песня «Галия», воспевающая светлые чувства, «Сентябрь», героическая песня с характерной мелодией. Известные мастера-исполнители песен Балуана Шолака Ж.Елебеков, М. Кошкимбаев, М.Тырбаев, Ж.Карменов, К. Байбосынов и др.
Известный исследователь казахской народной музыки  А. В. Затаевич записал в исполнении народных певцов несколько песен Балуана Шолака и включил их в сборники «1000 песен казахского народа» и «500 казахских песен и кюев».
Многогранный талант сделал его любимцем народа, прославленному  борцу, певцу  и композитору Сарыарки  Балуану Шолаку Баймырзаулы был установлен памятник.

Источники: 
Краевед Каратаев Ермек Балташулы. http://srh.kz/content/kompleks-baluan-sholaka/

Балуан Шолақ кешені.

Орналасқан жері: Ақмола облысы Бұланды ауданы Вознесенка с. Қысқаша анықтамасы: Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864 - 1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан.
Бірақ, аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді.
«Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған.
Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып  шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды.
Балуан Шолақ Көкшетауда  өткен үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақтың жасы 35-те болды.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды.
Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады.
Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді.
Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар.
Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болды.  Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В. Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлына ескерткіш орнатылған.

Aқпарат көзі:
Жергілікті өлкетанушыКаратаев Ермек Балташұлы. http://srh.kz/content/kompleks-baluan-sholaka/