You are here
Қозы КӨрпеш - Баян С¥лу.
«Текст казахской поэмы записан в Кушмурунской степи Шоканом вместе с отцом в 1851 г. и передан тогда же учителем Омского кадетского корпуса Н. Ф. Костылецким И. Н. Березину. В фонде И. Н. Березина хранится также казахско-русский словарь, составленный в Омском кадетском корпусе по тексту кушмурунского списка поэмы «Козы-Корпеш и Баян-Сулу».
Кушмурунский список поэмы прежде хранился в рукописном отделе бывшего Азиатского музея Академии наук. К сожалению, в новом инвентарном списке, составленном после реорганизации музея в институт, его уже нет, и не известно, где он находится.
Ш. Уалиханов, как и многие русские ученые, придавал большое значение древней поэме «Козы-Корпеш и Баян-Сулу» и записал ряд ее версий, одной из которых является кушмурунская. Он писал: «Известная поэма «Козу-Корпеч и Баян-Сулу» пересказана мне была знаменитым Джанаком».
Этот акын был уроженцем Каркаралинских степей и мог передать версию, бытовавшую только в степях между Аягузом и Каркаралинскими горами. Эта запись Ш. Уалиханова еще не отыскана. Третий полный список поэмы «Козы-Корпеш» был записан от знаменитого акына Шоже в 1864 году в Омске, на квартире Чокана как раз перед отъездом в экспедицию полковника Черняева.
Данный текст приводится по «Турецкой хрестоматии», изданной И. Н. Березиным в 1876 г. в Казани. К сожалению, публикация И. Н. Березина весьма неудовлетворительная, в ней много ошибок и искажений. Возможно, они объясняются уровнем науки того времени или просто упущением типографии.»
(Кушмурунский список.)
Жоғартыннан көрінген сары ноғай,
Еділ суға таласқан мұ не тоғай?
«Қозы Көрпеш» дегенің біраз өлең,
Ептеп айтқан кісіге тым-ақ оңай.
Жігіттер, кісіге* сөзді кен етелік,
Жер ортасы жекенді* белгі етелік.
Жақсының аруағы қалмай ма екен,
Қозы-Көрпеш, Баянды тебіретелік.
Еділ-Жайық бойында жолдас болды,
Бірін-бірі екі бай танымайды.
Ат сұрамақ бұрынғыдан қалды дейді,
Сарыбай Қарабайға кімсің? - дейді.
Қарабай мен Сарыбай аңға келді,
Алдынан буаз марал душар болды.
Екеуі бір-бірінен өтінгенде,
Сарыбай атайын деп тұра келді.
Қарабай, Сарыбаймен аңға шыққан,
Екеуінің дәуірлеп даңқы шыққан.
Екі бай қосылған соң, келе жатса,
Алдынан буаз марал тұра қашқан.
Жақсы, жаман болмағы құдайдан-ды,
Бір бұлт жауайын деп шыр айланды.
Алдына буаз марал келгеннен соң,
Атқалы Қарабай мылтықпенен оңтайланды.
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелік,
Ортасында Көктебе белгі етелік.
Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,
Қозы-Көрпеш, Баянды тебіретелік,
Қыл-көпірден* адамдар жүрер еміс,
Әмме жанды сиратқа* айдар еміс.
Тыңдай тұрған ерінбей ерлер болсаң,
Ерте заман бір, екі бай болған* еміс.
Сол екі байдың жайлауы Түмен еміс,
Киік атып аң етін жеген еміс.
Екі байды сұрасаңыз, азаматтар,
Қарабай мен Сарыбай деген еміс.
Бай да болса көңілі тар секілді,
Тәңірі берген дәулеті бар секілді.
Малды беріп құдайым басты бермей,
Бір шыбындай перзентке зар секілді.
Қарабай мен Сарыбай аңға шықты,
Екі байдың мергендігі, даңқы шықты.
Екеуінің зайыбы күмәнді екен,
Ғайып жерден алдынан аң қашыпты.
Қарабай мен Сарыбай аңға барған,
Буаз марал алдынан душар болған.
Атамын деп Қарабай оғын салып,
Үйімде зайыбым буаз деп атпай қалған.
Көксеңгірден* екі бай бөкен тосқан,
Буаз марал алдынан душарласқан.
Буаз марал алдынан душарласып,
Атпаймын деп Қарабай қайта қашқан.
Жасағанның қазынасы көпті дейді,
Киік атып, аң етін жепті дейді.
- Буаз марал алдыңнан душарласты,
Неге атпадың Қарабай? - депті дейді.
- Жата-жата үйімде ішім пысты,
Жігіттікте көп қылдық мұндай істі.
Атамын деп үйімнен шығып едім,
Атар жерде көңіліме бір хиял түсті.
- Мергендікті қоймадың тамам дейді,
Душар келді бір марал саған дейді.
Душар келген маралды атпай қалып,
Хиялыңды айтсаңшы маған дейді.
- Әлде қалай болады заман дейді,
Буаз марал атпағым қалай дейді.
Менің зайыбым үйімде күмәнді еді,
Сол еске түскен соң атпағым обал дейді.
- Талай қызық көрерміз аман болса,
Мергендікті қоярмыз жаман болса,
Құда болар меніменен бар ма жайың?
Құдай перзент көрсетер заман болса.
Мұнан былай көрінген қарағайың,
Қолыңдағы балтаның сабы қайың.
Үйіндегі қатыны буаз еді,
Бұл маралды атпай тұр, Сарыбайым.
- Өзен судың бойында саға дейді,
Бұ тіліңді алайын аға дейді.
Менің дағы қатыным буаз еді,
Бұл маралды атпайын, баба, дейді.
Екеуміз бір-бірімізді сыналық-ты,
Қатынның буаздығын сұралық-ты.
Сіздің қатын біздің қатынмен буаз екен,
Екеуміз бір құдайға жылалықты.
Ереннің* үстіндегі сеңді дейді,
Құдайдың көрсеткені жөнді дейді.
Аңда жүріп а, баба, жолдас болдық,
Тамыр болсақ қайтеді енді дейді.
Екеумізді таптырған анамыз да,
Бір құдай барша жанға панамыз да.
Сіздің қатын біздің қатынмен буаз екен,
Дос та, тамыр қылалық баламызды.
Қыз болса қырық жеті болар дейді,
Шырағымыз бір құдайдың құлы дейді.
Екеумізден екі қыз туар болса,
Бір елге берелік мұны дейді.
Қарабай енді сонда күлді дейді,
Құдайдың көрсеткені жөнді дейді.
Екеумізден екі ұл туар болса,
Ақыреттік* дос болсын енді дейді.
Екеуміздің шешеміз ана дейді,
Үстімізде бір құдайым пана дейді.
Біреуі ұл, бірі қыз туар болса,
Құдай қосса, біз қосалық және дейді.
Аттан түсіп, сол маралды алмай ңалды,
Оның айтқан сол сөзді құдекең (қабыл) алды.
Торсықтағы малтаны шайып ішіп,
Іште жатңан балаға бата қылды.
* * *
Жиырмада жасым бар жылым тауық,
Екі бай құда болып, қылды сауық.
Алыстан кім екенін танымаймын,
Бір адам елден шықты, қатты шауып.
Қарабай, Сарыбай мен аңға желген,
Бір адам шыбын болып үйден келген,
Ол адам келді-дағы үндемеді,
- Неге асығып жүріпсін жаным деген?
-Үйіңдегі мал-жаның аман дейді,
Қуантқалы келіп едім Қарабайды.
Қыз тапты қатыныңыз бүгінгі күн,
Сүйіншіге шапқылап келдім дейді.
Қарабай мен Сарыбай бата оқыған,
Бата оқыған жерінде хате оқыған.
Қосқанының белгісі сол емес пе,
Түсе қалып сол жерде жата оқыған.
Жиын қылып Қарабай бие сойған,
Бір биенің етіне жұрты тойған.
Қарабайдың зайыбы қыз тауыпты,
Баян сұлу болсын деп атын қойған.
Аякөздің бойынан ел ауыпты,
Қылады екен Сарыбай бек қауіпті,
Үш күндейін толғатып азаматтар,
Сарыбайдың зайыбы ұл тауыпты.
- Сарыбай қайсы жаққа кетті дейді,
Бір тазша сүйінші тілеймін депті дейді.
Елден бұрын сүйінші тілеймін деп,
Сарыбайдың алдына кепті дейді.
Қарабай мен Сарыбай аңға желген,
Бір адам тұра шауып елден келген.
Шауып келген кісі кім болады деп,
Сарыбай мен Қарабай тура жүрген.
Сарыбайдың дәулеті шеннен асқан,
Шапқан кісі бұларға жақындасқан.
Сол кісінің кім екенін сұрайын деп,
Сарыбай оған таман қадам басқан.
- Аман ба екен үйдегі малым дейді,
Мұнша асығып, қай жаққа барасың, залым, дейді.
Атың арып, өзің сондай болдырыпсың,
Не жаймен жүріпсің тазшам дейді.
- Жол болсын деп сұрайсыз ба бізден, - дейді.
Келгенімді білдіңіз бе, мырзам, дейді.
Қатыныңыз бүгінгі күн бір ұл тапты,
Сүйінші сұрай кеп тұрмын сізден дейді.
Жаңа жақсы болды ғой көңілім дейді,
Үшбу* сөзің көңіліме мәлім дейді.
Ондай атты күн туса, жаным тазша,
Төрт түлік мал берейін саған дейді.
Адамдардың таразасы теңде дейді,
Патшалардың алдары кеңде дейді.
Біреуі ұл да, біреуі қыз болыпты,
Қозы Көрпеш, Баян ат қойды дейді.
Екі бай бір-біріне қадам қойды,
Қатыны ұл тапқан соң көңілі тойды.
Біреуі ұл, біреуі қыз болғаннан соң,
Екі мырза елге таман жарыс қойды.
Қарабай Сарыбаймен желген екен,
Марал қағып бір тауға келген екен.
Қарабай мен Сарыбай жарысқанда,
Сарыбай елге жетпей жығылып өлген екен.
Қарабайдың мінгені ақтан кер-ді,
Жол үстінде өліп қалған қайран ер-ді.
- Қасыңдағы жолдасың жығылды-ай деп,
Шауып барып Қарабайға хабар берді.
Қарабай келе жатып бір қара көрді,
Өліп жатқан жан жолдасын жаңа көрді.
Өліп қалған кісіні нетейін деп,
Елге қарап Қарабай жүре берді.
Қарабай қартайғанша бой бойлайды,
Шер жүзіне сыймаған мал айдайды.
Жетім ұлға қызымды бермеймін ден,
Өз үйіне келген соң ой ойлайды.
Сарттар сауыр басады талқыменен,
Ерге жабдық жарасар нарқыменен.
Жетім ұлға қызымды бермеймін деп,
Қарабай көшіп кетті халқыменен.
Өлеңімнің басы еді Ғабділбашар,
Құдайым қуат берсе, жолымды ашар.
Қарабайдың елдері көшкенінде,
Қозы Көрпеш бала еді жалғыз жасар.
Сарыбайды, жігіттер, құдай алды,
Ақырзаманды құдайым бұлай салды.
Көше қашып Қарабай кеткен екен,
Жесір қатын, жетім ұл білмей қалды.
Тамам молла жиылып оқыр хатым,
Жеткізіпті Сарыбай жұртқа датын.
Сарыбайдың қатыны ұл тапқан соң,
Қозы Көрпеш қойыпты оның атын.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейлерін кескен екен.
Қатынымыз қыз тапса екеуі де,
Қол боқшасы бір болсын дескен екен.
Екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейлерін кескен екен.
Зау заман* екеумізден екі ұл туа қалса,
Таң қалғандай дос болсын дескен екен.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейлерін кескен екен.
Біреуі ұл, біреуі қыз болғанда,
Құдай қосса, біз қостық дескен екен.
Ақ хан өліп, Қара хан босқан екен,
Көксеңгірден киікті тосқан екен.
Қозы Көрпеш құрсақта, Баян іште,
Іште жатқан екеуін қосқан екен.
Көшіп кетті Қарабай оған көнбей,
Сол кеткеннен кетеді, қайтып келмей.
Айтып қосқан қосағын Қозыкенің
Сол Қарабай кетеді-ау қайтып бермей.
Қозы Көрпеш жерінде ойнайды-мыс,
Дегеніне бір жетпей қоймайды-мыс.
