Вы здесь

Главная » Акмолинской области памятники. Образовательные экскурсии по Акмолинской области.

Мавзолей Пан Нурмаганбета.

Архитектурные достопримечательности Казахстана.

«Пусть разум твои направляет дела.
Он душу твою не допустит до зла»

Фирдоуси Абулькасим.

Достопримечательности Казахстана.

Мавзолей Пан Нурмаганбета находится на окраине поселка Аксу, недалеко от города  Степногорск в Акмолинской области. Нурмаганбет Сагынай улы (1848 – 1925 г.г.) – казахский меценат. Известен  в народе под именем «Пан Нұрмағанбет».
Занимался разведением племенных лошадей. Когда будущий царь России Николай II приехал в 1891 году в Омск, Пан Нурмаганбет установил в его честь большую белую юрту, подарил ему 1000 лошадей.
В начале XX века это юрта была выставлена  на Всероссийской выставке в Нижнем Новгороде и  на выставке в Париже. В настоящее время хранится  в г.Санкт-Петербург, в Эрмитаже. В 1898 году он первый в степи был награжден   золотой медалью  и золотыми часами за развитие  коневодства.
Совершил паломничество в священную Мекку 4 раза. В 1908 году, когда он был в Мекке, то купил дома в городе Шам (Дамаск)  для паломников, где они могли останавливаться. Построил в ауле мечеть.
Богатый  поминальный обед в честь его отца Сағыная в 1886 году сохранился в истории как объединяющий 3 казахских жуза. Было установлено  500  белых юрт, расстелены 500 бухарских ковров, использовано 5 тонн чая, принесены в жертву 20 тысяч овец и 100 лошадей.
Нурмагамбет оказывал финансовую помощь лидерам  партии «Алаш» А.Бокейханову, А.Байтурсынову, М.Дулатову для достижения  благородной цели  - объединения казахского народа. Об этом сказано  в романе Сакена Сейфуллина “Тар жол – тайғақ кешу”.   

Список использованной литературы:
1. Труды Ш.Валиханова;
2. Роман С.Сейфуллина «Тар Жол –тайғақ кешу»(1995г);
3. Поэма И.Жансугурова «Кулагер»;
4. Данные научных работников Степногорского историко-краеведческого музея.
http://srh.kz/content/mavzoley-pan-nurmaganbeta/

Паң Нұрмағамбет кесенесі.

Қазақстанның архитектуралық көрікті жерлері.

«Ойыңды түзет.
Ол сіздің жаныңызды жамандыққа жол бермейді»

Фирдоуси Әбілқасым.

Қазақстанның көрікті жерлері.

Орналасқан жері: Ақмола облысы Степногорск қ. Ақсу кенті маңында орналасқан. Қысқаша ақпарат: Нұрмағамбет Сағынайұлы (1848, Ақмола облысы Ақсу кеніші – 26.12.1925, сонда, Қарабұлақ өңірі) – қазақ меценаты.
Халық арасында “Паң Нұрмағамбет” атанған. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысқан ірі бай, саятшы, ұлттық этнографияны жаңғыртушы. Нұрмағамбет 1891 жылы Ресейдің болашақ патшасы Николай II Омбы қаласына келгенде, оның құрметіне ұйымдастырылған көрмеге жақсы жабдықталған ақ киіз үй тігіп, 1000 жылқыны сыйға тартқан.
20 ғасырдың басында бұл киіз үй Нижний Новгородта өткен Бүкілресейлік көрмеге, Париж қаласындағы көрмел
Нұрмағамбет 4 рет қажылыққа барған. 1908 жылы Меккеге қажылық сапарға барғанда Шам (Дамаск) шаһарынан қазақ елінен қажылыққа келушілер үшін арнайы үй сатып алған. Ол имандылықты насихаттап, ауылында ағаштан мешіт тұрғызған.
Нұрмағамбеттің үш жүздің басын қосып, әкесі Сағынайдың жылында берген асы айрықша мол, салтанатты болуымен тарихта қалған. Осы аста Ақан серінің атақты Құлагері мерт болған. Нұрмағамбет Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарған ұлт ісіне қаржылай көмек көрсеткен.
Ол жайлы Ш.Уәлихановтың еңбектерінде, С.Сейфуллиннің “Тар жол – тайғақ кешу” романында айтылады. Қазақ тарихында тағы бір осындай есім иесі - Паң Нұрмағамбет. Шын тегі Сағынайұлы болып келетін Нұрмағамбет байды халық тек байлығы үшін емес, ұлты үшін ұлы сөз сөйлеп, билігін жүзеге асыра алғандығы үшін «Жарты патша» атандырса керек.
Осы бір тұлға жайлы зерттеп, жа­рық­қа шығарушы қаламгер Мақсұтбек Сүлейменнің айтуынша, ол - Ақмола өңірінде асылтұқымды жылқы шаруашы­лы­ғын алғашқы дамытушылардың бірі. Нұр­мағамбет - ұлт үшін де ұлағатты істер тын­­дырып, байлығын сол жолда сарп еткен ерлердің бірі.
Мысалға, оның Алаш көсемдерімен үндес болып, оларға демеу­шілік жасағаны жайындағы мәліметтер мұрағаттарда сақтаулы. Алайда Паң Нұр­ма­ғанбет ел есінде әкесі Сағынайға берген асымен қалған.
1886 жылы берілген сол асқа 500 ақ үй тігіліп, оған 500 бұхар кілем ілінген, 5 тонна шай әкелініп, жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алын­ды. 10 мың көрпе-жастық, қонақтар­ға сыйлауға 500 бұхар шапаны әкелініп, Сібірден 500 бағалы аң терісі алынды.
20 мың қой, 100 жылқы сойыл­ды. Қазақстан Ұлттық энцикло­педиясында Арқада өткен Сағынайдың асына кеткен шығынның атақ­ты Тәж-Махал кесенесін салуға жұм­салған қаржымен бірдей бол­ғандығы жа­зылады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Ш.Уәлихановтың еңбектері;
 С.Сейфуллиннің “Тар жол – тайғақ кешу” (1995 ж.) романы;
 І. Жансүгіровтің “Құлагер” поэмасында;
 Степногор тарихи-өлкетану музейі  ғылыми қызметкерлерінің жазбаларында кездестіруге болады. http://srh.kz/content/mavzoley-pan-nurmaganbeta/