Бір, екі [жыл] болған соң Қозы Көрпеш,
Тамам бала жиылып ойнайды-мыс.
Жасы кіші, ағаға іні болды,
Жігіттің өз бойына міні болды.
Екі жасқа келгенде Қозы Көрпеш
Шешесіне тамақ берген күні болды.
Үш жасында ештеме ойламайды,
Төрт жасында дәнеме болжамайды.
Бес жасқа келген соң Қозы Көрпеш,
Кісілерге бір ауыз сөз айтып, ойнамайды.
* * *
Айтайын Қозы Көрпеш өлең жаттап,
Алты жаста тұрады-ау халқы мақтап.
Жеті жасқа келгенде Қозы Көрпеш,
Өз ауылын қондырады өзі бастап.
- А, шешеке, көрсеткені құдайдың жөн-ді дейді,
Моллалардың салғаны дем-ді дейді.
А, шешеке, ойнарға жолдасым жоқ,
Маған жолдас тауып бер, енді дейді.
- А, балам, күліп ойнап қала көр дәрменсіз боп,
Есебі жоқ, сансыз сенің дәулетің көп.
Саған қайдан табайын мен жолдасты,
Өзіңменен бір туған бауырың жоқ.
- А, шешеке, мен бір жарлық сұрайын ба,
Бермесең де сертіңде тұрайын ба?
Бәле тазша мұнда бір жақында бар,
Тазшаменен ойнауға барайын ба?
- Мен едім сені тапқан анаң дейді,
Бір қолымда қағаз бен қалам дейді.
Адыра қалғыр тазшаны не қыласың,
Ұрыспасаң ойнай бер, балам, - дейді.
Қозы Көрпеш жүреді екен сөздің түбін болжай,
Сұлулықтың белгісі шаңқан боздай.
Онбір жасқа келгенде Қозы Көрпеш,
Келген екен тазшамен ойын ойнай.
- Ай, тазша, сенің атың малай дейді,
Айтатұғын сөзім бар талай дейді.
Үйімнен сені тазша іздеп келдім,
Асық ойнар ауқатың қалай дейді.
- Ай, Қозы Көрпеш сен өзің нұрлы дейді
Үйімде бір қарам жоқ, сорлы дейді.
Сен үйіңнен бізді қалап келген болсаң,
Асық ойнар көңілім бар-ды дейді.
Қозы Көрпеш сол күнде малды дейді,
Ақылы жоқ тазшаны - жарлы дейді.
Қозы Көрпештей ойынның жайын біл-мей,
Тазша ұтылып асықтан қалды дейді.
Қозы Көрпеш саған не керек дейді,
Жауған қардай бораған қызық дейді.
Ақылы жоқ сұм тазша ойнағанда,
Өз сақасын өзі сыйлап берді дейді.
Қозы Көрпеш, мен бір жауап айтайын саған дейді,
Түрлі болған халықта заман дейді.
Мұнан былай сенімен ойнамаймын,
Өз сақамды беріп кет, маған дейді.
- Қолыңа ұстағаның бақан ба еді,
Тазшам саған бір өлім тақалды енді.
Өз қолыңнан өзің сыйлап бергеннен соң,
Қайта неге сұрайсың сақаңды енді.
Өлең айтып жүремін ертеңді-кеш,
Саған қылған Қозы Көрпеш еңбегім еш.
Қайныңа бармай жүрген жаман мұндар,
Өз сақамды беріп кет, Қозы Көрпеш!
Өштес қылған екеуін құдай ма екен?
Жаман сөзді Қозыкем тыңдай ма екен.
- Қатыныңа бара алмай маған келіп,
Асығымды алды деп жылайды екен.
- Сен тұра-тұршы, а, тазшам, қан қылғандай
Ақылымнан адастым дал қылғандай.
Сақа түгіл, а, тазша, ат берейін,
Менің қайным кім деген жан болғандай.
- Садағыма салғаным қайыңнан оқ,
Қозы Көрпеш бұ күнде дәулетің көп.
Наразы болдым сақамды бермеген соң,
Өтірік айттым, құда болған бұ жерде тірі адам жоқ.
- А, тазша, мен әлі қарап тұрмын көңіліңе,
Кел, қоярмын жұдырықпен тас төбеңе.
Қайының бар деп сен өзің маған айттың,
Енді сені қоймаймын өз еркіңе.
- Қозы Көрпеш қорықпаймын ақырсаң да,
Өтірікті, сірә, айтпаймын бақырсаң да,
Ойлап тұрсам, сенің қайның тіпті де жоқ,
Басымды ала кесіп өлтірсең де.
- Құдай қосқан қосақтан қалмаймын ғой,
Жамандықты, сірә, есіме алмаймын ғой.
Өтірікті айтасың сәрсең қылып,
Тазша сенің тіліңе, сірә, нанбаймын ғой.
- Құдай саған бермеген сана деймін,
Ештемені білмеген бала деймін.
Менің айтқан тіліме нанбасаңыз,
Үйіңе барып шешеңнен сұра деймін.
- Жүруші едім [еш] нәрседен көңілім қайтпай,
Сен қайтардың көңілімді рас айтпай.
Кішкенеден қостырған қосағымды,
Шешем өтірік неге айтсын, рас айтпай.
Қозы Көрпештің мінгені қарагер-ді,
Құдай тағала сол жерде ақыл берді.
Сол тазшадан үмітін үзгеннен соң,
Есігін сарыт ұрып үйге кірді.
Қозы Көрпеш келе жатып көзін сүзді дейді,
А, шұнақ тазша, оның ойын бұзды дейді.
Тазшадан наза болып* келе жатса,
Байқамастан бір өрмекті үзді дейді.
- Алдыңдағы құрылған мынау ормек,
Өрмектей өтірікші қыла бермек.
Алдыңдағы өрмекті неге үздің
Қатыныңнан айрылған сұм жүгірмек.
- Ай, енеке, маған қылған ермегің де,
Естірші мен жамайын өрмегіңді.
Менің қайным қай жақта, жан енеке,
Үшбу жерде төлеп кетейін өрмегіңді.
- Садағыңа салғаның ақ қайың оқ,
Екі қайтып келмейді дүние боқ.
Өрмекті үзген соң кейіп едім,
Ойлап тұрсам а, балам, қайының жоқ.
- Сауыр етіктің табаны талда болса,
Қырық кісінің ақылы ханда болса.
Сірә еркіңе қоймаймын, жан енеке,
Қайынымның турасын айт, әлде болса.
- Барша жанның сыйынғаны бір құдайым,
Құлағың сал, а, балам, кеп қылайын.
Тоқсан қабат айтсаң да қайының жоқ
Тынышымды ала берме сұмырайым.
- Адамды сөйлеттірген тіл менен жақ,
Кемпір саған байладым бір аруақ.
Сірә тынышыңды қоймаймын, ай енеке,
Ашуланбай жылдам-ақ қайнымды тап.
- А, балам, енді саған қайрылмаймын,
Бұ сөзіңнен еш қорқып қайғырмаймын.
Қалай айтсаң, солай айт, сұмырай балам,
Не қылсаң да сол сөзден айрылмаймын.
Қозы Көрпеш атқа мініп желген екен,
Сұм кемпірдің тіліне ерген екен.
Қу тазшадан бірдеме есіткен соң,
Ашуланып үйіне келген екен.
* * *
Қаратаудың бетінде қара тас-ты,
Жығылғанда сүйегей қарындас-ты.
- Кіріп келсең шошыдым сенен балам,
Шырағым, саған не болып мұнша өңің қашты?
- Шешеке, бір сөзім бар айтатын саған дейді.
Қырлы болған халықта заман дейді.
Асық ойнап, қарным ашып келді,
Бидай қуырып өз қолыңнан маған берші, - дейді.
- Баланың қасын-көзін көрсем дейді,
Қасыма шырағым, келсең дейді.
Қарның ашып, өңің қашып (қайдан келдің),
Қолымнан бидай қуырып берсем дейді.
Баласының көзінен аққан жасы,
Бауыры жоққа еш қайғырмайды жалғыз басы.
- Шешеке, қосқан жарым қайда дейді,
Қалыңдығым атын айт, кім әкесі?
Қозы Көрпеш мінгені көк-ті дейді,
Сөйлеуге қызыл тілім епті дейді.
-Күйінгеннен айтамын жалғыз балам,
Қосқаны рас еді депті дейді.
- Әуелгі моллалардың жазган хаты,
Бұзылмас патшаның шариғаты.
Қосқаны бір сұлуға рас болса,
Кім екен маған қоскан жардың аты
- Кішкенеңнен жүруші ең көкше қоян,
Жақсы-жаман екені өзіме аян.
Алыс кеткен немені іздей көрме,
Қосқаныңның аты еді сұлу Баян.
Қозыкенің көңілі тынбайды-мыс,
Жаман-жақсы адамды сынайды-мыс.
Бұған бидай қуырды шешекесі,
Салып берсе табақтан жемейді-мыс.
Менің айтқан Қозыкеме бұ бір кеңес,
Қозыкеге шешесі ләм деп айтушы емес.
Қозыкенің көңілінде әлде не бар,
Қазанымен берсе де тағы жемес.
- Қаз келеді, ай, шешеке, атайын да,
Ұйқым келді төсек сал жатайын да.
Еңбекпенен өсірген, жан шешеке,
Қолыңменен берсеңші татайын да.
Не жамандың Қозыке көрді дейді,
Баласының тіліне ерді дейді,
Алдағанын Қозыке қайдан білсін,
Қолыменен шеңгелдеп берді дейді.
- Шеше, сенен көрмедім пайда дейді,
Мың жылқыңды өзің ал, енді дейді.
Ыссы бидай қолына басып алып,
- Құдай қосқан қосағым қайда дейді?
- Қолым күйді, ай балам, қайтейін мен,
Қайның жоқ өтірік немді айтайын мен.
Тілі күйгір кім еді мұндай қылған,
Сәрсең қылған кім еді жоғалтайын мен.
- Тазша бір сөз айтты ғой маған кеше,
Қолың күймек түгіл, бүріссін, маған десе.
Кішкенеден қосылған қосағымды,
Енді қалай айтпайсың, маған шеше?
- Бұ жалғанда еш көзі ашылмасын,
Іздеймін деп сұрайсың жолдасың(ды)
Телі* өскен көңіліңді тентек қылып,
Ау, естірген кім еді, еш оңбасын.
* * *
Оғың жондыр Қозыкем тазқарадан,
Жасынан-ақ тілейді азғанадан.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Тұрып кеңес сұрайды-ау бозбаладан.
Есітіпті Баянды көңіліне тоқ,
Бір ойнаса жарымен арманы жоқ.
Кеңес сұрап тұрады бозбаладан,
Оңды кеңес айтпайды бозбала боқ.
Ақ сақалды бір үйге төрелетіпті,
Алып келіп тазшаны жырлатыпты.
Алып келіп тазшаны жырлатқан соң,
Құлақ салып ақсақалдарға тыңдатыпты.
- Дүниеден осылай (мен) өтейін бе?
Құдай қосқан қосаққа жетейін бе?
Құдай қосқан менің сол қосағыма,
Іздейін бе, яки іздемей кетейін бе?
- Қозыкем сен тәубеңді жаңылыпсың,
Еш көрмеген Баянды сағыныпсын.
Сондай жақсы қалыңдық алып берсек,
Ерте кеткен Баянды не қыласын.
Тамам қызды бір үйге салды дейді,
Ағаларға көңілім қалды дейді.
Енді қыздан бір кеңес сұраймын деп,
Жүгіргеннен қыздарға барды дейді.
- Суға біткен солқылдақ жекен деймін,
Құдай қосқан қосағым екен деймін.
Құдай қосқан қосақты сағынамын,
Ал, апалар, іздесем бе екен деймін?
- Қартайғанша ер жігіт «қыз» дер болар,
Жасы үлкенді өзінен «сіз» дер болар.
Ол айтқаның жарықтығым рас дейді,
Құдай қосқан қосағын іздер болар.
- Ондай кеңес сайтандық көнбегейсің,
Өз ойыңдай Қозыкем көрмегейсің.
Өз ақылың өзіңе болатұғын,
Ұрғашының тіліне ермегейсін.
- Көргенім жоқ Баянды, өзі қандай?
Беті айдай деседі, бойы талдай.
Ерте кеткен Баянды іздемейін,
Баяндай қыз бар ма екен, сірә, сондай?
- Тілімді алсаң Қозыкем бара көрме,
Ондай ойды көңіліңе ала көрме.
Телі өскен көңіліңді тентек етіп,
Сен Баянды есіңе сала берме.
- Жүруші едім адамнан коңілім қалмай,
Енді қайтіп жүрейін есіме алмай.
Көңілім менің таразы тымық таппас,
Әкем қосқан Баянға сірә бармай.
- Мен бір сөзді айтармын көңілің қалар,
Қодар деген бір құлы ғаяр* болар.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Бір шыбындай жаныңа зиян болар.
- Үй демеңіз, сынады сағым дейді,
Қарабайда кетіпті-ау ақым дейді.
Қарабайдан ақымды ала алмасам,
Мұнда жүрсем тең құрбым «қатын» дейді.
- Айтса-дағы Қозыкем тіл алмайсың,
Барғаннан соң сен қайтып келе алмайсын.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Енді қайтып бұл жұртты көре алмайсын.
- Есен болсам, мен қайтып келейін де,
Келе алмасам, сол жолда-ақ өлейін де,
Құдай қосқан қосағым сұлу Баян,
Қодар құлға не қылып қияйын да?
- Құрт алайын жол азыққа төрт-бес аяқ,
Бөлініп қалған жылқыдан бұ бір саяқ.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Қодар атты құлыңнан жесем таяқ.
Айтып салды бірнеше әлде қалай,
Өзің оңда жасаған, аллатағала-ай.
Алла бұйырса, жұртым, мені жіберіңіз,
Құлдан таяқ жегенше алсын құдай.
- Не табасын Қозыкем онда барып,
Қодар құлдар алмасын жүрегің жарып,
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Тентек Қодар қоймасын басыңды алып.
- Қалдырмай айтып жіберіңіз енді ғана,
Мұнда қорқытып тұрсын жұртым ғана.
Менің әлім жоқтығын қайдан білдің,
Құлдан өлсем жатайын тұрмай ғана.
- Еш басыңа жамандық келтірмесін,
Кім табады* құлдардың білдірмесін
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Қисық еді Қодар құл өлтірмесін.
- Қодар, Қодар дегенің кімге сірә,
Құлдан өлсем жатайын құным сұрама.
Екі сөздің ішінде, өлімді айта бердің,
Жорығаның қалай еді жұртым сірә.
- Мақтана тұр Қозыкем мұнда тұрып,
Қайтіп алар екенсін Баянды, құлдарды ұрып.
Сол алпыс кұл ортаға бір алған соң,
Өлмек түгіл, қаларсың оба тұрып.
- Жан болмаймын жарымды құлға берсем,
Сөйлетпес те құрбыларым мұнда жүрсем,
Не болса да, а, жұртым, жіберіңіз,
Жатқанымнан тұрмайын құлдан өлсем.
- Талай кеңес үйреттім енді, ботам,
Кеңесімді алмайды сондай адам.
Кеңесімді алмадың кері барғыр,
Білгеніңмен бола көр енді, ботам.
* * *
- Қаз келеді, ай шеше, атайын да,
Бидай қуыр қолыңнан татайын да.
Атымды ерттеп, ай шеше, азық берші,
Әкем қосқан Баянға кетейін де.
- Ойбай, балам, ай балам, кете алмассын,
Аякөздің бойынан өте алмассын.
Телі өскен көңіліңді тентек етіп,
Ерте кеткен Баянға жете алмассын.
- Ойбай, шеше, ай шеше, кетерекпін,
Аякөзден құдай жол берсе өтерекпін.
Сол Қарабай кеткелі жиырма жыл,
Жиырма жыл қусам да, соңынан жетерекпін.
Көздің жасын көл қылып төкті дейді,
Бір тазша не қылса да түбіме жетті дейді.
- Көзім жасы көл-дария болды, балам,
Онан қайтіп өтесің депті дейді.
Қозыкемнің мінгені көк-ті дейді,
Жасағаннан тілегім көп-ті дейді.
Көзің жасы көл-дария болса, шеше,
Көпір салып өтермін депті дейді.
Көздің жасы көл болып тағы толды,
Бір тазшаны жұрт жиылып сөкті дейді.
Қайғылының қырық бөрі бар-ды, балам,
Онан қайтіп өтерсін тағы дейді.
- Алдыңда дауылдаған қау бар, балам,
Аспанменен сөйлескен тау бар, балам.
Онан қайтіп өтесің жолдасың жоқ,
Қылышынан қан тамған жау бар, балам.
- Мені де Қозы Көрпеш деп мақтамай ма,
Қай-қайдағы жарлылар бұ үйді жақтамай ма,
Қылышынан қан тамған жау болса да
Бір құдай онда бізді сақтамай ма?
- Той сайын айтушы едім өлең бастап,
Үнімді тұрушы еді халқым қостап,
Тәңіріден тілеп алған жалғыз едің,
Шешеңді кетемісің жалғыз тастап.
- Әуелі сыйынғаным бір құдайым,
Ақыл үлкен болады күн-күн сайын.
Әкем қосқан Баянға жетейін де,
Әзір, шеше, сені мен не қылайын.
- А, балам, мен кісіге қимаймын көйлегіңді,
Қарашы, қара құл тұл күнде-күнде,
Кімге қиып кетесің, жалғыз балам,
Тоқсан қопа толулы жылқыңды енді.
- Қарағайлы бел шоқы кеткеннен соң,
Жақсының аруағын тербеткен соң,
Пайдасы жоқ жылқыңды не қылайын,
Сансыз жауға жолықсын мен кеткен соң.
- А, балам, айтпаймын мен оңайды енді,
Көрсетейін тал шыбықтай боныңды енді,
Барма десем, болмадың байғұс, балам,
Кімге қойып кетесің, отыз қопа қойыңды енді.
- Әкем қосқан жарыма жетейін мен,
Қайтіп бармай жатайын, терезең тең.
Пайдасы жоқ қойыңды не қылайын,
Аш бөріге жолықсын мен кеткен соң.
- Сен кеткен соң таянайын бүйірімді,
Құдай білер бұ жерде жүреріңді.
Оны қайтіп қиясын байғұс балам,
Он бес өлке толған сиырыңды.
Қарайын мен найзамды қолыма алып,
Отырамын қолымды балға малып,
Пайдасы жоқ сиырыңды не қылайын,
Мен кеткен соң жолықсын аусыл мәлік.
- Ондайыңды көп айтпа маған дейді,
Аллам оңды жасатқан тобам дейді.
Қиқулының қырық бөрі келсе жетіп,
Қырық кез оғым жалынсын оған дейді.
- Ойлай берсе, ой түбі қайда кетпес,
Жұртын тиған Қодарға әлің жетпес.
Тілімді алсаң, Қозыкем бара көрме,
Асқаралы таулар бар адам өтпес.
Айһай шеше, ай шеше жетерекпін,
Құдай қосқан жарыма жетерекпін.
Асқаралы тауларың душар болса,
Қылышпенен жол салып өтерекпін.
- Айһай балам, ай балам, барасың ба,
Менен кетіп барқадар* табасың ба?
Тілімді алсаң Қозыкем бара көрме,
Қырық күншілік шөлі бар, өлесің бе.
- Алдыңа мен енді кірмен, шеше,
Өзге қызбен дәуренді сүрмен, шеше.
Құдай қосқан жарымды естіген соң,
Адам болып жүре алман енді, шеше.
- Барамын деп, ай балам, бара алмассын,
Ерте кеткен Баянды таба алмассын.
Елі-жұртың қақсайды бармасын деп,
Жұрттың тілін алмасаң оңалмассын.
- Қалтақ балам жүрмісін кетейін деп,
Кетіп мені сергелдең етейін деп.
Айтсам тілім алмадың, ей жүгірмек,
Ажалыңа асығып жетейін деп.
- Айһай шеше, ай шеше, кетейін де,
Құлдан өлсем жан болып нетейін де.
Мұндай бізді қақсатқан әркез оңбас
Қарабайдың түбіне бір жетейін де.
- Асқан тауы бір қиын белді, балам,
Мұнша неге қақсаттың мені, балам.
Айтсам тілім алмадың ей жүгірмек,
Ажал айдап жүр екен сені, балам.
- Шеше, мұнша мұқаттың қажырымды,
Мен білгемін аллаға жазарымды.
Енді бұлай болған соң кеткенім (жөн),
Құлдан салса көрермін ажалымды.
- Жайып қойған түсерсін торға, балам,
Бір шыбындай жаныңды қорға, балам.
Арасында аңдыған жауы көп-ті,
Өлім іздеп жүрмесең барма, балам.
- Ақылыңды тұратұр бөлмей, шеше,
Тірі болсам кешікпей келем, шеше.
Құдай қосқан жарымды іздемесем,
Не қылайын жан болып өлмей, шеше.
- Қақсап қалсын Қарабай мұндай, балам,
Сонан әрі кетерсін келмей, балам.
Айтсам, тілім алмадың, ей жүгірмек,
Қайтып сонан келмессін өлмей, балам.
- Ажалды құл әр жерде өлмей ме екен,
Тірілер күн, тірі кісі көрмей ме екен.
Ай, шешеке, бұ дегенің, не дегенің,
Қайнына барған кісі келмей ме екен.
- Қопаға бөлек біткен қарағым-ай,
Дөңгелек жылқыдайын тұяғым-ай.
Көзімнен таса болсаң өлмеймін бе,
Келмес деп шошимын шырағым-ай.
- Ақылыңды тұратұр бөлмей, шеше,
Тірі болсам кетпен-ді, келмей, шеше.
Сәрсең қылған сол мені Қарабайды
Қара жерге қойман-ды енбей, шеше.
- А, балам, қысамысың көтіңді енді,
Сен тұрғанда дүнием бүтін еді,
Барма десем болмайсың жалғыз, балам,
Кімге қиып кетесің сүтіңді енді!
- А, шешеке, күміс қостың айылыма,
Қазақ қарап тұрады қайырыма.
Барма дейсің байғұс шеше (ұзын жолға),
Қайтіп бармай жатайын қайыныма.
- А, балам, саған айттым базынамды,
Шешесі [іздер] сен кеткен соң тірі жанды.
Он лавке толған, сорлы балам,
Кімге қиып кетесін қазынаңды.
- А, шешеке, не болады жігітті еңіреткен соң,
Немене айтып айтпай күн өткен соң.
Ол он лавке бұйымыңды не қылайын,
Талаулы орынға жолықсын мен кеткен соң.
- А, шырағым, жылап тұрмын күнімен
Көңілімді уатайын кіміңменен.
Болмайсын барма десем, жалғыз балам.
Шешеңді тастамаймысын шыныңменен.
- Мен қайтейін (тіл алмай) кеткеннен соң,
Жалғыз қалған шешеден (безгеннен) соң,
Емшек берген әрі жат, - дерсін балам,
Баян сұлу жарыңа жеткеннен соң.
- Айыр емшектен сүт берсең емейін де,
Емген сүтім татыпты көмейімде.
Ондай атты күн туса ай, жан шешеке,
Емшек берген, әрі жат, демейін де.
- Сен кеткен соң, ай балам, мен өлермін,
Кеткеннен соң ішімнен күңіренермін.
Еңбекпенен өсірген жарықтығым,
Сен кеткен соң мен қайтіп күн корермін.
- Сен өлмессін, ай шеше, мен олермін,
Қыса болып, бармасам, енді өлермін.
Өледі деп жылама, мені шеше,
Есен болсам, меп қайтып бір келермін.
- Асқан тауы бір қиын белде, балам,
Ерте кеткен таппасын елді, балам.
Айтсам тілім алмадың, ей жүгірмек,
Кетсең сірә [сен] жоқсын енді маған.
- Бармай осылай дүниеден өтпен, шеше,
Қалай қусам мен соған жетпен шеше
Қарабайдан ақымды алғаннан соң,
Қайтып саған бір келмей кетпен, шеше.
- Тәңірі шешер көңіліңнің ағын, балам,
Жарна болар малыңды бақсаң, балам.
Тілімді алмай барасың, ей жүгірмек,
Енді маған сен жоқсын кетсең, балам,
- Артылған соң тоқтамас қосым, шеше,
Еш қайғырар жоқ менің достым, шеше.
Енді былай болған соң кеткенім жөн,
Көріскенше күн жақсы болсын, шеше.
- Айһай, балам, ай балам, кетемісін,
Кетіп (мені) сергелдең етемісін.
Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,
Мұнан кетіп мұратқа жетемісін.
- Ақылымды аузыма салар, шеше,
Баяндай қыз алашта бар ма, шеше.
Жақсы жолға барайын деп (мен) тұрғанда
Жаман сөзді аузыңа алма, шеше.
- Ала тұрған Баянды сен бе, балам
Сенің жұртың бұл сенген ел ме, балам.
Айтсам тілім алмадың, ей жүгірмек,
Барғаныңнан қайтып енді келме, балам.
- Санаменен сарғайып іші толсын,
Естірткен сол тазша байғұс болсын.
Ақ сүтіңді емгенмін сенің шеше,
Маған деген қарғысың алғыс болсын.
- Айһай, балам, ай балам, менен кеттің,
Телі өскен көңілімді тентек еттің.
Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,
Еш қызығың көрмейінше өнер бастың.
- Қақылдайды, қақсайды жазған балаң,
Қақсасаң да, ай шеше, жоқпын саған.
Осы жолда сен мені қарғай бердің,
Емшегіңнің ақ сүтін аруланбай.
* * *
- Құдай маған қоймады ата дейді,
Қылған екен атам маған бата дейді.
Құдай қосқан жарымды іздер едім,
Қандай атты мінемін апа дейді.
Есен-аман Қозыкем жүре көрші,
Жарыңменен бірге ойнап күле көрші.
Жүгеніңді сылдырат жаным, балам,
Қарағанын бетіңе міне берші.
Қонған жері аулының көп қараған,
Мың жылқыны шұбыртып ат қараған.
Мың жылқыдан бір жылқы қарамады,
Қозы күрең жаман тай жалт қараған.
Қозы күрең жаман тай қарап тұрды,
Ұстай алып мойнынан жүген ұрды.
Мың жылқыдан бір жылқы қарамады,
(Ат) тоқымы (бұлайша) қайда құрыды.
Жүгендесе жаман тай құнан болды,
Ақырзаман қараңғы тұман болды.
Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,
Не басыңа сенің (балам) ылаң болды.
- А, шешеке, менің сөзімде болмас қата,
Әкеміз қайныңа бар деп қылды бата.
Шешеке, қайныма баруға мойын қойдым.
Менің мінер жылқымның түсін ата.
- Үйімде мен отырған адам дейді,
А, балам, сенен кетті мазам дейді.
Жүгіріп жүген алып барғаныңда,
Бетіңе қараса, соны мін, балам, дейді.
Жайлауы Сарыбайдың Шатқара еді,
Қозы Қөрпеш сан жылқыдан ат қарады.
Жылқыдан ат мінгелі барғанында,
Жабағы күрең бетіне жалт қарады.
Қонғаны ауылының сай болады,
Ондағы жұрт толықсып бай болады.
Құрықты бисмилла деп салғаннан соң,
Жабағы қозы күрең тай болады.
Жердегі жорғалаған жылан болды,
Ауыздағы әр сөзім өлең болды,
Арғымаққа лайық қозы күрең,
Жүгендеп жатқанында құнан болды,
Молланың оқығаны кәләм болды,
Жаман малың түгелімен ешкі болды.
Арғымаққа лайық қозы күрең
Жайдақ жортып жөнелгенде дөнен болды.
Кигені кедейлердің ескі болды,
Арғымаққа лайық қозы күрең,
Үйінен жөнелгенше бесті болды.
Ерттегенде құнаны дөнен болды.
Құдай оңдап, сақтағын деген болды.
Ерте кеткен Баянды іздемейін
Баяндай қыз бар ма екен, мұнда өңді.
Өзі мінсе дөнені бесті болды,
Санаменен сарғайып іші толды.
- Ей, жасаған, бір құдай өзің оңда,
Көргенім жоқ бұрын-ау еш мұндайды.
Алты жасар бестісі ат болыпты,
Бір сөз айтса түге жұрт мат болыпты.
Қозыкемнің соры ғой азаматтар,
Бірге жүрген Қарабай жат болыпты.
* * *
Қозы күрең астына мінді дейді,
Құрсай садақ беліне ілді дейді.
Періштелер түсіне аян беріп,
Қосыларын Баянға білді дейді.
Қозы күрең мінді де кетті дейді,
Көл-дарияның бойына жетті дейді,
Көл-дарияның бойына жеткеннен соң,
Көпір салып үстінен өтті дейді.
Жүреді екен Қозыке сөзге қанып,
Құдай қойды көңіліне қайғы салып,
Енді іздемек болыпты сол Баянды,
Арымас ат, таусылмас азық алып.
Қозыкеме жиылды жұрты дулап,
Азаматым тұра тұр, мұны тыңдап.
Күн көремін деп жүрген жалғыз ұлдан,
Қайран ана, айрылып қалды жылап.
Әуре сәрсең құдайым нетіп едім,
Әурешілік жолменен кетіп едім.
Жүрген сайын жолыма кесір қылып,
(Ей), жасаған құдайым, нетіп едім.
Жолдан бұрма, Қозыкем атың суар,
Баянға қыз алаштан қайдан ұқсар.
Бір бөгеуден құтылып бара жатса,
Қиқулының қырың бөрі болды душар.
Үш уақытта аллаға жүрдім жылай,
Әуре сәрсең қылдың ау (мені) былай.
Бір бөгеуден құтылдым деп едім ғой,
Тағы да аңдып жүр ме едің, мені құдай.
Жұрт жақтырып сөзімді қалқалаған,
Қайғырмаңыз өткен соң енді оған.
Қайтатұғын бір амал болар ма деп,
Қасқыр болып шешесі доталаған.
Ғазрайыл* келіпті жәббәр пәрмән,
Бір саған зор келе қалса жаның қарман.
Мен де өзіңнің жаратқан бендең едім,
(Бір) жасаған болмаса кетті дәрмен.
Кете алмайды Қозыкем үйге қайтып,
Сәрсең қылды сол Тазша қайдан айтып.
Қиқулының қырық бөрі келсе жетіп,
Қырық кез оқпен кетіпті бір-бір атып.
Қозы Көрпеш іздейді ауған елді,
Аллатағалам жаратты асқар белді.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Асқарлы бір тауға тағы келді.
Арымас ат, таусылмас ас болыпты,
Таусылмастай азығын мол алыпты.
Асқарлы сол тауға жетіп келіп,
Қылышпенен шапқылап жол қылыпты.
Жалғыз туған бір ұлдан ел қашыпты,
Асқарлы сол таудан бел асыпты.
Бір бөгеттен құтылып бара жатса,
Он екі айлық, қырық күншілік жол басыпты,
Сәрсең болды Қозыке үйден кетіп,
Он екі айлық, қырық күншілік жерге жетіп.
Он екі айлық, қырық күншілік жолдан өтіп,
Ел шетіне Қозыкем келді жетіп.
Үш уақытта сыйындым алла саған,
Мұндай қатты азапты қылдың маған.
Әрбір жерде сақтаушы бір өзіңсің,
Ендігіден сақтай көр, құдай тәубәм.
* * *
Қозы күрең асыпты белді дейді,
Жаңа тапты Қозыкем елді дейді.
Айдалада қаңғырып бара жатып,
Бір кемпірдің қасына келді дейді.
Сол кемпірді көрген соң желді дейді,
Нақ қасына кемпірдің келді дейді.
Әлде қалай бұ да бір адам да, - деп,
Қол қусырып сәлемді берді дейді.
Қозыкенің сәлемін алды дейді,
Ол бір сана көңілге салды дейді.
Қол қусырып Қозыкем сәлем берсе,
Таң тамаша сол жерде қалды дейді.
- Көкірегің қайғылы, көңілің жарық.
Қай бір жақтан келесін атың арып?
Атың арық, өзің аш, жаным балам,
Не ғып жүрген адамсың жүзің сарық?
- Мен алыстан келемін қиуадан,
(Бір) құдайын білмеген болдым надан.
Хал-жайымды сұрайсыз, ау енеке,
Әуре қылған құдайым мен бір адам.
- Хас мырза Қозыкем депті дейді,
Киік атып, аң етін жепті дейді,
Атың арық, өзің аш, қаңғып жүрген,
Жаным қандай адамсың, депті дейді.
- Мен үйімнен шыққалы алты ай болды.
Мінген атым астымда тайдай болды.
Естіп, біліп көргенің бар ма, енеке,
Қарабайдың ауылы қайда болды?
- Жалғыз адам білмейді келгеніңді,
Мен де айтармын есітіп білгенімді.
Қарабайдың ауылын көрсетейін,
Бастап, балам, айт сана, бір жөніңді.
- Талай неме түседі көңілімізге,
Көп кейітпей айтсаңшы, енді бізге.
Атым арып жолаушы кейіп келдім,
Қарабайдың ауылын көрдіңіз бе?
- Көрсетейін саспай тұр, елді балам,
Расыңды айтсаңшы енді маған.
Қарабайдың ауылын сұрай беріп,
Мұнша сұрап, Қарабай нең-ді, балам?
- Қамшыласам жүрмейді атым тосаң,
Ене менің сорыма болдың қасаң,
Көп кейітпей айт сана, енді бізге,
Қарабайдың ауылын көрген болсаң.
- Біле алмадым Қарабай әлде қайда,
Әлде болса атың мен тоның пайда,
Арып, ашып ей, балам, мұнша іздеп,
Қандай қатты ісің бар Қарабайда?
- Кең құдайдан жоқ екен тым-ақ тәтті
Іздеймін деп, енеке, діңкем қатты.
Білмесеңіз, енеке, енді айтайын,
Қызы бар ма үйінде Баян атты?
- Алыс жерде көрінген ел ме, балам,
Қатты жүріп атыңмен жел ме, балам.
Қарабайдың ауылын сұрай берген,
Сарыбайдың жалғыз ұлы сен бе, балам?
- Аякөзді жағалай бітер қайың,
Оқып болған Баянды уатайын.
Қарабайдың ауылын көрсет сана,
Біротала атымды суытайын.
- Жер дүниені сен келдің бәрін құртып,
Қарабайды қалыппым мен ұмытып,
Жаным балам, бұ жаққа қарай түсші,
Көріне ме ешнеме қарауытып?
- Ініңізді жамандан табалама,
Құдай әуре қылған соң оңала ма?
Қарауытып бір нәрсе көрінеді,
Қарабайдың ауылы сол бола ма?
- Қарабайды сұрадың мұнда келе,
Тұр деп әуре қыласын мені неге?
Әбдеп болжап қарашы, жаным, балам,
Қарамола, Қараадыр көріне ме?
- Қарамола, Қараадыр көрінеді,
Қарауға да енекем ерінеді.
Қарамола, Қараадыр көріп тұрмын,
Қарабайдың жайлаған жері ме еді?
- Қарамола, Қараадыр көріне ме,
Сен тұр деп әуре қыласын мені неге.
Қарамола көрінсе бойы соның,
Қараадырдан қой-малдар біліне ме?
- Қарамола көрінген түйесі ме оның,
Қараадырда жайылған қойы ма оның?
Қарамола, Қараадырды көріп тұрмын,
Қай жағынан жүрейін енді соның?
- Қайдан тауып сен келдің мұнда ғана,
Жайлаушы еді сол жерді жылда ғана.
Қараадырды қақ жарып, жаным балам,
Сол молаға барғайсың тура ғана.
- Сізден басқа жұрт маған ел емес-ті,
Қарабайдың қылығы жөн емес-ті.
Әлі менің ақылым көп жеткен жоқ,
Ей, енеке, тауып берші бір кеңесті.
- Сүйгенінен айрылған жер таянды
Қылған ісің Қозыкем жұртқа аян-ды
Алтын күйме ішінен шығушы емес,
Енді қайтіп көресін сол Баянды.
- Мың жылқыдан ат міндім мен жапанда
Құдай сірә қоспасын жар жаманды.
Әлі менің ақылым көп жеткен жоқ,
Сен таба көр, енеке, бір амалды.
- Қозы Көрпеш құл болып түсер қойға,
Сүйтер ме деп жігіттікте келеді ойға.
Жұмыршақты басыңа кие салып,
Тазша болып барғайсын Қарабайға.
- Тауды, тасты күңренте жел ескенде,
Баян қайда жүреді ел көнікенде?
Барған жерде Қарабай сөз сұраса,
Не деп жауап берейін, сөйлескенде?
- Жасағанның ісіне жоқ-ты шараң,
Мен қайтейін оңдасын аллатағалаң,
Барған жерде Қарабай сөз сұраса,
Кісілікке жүрмін де, байғұс балам.
Тартады екен Қозыкем күйді дейді,
Енді қайтып көрменді үйді дейді,
Бір тоқтыны сол жерде соя салып,
Жұмыршағын басына киді дейді.
- Есен-аман баламды келтіргейсің,
Қодар құлды амалдап жітіргейсін.
Зиян келсе, а, балам, сонан келер,
Ебін тапсаң Қодарды өлтіргейсің.
- Енеке, Қодар бізді нетер дейсің,
Осылай етіп дүниең сенің өтер дейсің.
Өзгесінен сақтасын бір құдайым,
Есіктегі Қодар құл қайтер дейсің.
- Барар болсаң сен енді жылдам жөне,
Қарабайдың құлдары талай неме,
Қисық құлын ол кәпірдің не деп болмас,
Асы болып құдайға олай деме.
* * *
Тазша болып Қозыкем кетті дейді,
Аякөзден сал байлап өтті дейді.
Әншейін-ақ қолаңдар адам болып,
Қарабайдың қасына кепті дейді.
Қарабайдың қасына келді дейді,
Тәңірі салған ісіне көнді дейді.
Қарабайдың қасына келіп тұрып,
Қол қусырып сәлемді берді дейді.
- Әлейкім, Қарабай, сәлем дейді,
Мен көрмеген бұл қалай адам дейді.
Атың арық, өзің аш, қайдан жүрсің,
Жаным қалай адамсың, балам дейді.
- Ел ішінде қаңғырған мен бір ғарып,
Келген едім алыстан атым арып,
Күн көрермін деп жүрмін, жан атеке,
Сіздей ғана біреудің малын бағып.
- Ақылыңа жетпеген баламысың,
Енші бөліп берейін аламысың.
Мен де өзіңдей біреуге кем-тар едім,
Маған бала, жарқыным, боламысың?
- Ай, атай, жаңа келді менің бағым,
Жоқ үйде меніңдағы аға, інім,
Енді сізге мен байғұс мойындадым,
Сізден артық адам табылмас маған адам.
- Жылқы бақсаң, міне көр қара жалдан,
Еш зиян көрмессін кемпір-шалдан,
Өз еркіңе салайын, жаным балам,
Сүйгеніңді баға көр, мынау малдан.
- Келе жатып мен өзім ойлағанмын,
Ойлап-ойлап ой түбін қоймағанмын.
Өз еркіме салсаңыз, ей, атеке,
Жанға тыныш, әйтеуір, қой бағамын.
- Қартайғанда мен қойды бақтым дейді.
Тазшам жаңа жаныма жақтың дейді.
Үйге барып Қарабай қуанады,
Мен бір қойшы жігітті таптым дейді.
* * *
Бүгінгі өткен нешесі, туған айдың,
Еш қадірін білмейді Баян байдың.
Бір Баянның дертінен Қозы Көрпеш,
Алты ай жүріп қой бақты Қарабайдың.
Қарабай бай болып-ақ мыңғырапты,
Қозыкемді ал келіп құл қылыпты.
Бұған енді бір амал табайын деп,
Бір тоқтының аяғын сындырыпты.
Қойға мінген қара атан бақырады,
Қозы Көрпеш шыңғырып ақырады.
Мұрындары зерлі қой қалды ғой деп,
Қозы Көрпеш дауыстап шақырады.
Шыңғырады бір адам қате ме екен,
Тыңдай көрші, балалар, Тазша ма екен,
Сол Тазшаның аяғын сындырғаны,
Асыранды Баянның тоқтысы екен.
Қарабайдың жайлауы Телі көлді,
Ауыл көшсе, сол Баян жорға мінді.
Мұрындары зерлі қой қалды ма деп,
Жорғасымен қайрылып Баян келді.
- Асықпай тұр қылайын сені ма құл!
Өз өзінен не ғылып сынады бұл?
Денем сүйген бір тоқты еді осы қойдан,
Мұны не ғып сындырдың шетемір құл?
- Мұнан бұрын көріп пе едің мұндай құлды?
Мұнша әуре қыласың мен бір сұмды.
Менен көрме, ей Баян, құдайдан көр,
Бұ тоқтының аяғы өзі сынды.
Тандырайын, мұны кім жейді - деді.
Денем сүйген менің бір тоқтым, - дейді.
Іле апарып Қодарға таңдырайын,
Өңгерт бұлай шұнақ құл, депті дейді.
Қозы Көрпеш көңіліне қайғы салды,
Бір Баянның зауқынан бақты малды,
Көтере алмаған тоқтыны кісі болып,
Оң жағының санынан шымшып алды.
- Асықпай тұр, бәдірек қаның тасса,
Қымыра қыл да іше бер, қарның ашса.
Қойға келген жерімде ондай етіп,
Менің теңім сен бе едің, шұнақ Тазша?!
- Мұндап тиіп жұмсама құлды Баян,
Құдай әуре қылды ғой бізді Баян,
Ай аулақта сұрайын, осындайда,
Құдай қосқан қосағың кім-ді Баян?
- Баян әрмен жөнеліп кетті дейді,
Сірә қалай осы адам депті дейді,
Сол Тазшаның сол жерде айтқан сөзі,
Көкейінен Баянның өтті дейді.
Қозы Көрпеш құл болып қойға түсті,
Жасағанның қылығы сондай күшті,
Бұрын сірә ештеме білмейді екен,
Енді Баян ішіне пікір түсті.
Амал тауып Баянға бара алмайды,
Жақындатып қасына ала алмайды,
Алты ай қойын бақса да Қарабайдың
Сонан артық ештеме таба алмайды.
Қойды тастап Қозыкем жылқы бақты,
Қарабайдың жанына жаңа жақты.
Көгәл жерге желіні тартып барып,
Жұмырықпен қазықты бір-ақ қақты.
Жер дүниеге кетеді жылқы түнде,
Қайтара көр, Қодар құл шапшаң мұнда.
Қарабайдың жылқысын сол алпыс құл,
Әзер түгелдеп болады алпыс күнде.
Тазша байғұс кетеді ерте тұрып,
Айғай салып тұрады иттей ұлып.
Баға алмаған жылқысын алпыс құлдың,
Жалгыз өзі келіпті түгел қылып.
Жылқы жияр Қозыкем айғай салып,
Құрығына жидесін байлай салып,
Жалғыз жылқы қалмастан жиылыпты,
Келді дейді ауылға айдап алып.
Оны естіп алпыс құл арланады,
Жылқы баққан бір Тазша зарланады.
Ол Тазшаның, жігіттер, қылығына,
Үйде отырып, Қарабай таң қалады.
Козы Корпеш бир нэрсе ойлайды-мыс,
Құрығын Қодар құл да қоймайды-мыс.
Қозыкемен жылқыға бара жатып,
Аударыспақ алпыс құл ойнайды-мыс.
Қозыкені әпкеліп, мал бақтырды,
Мал баққанын Тазшаның жұрт жақтырды.
ударыспақ алпыс құл ойнаған соң,
Әрқайсысын әр жерге (бір) лақтырды.
Өткен іске өкініп біз кетелі,
Біраз айтып мұратқа бір жетелі,
Ат үстінен Қозыке лақтырса,
Алты құлаш түсіпті құл көтені.
Қозы Көрпеш жарына жаңа жеткен,
Арасында Қодардың несі кеткен?
Түсіп қалған көтенді саламын деп,
Ептей алмай құлдардың есі кеткен.
Қозыке мен Қодар құл жақындайды,
Жақындасып Қодар құл тақымдайды,
Суға апарып батырса Қозы Көрпеш,
Мен өлдім деп Қодар құл ойбайлайды.
Айдалада алпыс құл арланыпты,
Қодар батыр сол жерде қорланыпты,
Айдалаға шыққан соң тамам құлдар,
Бір Тазшамен алыспақ ойнасыпты.
Қозы Көрпеш бір байдың мөлдір көзі,
Сірә хате кетпейді айтқан сөзі.
Айдалада алпыс құл ойнасқан соң
Алпыс құлды басыпты бір-ақ өзі.
Қозы Көрпеш сол құлдан жас-ты дейді.
Арақ ішкен Қодар құл мас-ты дейді.
Айдалада алпыс құл ойнасқан соң,
Алпыс құлды бір Тазша басты дейді.
Тұс-тұсынан алпыс құл алаң қылды,
Бір Тазшаның жанына жаман қылды,
Алпыс құлдың бәрін де жығып тұрып,
Ең үстіне салыпты Қодар құлды.
Бұл Тазшада қайғы бар мұңды дейді,
Бір-ақ өзі басыпты құлды дейді.
Пәле болған қу Тазша, тұршы жылдам!
Түгел менің қабырғам сынды дейді.
Сірә Қодар жүрмейді көтін қысып,
Мақтанбаңдар, барыңды мықты басып.
Қодар екем тұрайын деген болса,
Басып-басып жіберді нықтай түсіп.
Тазша бала болар ма мұндай мықты,
Алпыс құлды бір өзі басып жықты.
Жығылғандар астан, үстен қышқырады,
Ойбай, менің көтімнен боғым шықты.
Тазша байғұс үстінен тұрды дейді,
Қыран-топан сол құлдар болды дейді.
Ең үстінде Қодар құл күрсінеді,
Құдай мені, жігіттер, ұрды дейді.
Тазша тұрып армаған кетті дейді,
Қыран-топан құлдарды етті дейді.
Бір айналып Қозыкем қайтып келсе,
Қодар үйге күрсіне кетті дейді.
- Мынау Тазша бұ маған қылған сөйді,
Құдай мені, жігіттер, ұрған сөйді,
Бір отырған орнымнан қозғалтпайды,
Түгел менің қабырғам сынған сөйді.
-Ыңқылдайсың, бір жаман дерт болды ма,
Саған қарар сұмда бет қалды ма,
Бір отырған орныңнан қозғала алмай,
Қодареке, бір жерің мерт болды ма?
Тұр десем де жатасын сірә тұрмай,
Айтса, тілді алмайды Тазша сұмрай.
Түгел менің қабырғам қиратылды,
Жазылмаса, ау, мені ұрды құдай.
Тазша бізге бір неме нетер дейсің?
Әлі қайтіп Тазшаның жетер дейсің?
Қалжа жесең жазылар, жатып тұрып,
Кодареке, кабырган нетер дейсiн.
* * *
Онсан ноғай бір жиын етті дейді,
Сол жиынға жұрт жиылып кетті дейді.
Өкпе-бауыр ап келіп берейік деп,
Тазша малға қала көр, депті дейді.
Адам қалмай жиынға жұрт кетіпті,
Ала тайға жігіттер тіл бітіпті.
Күн жайлатып бір амал таба көр деп,
Қозыкеме сол жерде үйретіпті.
Алып келіп биесін байлатыпты,
Қара боран соқтырып жайлатыпты.
Тағыдағы бір амал тауып бер деп,
Ала тайды сол жерде ойлатыпты.
- Астын-үстін бұлан қыл, ойран-топыр,
Аңдамаса, Қозыкем өзің білдір.
Мынау малың қырылды, жаным Баян.
Елден бұрын кел-дағы мені сыпыр.
Сүйдеді де ала тай қалды дейді,
Жүгіріп үйге Қозыке барды дейді.
- Шапшаңырақ тұра көр, жаным бике,
Мынау малың қырылып қалды дейді.
Сол Баянды оятып алды дейді,
Ала тайға жүгіріп барды дейді.
Ала тайға жүгіріп барған екен,
Қос аяқтап жүректен салды дейді.
Ала тайға жүгіріп барды дейді,
Қос аяқтап жүректен салды дейді.
Қос аяқтап жүректен салған екен,
Алтын айдар жарқырап қалды дейді.
¥йықтап жатқан сол Баян ояныпты,
Жүгірерге табанынан аяныпты.
Алтын айдар шумақтап келе жатса,
Түбі келіп Тазшаға таяныпты.
Баян жетіп жылқыға келді дейді,
Бұған енді не амал болады дейді,
Баян жетіп жылқыға жақын келсе,
Жарқыраған айдарды көрді дейді.
Болған боран болды да тына қалды,
Құдай қайдан Тазшаны ұра қалды.
Айдар келіп Тазшаға таянған соң,
Ішін тартып сол жерде тұра қалды.
Жау айдағыр бұ шіркін малды дейді,
Тазша мұнда жоғалып қалды дейді.
Жерден Баян көтеріп алды-дағы,
Аулақ үйге апарып салды дейді.
Қозыкені сол жерде білді дейді,
Жақсы көріп бетінен сүйді дейді.
Аулақ үйде екеуі сөйлескен соң,
Сонда айқасып екеуі қалды дейді.
Боран борап түгел мал ықты дейді,
Өз ісіне Қозыкем мықты дейді.
Өз жарымен ойнасып Қозы Көрпеш,
Бір құмардан екеуі шықты дейді.
Қарабайдың құлдары көпті дейді,
Келе сала бір нәрсе етті дейді.
- Торғай жырлап тұрады сұлу Баян,
Таң атыпты түрегел депті дейді.
Адам қалмай жиынға кетті дейді,
- Жата тұршы, аһ жарым, нетті дейді.
Таң атбақтан күн шықсын шырағым-ау,
Тар төсекте жан шықсын депті дейді.
Қодар енді жиыннан қайтар дейді,
Тазша келіп Баянмен жатыр дейді.
Екеуінің жатқанын көре салып,
Қайтып барып жиынға айтты дейді.
- Айдалаға Тазша екең құрар шатыр,
Қызыңызды құшақтап Тазша жатыр.
Қарабайым той тойлап мұнда жүрсің,
Қызыңызды тойлатып онда жатыр.
* * *
Қарабай жиын тастап келді дейді,
Жиын қылып жиыпты елді дейді.
Елім-жұртым ойлай көр, азаматым,
Бұған не амал болады енді дейді.
- Сол Тазшаны әрманырақ жытырыңыз,
Жатырмасаң шақырып келтіріңіз,
Бір Тазшаға түгел жұрт қысым қылып,
Соны араққа мас қылып өлтіріңіз.
Бір тазшаға түгел жұрт қысым қылды,
Алып келіп тамам жұрт аяқ ұсынды,
- Шанаш қылып берейін тамағыңа,
Енді сенің аһ, байғұс, (мысың) құрды.
Қылды дейді бір ұшын балағына
Тоғыз бегі қарайды қабағына
Ішкен кісі бол-дағы құя бер деп,
Шанаш қылып беріпті тамағына.
Босағада құл отыр екі жақтап,
Арақ ішпес Қозыке әлін шақтап.
Жүгіре шығып Қозыкем кеткен екен,
Бірін-бірі қалыпты (құл) пышақтап.
Жүгіріп атқа Қозыкем барды дейді,
Үзеңгіге аяғын салды дейді.
Қафияда түгел жұрт қайдан білсін,
Апыр-топыр адасып қалды дейді.
Жүрген екен Қозыкем сөзге қанып,
Бал ашады қолына кітап алып.
Қозы Көрпеш құтылып сала берді,
Алдын ашық, артына тұман салып.
Анау әрмән құтылып кетті дейді,
Жібермеймін осы жерде көпті дейді.
Елім-жұртым ойлай көр, азаматым,
Оған не амал болады депті дейді.
Қала жаздық осы жерде қанға батып,
Бір кеткен соң сол келмес енді қайтып.
Пышақтасып осы жерде өле жаздың,
Қаңғырып жүрген немеге қайдан қалдың.
Ол басында Қозыкем өзі сұм-ды,
Шоқ теректі барды да мекен қылды.
Мұндай сәрсең етерін білер болсам,
Баяғыда-ақ қырмас па едім мұндар құлды.
Боз бұшыққа мінді де кетті қашып,
Баян үйден қарайды жапсар ашып.
Шоқ еректің түбінде торғай көріп,
Боз торғайы береді мейіз тасып.
Боз торғайды жіберер біліп кел деп,
Есен болса сол жарым көріп кел деп.
Бес бауырсақ, бір күлше арқалатты,
Азық қылсын жарыма беріп кел деп.
Қалған екен Қозыкем түзде жүдеп,
Торғай ғарып қайтыпты бір күн түнеп,
Қуанғаннан боз торғай келе салып,
Қуантыпты Баянды сүйінші тілеп.
Күнде барып боз торғай келеді екен,
Баян азық жасырып береді екен,
Боз торғайдың келгенін, азаматтар,
Аңдып жүріп жеңгесі көрген екен.
Боз торғайы бір жырлап келді дейді,
Жеңгесі тыстан тыңдай қалды дейді.
Жаңа Баян жіберіп жатқанында,
Сол жеңгесі мойынан ұстап алды дейді.
- Жеңеше, торғайымды жібер, - дейді.
Осы торғай ерімді білер, - дейді,
Осынша мойын салып тілесе де,
Құрып қалғыр жеңгесі жібермейді.
Баян жылап ішінен күңреніпті,
Ерте кеткен Тазшаны кім көріпті.
Мойны үзіліп торғайдың бара жатса,
Жазған Баян аяп та, жіберіпті.
Баян жылап сол жерде тұрды дейді,
Торғайды әуре сол жерде қылды дейді.
Көріп жүрген Тазшаны айтпайсың деп,
Түгел жүнін торғайдың жұлды дейді.
Мен не қылам тәңірге жоқ дегенде,
Ештемені көргенім жоқ дегенде.
Өзге жұлын жұлғанда үндемейді,
Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» дегенде.
Торғай ғарып бір жақтан келді дейді,
Аңдып жүріп жеңгесі көрді дейді,
Төбе жүнін жұлған соң боз торғайдың,
«Шоқ» деді де, боз торғай өлді дейді.
Етін асып, торғайды қайнатыпты,
Сауын етіп, биесін байлатыпты,
Боз торғайы Баянның «шоқ» деді деп,
Жұртын жиып Қарабай ойлатыпты.
Алыс болып Баян қыз бара алмайды,
Жыты* хабар жарына бере алмайды.
Жұртын жиып Қарабай ойлатса да
Сан кісіден бір кісі таба алмайды.
Асықпаңыз, жігіттер, келсін Қодар,
Қарай-қарай Қодарға көзі талар.
Сан кісіден бір кісі таба алмады,
Мұны ақыр, жігіттер, Қодар табар.
Жоғын қарап Қодар құл келді дейді,
«Шоқ» деді де боз торғай өлді дейді.
Сан кісіден бір кісі таба алмады,
Сен таба көр, Қодарым, енді дейді.
Кім ап кетті осы жұрттың ақыл-есін,
Таба алмайды еш ойлал мұның несін,
Боз торғайы Баянның «шоқ» деп өлсе,
«Шоқ теректің» түбінде жатқызған сол.
Мінді дейді Қодар құл көк серекті,
Өлтірермін ол тазша бәдіректі.
Елін-жұртын Қарабай жиып тұрып,
Енді іздемек болыпты Шоқ теректі.
Бұрын құлды Қозыкем боқтайды екен,
Ояу болса, Қодарды мықтайды екен.
Бір ұйықтаса, жігіттер, Қозы Көрпеш,
Күні-түні он төрт күн ұйықтайды екен.
Елін-жұртын Қарабай алды дейді,
Баян жылап үйінде қалды дейді.
Басын алмай мен сірә келмен-ді деп,
Шоқ теректің түбіне барды дейді.
Айдалада құрулы шатыр дейді,
Алтын айдар жарқырап жатыр дейді.
- Әлде болса Баянға қосалық деп,
Мұнан артың табылмас батыр дейді.
Көңілім менің бұзылды әлде неге,
Жағып жүрген неме еді ата-енеге.
Әлде болса Баянға қосалық біз,
Мұнан артық берерміз қай төреге?
Көргеннен соң Қарабай қыя алмайды,
Көздің жасын сол Баян тыя алмайды.
Ажал жетсе, жігіттер, амал болмас,
Қан тартып тұр, Қозыкем оянбайды.
Сүйдеді де Қарабай қайтты дейді,
Қайтыңыз деп Қодарға айтты деді,
Басын алмай мен сірә қайтпаймын деп,
Қамыс оқпен жүректен атты дейді.
Бәсі тым-ақ Қодардың қатты дейді,
Қамыс оқпен жүректен атты дейді,
Қамыс оқпен жүректен атқан екен,
Оғыменен айқасып жатты дейді.
Өлген соң Қозыкемнің әлі нешік,
Барады енді Қодардың көңілі өсіп.
Бұл Қодардың қылығын қайтерсің,
Бара салып алыпты-ау басын кесіп.
- Еш декбірің жоқ екен әлі де ата,
Ақша бетім сарғайды жалғыз жата.
Атың арық, өзіңнің жүзің сарық,
Қайда барып келдің-ау, айт сана, ата.
- Бір жаман ат қайтейін болды маған,
Жүр, деді-дағы қоймады Қодар ағаң.
Өткендердің соңынан өкінбеңіз,
Қозыкедей мырзаны таптым саған.
- Тілімді алмай сен қайда кетіп келдің,
Менің немді бітіріп жетіп келдің.
Тілімді алмай сен сонда кетіп едің,
Құдай қосқан жарымды нетіп келдің.
- Мен біреудің тіліне сеніп келдім,
Алла оңғарса, сіздерді беріп келдім.
Өткен ердің соңынан өкінбеңіз,
Қозыкедей мырзаны көріп келдім.
- Алжып жүрсің, ай ата, өлейін деп,
Ойлаушы едім өнерін көрейін деп,
Күйеуіңді өлтіріп азған қақбас,
Қодар құлға келдің бе берейін деп.
- Елден елді қыдырып барайын да,
Емен таяқ қолыма алайын да,
Елден елді қыдырып, жаным балам,
Бір теңдесіңді мен іздеп табайын да.
- Енді не деп барасың елге ата,
Мен бейбаққа қыламысың екі бата?
Елден сәурік жиярға байтал емен,
Төсек салып жатағын өзің қайта.
Сірә, маған жақпайды сенің сөзің,
Қарай-қарай төрт болды екі көзім,
Ақ шимайлы, ақ отау бер тіктіріп,
Мені алып жата қал, атам, өзің.
Қодар түзден бір ойды ойлап келді,
Мойнын созып Баянға бойлап келді.
Бұ Қодардың мінезі тым-ақ тентек,
Басын кесіп жанына байлап келді.
Қырық құлаш Баянның шашы дейді,
Бұ Қодар құл құдайға ғасы дейді.
Алып келіп Баянға тастай берді,
Ал, басты қара, байыңның басы, - дейді.
Бәрекелді Қодардың тентегіне,
Баян сұлу жүрмейді жетегіне.
Ал, байыңның басы, - деп тастай берсе,
Баян тосып алыпты-ау етегіне.
Құлдан өлген болар ма мұндай ғайып,
Үндемеді ол бастан бабам Қайып.
Алған байы өлген соң жазған Баян,
Бетін жыртып жылайды-ау шашын жайып.
- Өлгендердің соңынан өлме сана,
Өзге адамға көңіліңді бөлме сана.
Мына жалған дүниеде кім қалмайды,
Ақша бетке дақ сала берме сана.
- Қодареке, қай жақтан келдің жетіп,
Енді мені кім алар сенен өтіп.
Енді мені сен алмай кім алады,
Сол жарымды кел сана, бір көрсетіп.
Баянды ертіп алып кетті дейді,
Көрсетейін жүріңіз депті дейді.
Алған байын өлтіріп бәдірек құл,
Бұлай әуре Баянды етті дейді.
Сол Баянды Қодар құл көзден салмас,
Бәдіректің қылығы естен қалмас.
Өлген ерін сол Баян іздеймін деп,
Бара жатып Қодармен болды жолдас.
Кылшадайын Баянды кул кезден салмас,
Аламын деп Қодарқұл ыржақтайды,
Қодар құлдан бір зиян келе ме деп,
Баян сұлу бетіне бөз қаптайды.
Қодар зиян Баянға тидіріпті,
Көңілін бермей Қодарды күйдіріпті,
Алдап қана Қодардың көңілін аулап,
Шүберектің сыртынан сүйдіріпті.
Он екі айдың жақсысы жаз болады,
Жаздың алды үйрек пен қаз болады.
Шүберектің сыртынан сүйдіргенге
Көкірегі қош болып, Қодар құл мас болады.
Сол Баянның тазасы аққудан ақ,
Жаны шықпай құр пысып жүр Қодар құл-ақ.
Шүберектің сыртынан сүйдірген соң,
Ақ бетіне түсіпті Баянның дақ.
Құлға Баян тие ме қазақ құрып,
Құлға не деп тисін-ау құдай ұрып.
Ойнағандай ойпат жер, жаным бике.
Баянменен келеді әзіл құрып.
- Қодареке, жүре бер жөніңменен,
Құдай енді қосты ғой сеніңменен.
Сол жарымды бастап бір көрсет сана,
Ойнарыңыз қашама меніңменен.
- Сенің жарың емес пе анау жатқан,
Қодарекең жүректен мықтап атқан.
Мақтап жүрген байың ба мынау Баян,
Бір-ақ тартып Қодекең ыңқылдатқан.
Қодеке осы жерде бой салалы
Ойымызға ой салып той салалы.
Айдалада қаңғырып шөлдеп өлдім,
Ішерімізге бұ құдықтан су алалы.
Қодар енді құдықтан су алады,
Аламын деп шыңырауға жұмылады.
Алдағанын Баянның қайдан білсін,
Аламын деп ішінен қуанады.
Шашын байлап құдыққа салды дейді,
Кебіспенен бір суды алды дейді.
Кебіспенен бір суды ішіп алып,
Баян енді сусыным қанды дейді.
Шығамын деп ұмтылды Қодар бетке,
Күнге күйер ақ бетің басың бүрке.
- Суға сенің сусының қанған болса,
Шығайын да далаға тартшы, бике.
Көңілі қалды Баянның «ағасына»,
Бір таянды Қодардың тобасына.
Пышақпенен алады салып-салып,
Тартып тұрып Қодардың жағасына.
- Ақырын тарт үзерсің мойынымды,
Шығысымен аша көр қойыныңды,
Жаным шығып барады жаным, бике,
Қырға шығып қыл сана ойыныңды.
- Ойнайды екен мұндар құл меніңменен,
Ойнатқанша тәңірі алсын сеніңменен,
Мұндап қылық сен итке болар ма еді,
Көтің қысып тек жүрсең жөніңменен.
Қодар енді құдықтан суды алады,
Аламын деп шыңырауға жұмылады.
- Алған байың өліпті, бейбақ Баян
Енді сені мен алмай кім алады?
- Аламын деп жүр ме едің, ойыңда құл,
Ойнар едің Баянның қойнында құл,
О дүниеге барғанда (есекпісің),
Екі жастың обалы мойныңда құл.
Шығамын деп аяғы тая берді,
- Тарт сана, деп құшағын жая берді,
Тартып тұрып құдықтың жағасына
Шашын кесіп шыңырауға қоя берді.
Қодар құлдың ажалы жетті дейді,
Бұйда пышақ өкпеден өтті дейді.
- Ойбай, Баян, сен маған бұлай қылдың,
Мені тентек Баян жан, құдай қылды.
Қозыкеден аһ Баян онда айрылдың,
Мұнда тірі байыңнан тағы айрылдың.
Қозыкенің алдың қой (өлі басын),
Екеумізден айрылып қараң қалдың.
- Құл да бұлай болар ма, сірә ғана,
Ажал айдан жүр екен сені ғана.
Баян сұлу керек пе шетемір құл,
Алатұғын неме екен мені ғана.
Енді өмірді тілеймін көбірек күн,
Ақылыңды мен білдім өзімнен кемірегін.
Сен қылғанды, а Қодар, мен де қылдым,
Соныңменен жата тұр бәдірегім.
* * *
Қодар өліп, құдықта қалды дейді,
Баян жары қасына барды дейді.
Баян жары қасына барып тұрып,
Басын бұрып, мойнына салды дейді.
Қырық күн жауын жауыпты бір жел тұрып,
Баян келді құдықтан құлды өлтіріп.
Қодар құлды өлтіріп келгенен соң,
Алған жарын жоқтайды енді өкіріп.
Жоқтағанда не дейді енді Баян,
Салғанына алланың көнді Баян,
Кішкентайдан бір өскен құдайым-ай,
Өзі жоқтай басыңа келді Баян.
- Жатырмысың ей, жалғызым, жер бауырлап,
Қарға жүні қамыс оқ оны ауырлап,
Құдай қосқан қосағың Баян келді,
Тұра келсең нетеді күліп-ойнап!
Кішкенеден атадан жетім едің,
Тілін алмай жұртыңнан кетіп едің,
Сан кісіге болармын деуші едің ғой,
Есіктегі Қодардан нетіп өлдің?
Байғұс сені не қылып қара басты,
Қодар оғы шырағым араласты.
Жасағаным, құдайым жан беретін,
Құшақтасар күн бар ма қойындасып?
Жатырмысың ей, жалғыз, жалғыз оққа,
Жанбасыңа жер өтті, жаның жоқ па?
Әзер* жақсы болса да қайғырмаңыз,
Інісі жоқ артында жалғыз боққа.
Кішкенеден атадан қалдың жетім,
Күнге күйіп сарғайды ақша бетім,
Құдай сені көзіме көрсеткен соң,
Көрмей қалдың дүниенің өнер бетін.
Кұлдан қисық болар ма мұнан асқан?
Жаным жалғыз қан тартып қара басқан.
өрсетпесі бар екен өнер бетін,
О бастан-ақ құдайым неге қосқан?
Ақылы азған, ей қақбас, о бастан қоспасаңшы,
Қосқаннан соң сөз бұзып қашпасаңшы!
мнің құлын аядың жалғыз байғұс,
Баяғыда қырып-ақ тастасаңшы!
Алтынды ер, ақ боз ат міне алмадым,
Мен бүйтерін Қодардың біле алмадым.
Өзің қостың а, тәңірі, өзің алдың,
Бір армансыз мен ойнап күле алмадым.
Бір пәледен құтылып қаша алмадың,
Қара басып ұйқыңды аша алмадың,
Ояу болсаң, ол итке қылар едің,
Ұйықтап жатып Қодарды ата алмадың.
Сені естісе жұртыңыз жылар ма екен?
Атың тұлдап, қараңды қылар ма екен?
Жасағаннан жаныңды тілеп тұрмын,
Баяғыңдай ойнар күн болар ма екен?
Бұ Баянның ойлаған ойы дейді,
Басын оңға қаратын қойды дейді.
Құдайынан сол жерде жан тілейді,
Астындағы ақ боз ат сойды дейді.
Жылайды екен сол Баян сана қылып,
Құдай қойды көңілін ала қылып.
Алған жары өлген соң жазған Баян,
Күні-түні жылайды-ау налы болып.
Қозыкеме тұлдайды қара көкті,
Әулиеге сыйынып көп түнепті.
Ақ боз атты құдайға айтып сойып,
Құдайынан сол жерде жан тілепті.
Баянның барады енді дәурені өтіп,
Құдай қойды байғұсты әуре етіп.
Күні-түні зар қылып тілегенде,
Бабай түкті шашты Әзиз келді жетіп.
Ақ шалмалы біреу келді аты ақсаған,
- Қандай адам далада зар қақсаған?
Тілегіңді тілеші, жаным балам,
Бір тілекті берейін енді саған.
- Налыс қылсам һауадан пірім келер,
Таяғы бар түбінде аса темір.
Тумай тұрып қосылған жарым еді.
Енді бұған тілеймін жеті ай өмір.
- Салғанына алланың көндің дейді,
Дауысыңа шыдамай келдім дейді.
Тілегенің сол болса, жаным балам,
Жеті ай өмір мен саған бердім дейді.
Жер дүниенің бәрі де күңреніпті,
Мұндай ақырзаманды кім көріпті?
Өліп қалған, жігіттер, Қозыкеме
Бабай түкті шашты әзиз жан беріпті.
Жасағанның қылығы күшті дейді,
Сырлы аяққа бал құйып ішті дейді.
Үш күндейін ойнасып жарыменен,
Баяғыдай тербене түсті дейді.
Мінді дейді Қозыкем көк серекті,
Мекен қылды сол жерде Шоқ теректі.
Жеті ай түгел қыдырып Қозы Керпеш,
Кезді дейді шарық ұрып төңіректі.
Өз жүртынан Қозыкем безді дейді,
Дүниеден күдерін үзді дейді.
Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,
Дүниенің төрт бұрышын кезді дейді.
Ердің жасы екі төрт бел-ді дейді,
Салғанына алланың көнді дейді.
Жеті ай түгел қыдырып, Қозы Көрпеш,
Төрт бұрышынан дүниенің келді дейді.
-— Кесір құлдан құдайым жасқана ма,
Жақын келші, Баян жан қасқанама.
Еңсем түсіп барады, алла менің,
Жастық қойшы, а Баян басқанама.
Әр тарапты қыдырып келді дейді,
Бармаған жер қалмаған енді дейді.
Шоқ теректің түізінде күні бітіп,
Қозы Көрпеш сол жерде өлді дейді.
- Қалған жаным не болар мұнан аяп,
Ақша бетін салыпты қанға бояп.
Құшақтасьш сол жерде жата қалды,
Бұйда пышақ ұшына ішін таяп.
Қозы Көрпеш сол жерде өлді дейді,
Үш жылдан соң бір адам көрді дейді.
Көрген адам сол жерде танып тұрып,
Екі айырып екеуін көмді дейді.
Қалған екен Қозыкем сағынысып,
Бір жатыпты қара кіс жамылысып.
Ақ жұмыртқа болысып жерден шығып
Жер жүзінде ойнайды шағылысып.
Ата, анасы Баянды қарамайды,
Балам қайда кетті деп сұрамайды.
Ақ жұмыртқа болысып жерде ойнаса,
Қоңыз болып Қодар құл аралайды.
Қозыкемнің түбіне Қодар жеткен,
Екі айырып екеуін көміп кеткен,
Баян менен Қозыкем тек емес-ті,
Екі жерден байтерек болып біткен.
Қозыкемен Қодар құл атысыпты,
Бірге барып жарымен жатысыпты.
Екі жерден байтерек болып бітіп,
Басы барып бірігіп жабысыпты.
Дәрі құяр сол Баян жарасына,
Қодар құлдың қылығын қара сана.
Қозыкені өлтірген анау Қодар,
Шеңгел болып бітіпті арасына.
Құл өлтірген мырзаны қай халықта,
Сол Қодарды Баян да жай қылыпты*
Қозыкені өлді деп естіген соң,
Сонда жүріп сол Айқыз кайғырыпты.
Қозы Көрпеш бір байдың жалғызы еміс,
Баян сұлу сіңлісі Айқыз еміс.
Қозыке өлсе қайғырған Айқыз сұлу,
Қозыкеңнің туысқан балдызы еміс.
Алпыс құлдың Қодар құл басы дейді,
Қозыкемен өштескен қасы дейді.
Қозыкені өлді деп есіткен соң,
Тамағынан өтпейді Айқыздың ішкен асы дейді.
Құл көрінсе жарайын бәрін де деп,
Бұ қайдан келген шұнақ құл, жерінде деп,
Айқыз солай зар қылып жүргенінде,
Қозыкені есітті тірілді деп.
Бір қылмысты айтады мен Аймын деп,
Тәңірі салса, әрине, көнемін деп.
Жүгіре шығып сол Айқыз кетті дейді,
Жездем менің тірілсе көремін деп.
Ғажап тарих құдайым істепті,
Қодар құлға Баянды көрсетіпті.
Айқыз жолда жете алмай бара жатса,
Қозыкені өлді деп тағы есітті.
Қозыкемен Қодар құл қас болыпты,
Алпыс құлға Қодар құл бас болыпты.
Қозыкені өлді деп естіген соң,
Тұра қалып сол жерде сынтас бопты.
Қозы Көрпеш Баянның бояған шағы,
Таза гүлдей аршылын солған шағы.
Қозы Көрпеш өлген соң Баян да өлген,
Сондай болсын әркімнің алған шағы.
Қозы Көрпеш атанды мөлдір көзге,
Қосылады әр жерде айтқан сөзге.
Өлсе-дағы Қозыкем арманы жоқ,
Сурет болып бітіпті Аякөзге.
Жан біткенді жалмаған қара жерсің
Жалғыз туған Қозыкем сен бір ерсің,
Жебеп-жылап жүре көр, есіңе алып,
Ақыретке барғанда біздерді бір көрерсің.
Источник
Источник: Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1 – Алма-Ата, Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984, 2-е издание дополненное и переработанное, стр. 115 – 162.
Письмо профессору И. Н. Березину.
Наставник Шокана Уалиханова по Омскому кадетскому корпусу Н. Ф. Костылецкий, наблюдая у своего ученика живой интерес к памятникам восточной письменности, познакомил его с ученым востоковедом, профессором Петербургского университета И. Н. Березиным.
Шокан вступил с ним в активную переписку. Большая часть этих писем либо не сохранилась, либо еще не найдена. Но среди бумаг Уалиханова был обнаружен черновой отрывок, не имеющий заглавия. Позднее он был назван «Черновые записки Уалиханова по востоковедению».
Отрывок написан в виде ответа на письмо востоковеда И. Н. Березина к Н. Ф. Костылецкому (1852 г.), через которого он обратился к Уалиханову с просьбой расшифровать некоторые историко-этнографические термины, встречающиеся в ханских ярлыках. Дата ответа Уалиханова неизвестна, но из его содержания видно, что он написан под свежим впечатлением после выхода в свет книги И. Н. Березина «Ханские ярлыки» (Казань, 1850 г.). В ответе дано толкование ряда архаических слов из ярлыка Тохтамыша. Для подкрепления своих аргументов Уалиханов привлек сведения из «Сборника летописей» Жалаири.
Прочитав издания Ваши: Ханские ярлыки и Библиотеку восточных историков и узнав от бывшего моего наставника Николая Федоровича Костылецкого о предложении Вашем, - поискать в языке киргизском значение нескольких слов в ярлыке Тохтамыша не употребляющихся в нынешнем татарском языке, - я отыскивал в языке нашем через расспросы старых киргиз и нашел (ряд) слов, которые спешу послать к Вам.
рочитав Ваш перевод ярлыка Тохтамыша к Ягайлу и перевод тарханных ярлыков Тимур-Кутлука и Саадат-Гирея, я нашел несколько слов, (которые) употребляются до сих пор у киргиз Средней (орды), и решился сообщить Вам их современные значения у нашего народа.
Если замечания мои будут несколько (полезны) Вам, то цель моя достигнута. По (преданиям) своим, киргизы почитают себя (потомками) татар Золотой орды, которая в героических поэмах - джирах - называется, а героем всех их поэм - золотоордынских ногаев: Идигей, его бегство к Тамерлану и изгнание им.
(Песня о) Тохтамыше составляет огромную и любимую (поэму), и могила его (находится) на горе Улутау; сказание о Уракмирзе из рода (караул), Ир-Кокше и Ир-Кушай - богатыри времен (Золотой) орды, суть герои их поэм.
Все данные. собиранием которых и теперь занимаюсь, если не, но зато подтверждают, что народ казак (так называем себя мы) образовался от союза разных племен турецких и монгольских во время междоусобий в орде, начавшихся тотчас после смерти Бердибека, а не народ древний, о котором писал Фирдоуси.
Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и иметь народ: так я думаю, образовались ханство Крымское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков - шейбанов и казаков. Предание киргиз о своем происхождении оправдывается сказаниями Вашей Шейбани-намэ и, которая написана киргизом Большой орды джалаирского рода, имеющего гребенчатую тамгу.
Автор говорит о себе (см. стр. 169): Ураз-Мухаммед к которому он приехал для службы от отца и матери его, был киргизский султан (стр. 50, ч. II История. Описание киргиз-кайсацких орд и степей, Левшин17); в Сибирских летописях он называется казачьим царевичем Солтаном (см. «Сибирские летописи», приложение к статье П. И. Небольсина «Покорение Сибири». Спб., 1849 г.; Отеч. Записки, 1848 г., том LX, LXI, кн. октября, ноября и декабря).
(Там говорится) «По наипозех днях князь Сейдяк изыде из града Сибири, с ним же царевич Казачьей орды Солтан, да царя Кучюма думный карача, с ним же воинских людей 500 человек; доидоша же до места, иже именуется Княжей Луг, и начата пущати ястребы за птицами». (Летопись Саввы Есипова).
Родословная Ураз-Мухаммед-хана в (стр. 140 - 145,) чрезвычайно верна с родословными таблицами киргизских султанов, собранными здешним пограничным начальством. Привожу для примера и сличения:
Родословная султанов киргизских
Урус-хан
Койручук↓
Барак-хан↓
Аз-Джанибек↓
Батыр |
Касым |
Камбар |
Сюк |
Джадек |
Тохтакчук |
Джабай |
Торсун |
---|---|---|---|---|---|---|---|
От него происходят султаны и ханы Меньшой киргизской орды |
Шигай-хан↓ |
||||||
Теуекель-хан |
Ишим-хан по прозванию Ир – храбрый↓ |
Оннан-султан ↓ |
|||||
Каип |
Худайменде |
Джангир↓ |
Кайнар-Кучук ↓ |
Ураз-Мухаммед |
|||
Тауке |
Букей-султан ↓ |
Даир |
|||||
Худайменде↓ |
|||||||
Турсун↓ |
|||||||
Кучук |
Барак |
Посланный царя Иоанна (в) 1569 году к ногаям говорит о нападении на улусы их казацкие орды Акназара царя, Шигая царевича и Челыма царевича. По «Сборнику летописей», Акназар был сын Касыма, Шигай был сын Джадека, Джадек и Касым дети Джанибека, но имени Челыма там нет - не Тугум ли?
Этот Акназар известен притеснениями своими башкир (в) 1556 г. Англичанин Дженкинсон, бывший в Бухаре (в) 1556 - 1559 (г.г.), говорит о войне ташкентцев с казаками. Не воина ли Бурундука с Шейбани-ханом?
Автор, описывая избрание Ураз-Мухаммеда в касимовские ханы (стр. 168) (и) представляя форму престола ханского, говорит о правой и левой руках. На стороне (майсара) показаны два бека - один из рода аргын, другой из рода кипчак, на левой ( - маймене) джалаирец Кадергалибек и (Саманай)бек из рода манкут.
Автор, как джалаир, подробно говорит об этом племени, начиная его с времен Огуз-хана и в конце книги подробно (излагает генеалогию своего рода, начиная от Чингиса до времен Кадергали). Во всех ярлыках Золотая орда называется и у тюркских историков инародных она означает (часть) целой страны или народа и никогда не называется ордой; киргизы говорят: где заменяется тяжелым юртом.
Мне кажется, слово орда имело и прежде в Золотой орде такое же значение, как (теперь) у киргиз и калмыков, и означало в обширном смысле место столицы хана, в тесном - его ставку. Золотая орда - золотой шатер и юрта, в которой сидел хан; впоследствии оно обратилось в название всех ставок городских, где жили ханы.
Так что слова ак орда, кук орда, сары орда нужно принимать не как название улуса или юрты, а как название главной стоянки, резиденции ханов. При отправлении этого ярлыка Тохтамыш был, как видно это из ярлыка, на летних кочевках у Дона и жил в юрте, в том смысле, как полагаю я.
В подлиннике и в современном переводе орда разумеется в смысле: во-первых, - орда на Дону, во-вторых, а той ярлык писан оу Орде на устьи Дону. Да и самые слова современного перевода: «давали выход белой орде, те нам наше даише» доказывают, что и здесь под белой ордой разумеется юрта хана, место, где сосредоточены все власти, и единственное место, куда собирались все доходы.
«Те нам наше даише» доказывает, что все доходы поступали самому хану; (так) как ханы беспрестанно сменялись одни другими, а потому слово орда и особа хана означали одно и то же. Мои воззрения показывают, что они общего народного названия, как можно догадаться, не имели; каждое племя сохраняло свое название, например, кунраты, найманы, кипчаки и проч. (см. ).
В русская Золотая орда соответствует; для выражения заволжского улуса говорится Синяя орда, Кук-Дениз, или больше Сыр-Куван. Черный песок, как можно полагать из слов современного перевода: вышел на мене Аксак Темир - Железная нога с Черного песка.
Пески Каракум лежат в Киргизской степи в пространстве от устья реки Сыр-Дарьи до реки Сарысу. Все пути из Средней Азии на Оренбург, Троицк и Гурьев идут через него. Глагол (тутмак) употребляется у киргиз именно так, как здесь.
Они говорят (и) пишут вместо пишу, извещаю - держу. Деление на существует и теперь у дикокаменных киргиз - ун киргиз и сул киргиз. К главным представителям первого принадлежит племя бугу, второго – солту делению на правую и левую руки дает древнейшее начало - шесть сыновей Огуз-хана, родоначальника тюркских племен, управляли правым и левым крылом в таким порядке (см, стр. 14):
Здесь видно, что племена разделялись во всем порядке на два крыла и каждое крыло имело свой арьергард. (И до сих пор) на Востоке и Бухаре беки всегда по значению родов, которых они представляли, имеют места по правую и левую сторожу трона царского; через это очень часто происходят споры между беками. Это что-то в роде русского местничества.
(Автор) описывая трон царя Ураз-Мухаммеда в Касимове, приводит план трона, (на котором) обозначены места - правая и левая руки, и приводит имена беков, занимавших (стороны) (правую) и (левую).
Чтобы доказать значение и влиятельность беков джалаирских при потомках Урус-хана, он показывает место их при троне на стороне - левой. Джалаиры, по словам автора, сильнейшие между, занимают левую руку, а канглы в 200 человек стоят на стороне - правой.
Это доказывает, что и у народов, образовавшихся из Джучиева улуса, левое крыло было старше и почетнее. Но (так) как нет никаких данных, которые бы допускали в политическом устройстве Золотой орды такого деления, то обращение Тимур-Кутлука, лучше его ярлык, обращенный к угланам правого и левого крыла, можно понять именно в смысле угланам стороны и угланам стороны. (Теперь о некоторых словах, встречающихся в ярлыке Тохтамыша к Ягайлу) …глаголам желать и просить как нищий; от него просящий, т. е. нищий.
(В ярлыке сказано):по их изменническим просьбам вперед пришел. Что касается до, то я не знаю и не слыхал подобного слова и в татарском (сибирском), и в киргизском (языках), и едва ли (оно) существует.
У киргиз есть слово - оставлять без жалости, без внимания, - вправду ли (ты) меня оставляешь? - голосит киргизка-жена, раздирая свое лицо, при смерти мужа - у киргиз означает беспрерывное качание и употребляется больше в смысле качания колыбели - значит разойтись, разбиться - употребляется для выражения нестройного бегства народа, как слово - ударить копытом, лягнуть.
Говоря о лошади, нельзя употреблять этого глагола (нужно непременно тепмек). Слово мунганалды я, несмотря на все усилия и расспросы между киргизами, найти не смог.
У них рабы, как и у татар, называются (құл), но, так же как и у калмыков, разделяются на военнопленных , или более употребительно джесыр, на купленных, благоприобретенных, которые называются джетым «сирота».
В таком народе, как наш (казак), где господствовало право сильного, безродные, бессильные люди не могли иметь самостоятельности и делались рабами султана или бия, и от этого могло произойти слово в смысле раба.
Даже ничего похожего на, на банзарово монханиул я не нашел. Есть глагол от него - несчастный, печальный, - печаль, одинакового значения с . Постараюсь справиться об этом слове у дикокаменных киргиз и если найду, тотчас уведомлю Вас.
В техническом языке барантовщиков значит добыча, от него - артельный, - монгольское бяся еще. В Енисейской губернии говорят языком тюркским, (в частности) карагасы - бродячее инородческое племя. В языке этого народа деньги называются мунган, а серебро - акмунган.
Может быть, это слово имело и должно иметь другое значение. Мунгимо у тунгус золото м(ожет быть) сравнено (с) славянским языком и примерно к значению денег. Уже в позднейшие времена прилагательное ак - белый, подтверждает это мнение, - не имеет мунган - в значении денег и серебра.
(В) отношении к банзарскому монханиул бэдэргэ - закабаленный раб, но не купленный. Бог нас пожаловал: враждовавших угланов и беков всевышний нам продал, т. е. дал в нашу полную власть… в кабалу. (См. Вестник Императорского Русского Географического общества, 1854, книжка VI).
Не знаю, почему должно означать одних тохтамышевых негоциантов? как мне кажется, выражает часть общего, компанейство, а не компанейцев; в последнем смысле оно было бы и, кажется, что частица родительного падежа стоит по ошибке писца вместо, ибо окончание на делает как купцов, так и компанию ягайловскими, а между тем как последующее «пусть ходят» выражает взаимность действия (или отношения).
Если читать - (пусть) пo прежнему порядку пробродят на удовольствие наши негоцианты или компании, в современном переводе - гости пусть одни с другими компанию имеют, отправляются, - и будет согласно современного перевода: гостям путь чист, и вашим и нашим торговцам.
(Касаясь ярлыка Тимур-Кутлука), почему бы не читать темник Эдигу, ибо - начальник тумана, ибо употребляется и теперь между сибирскими татарами и между киргизами в смысле главного начальника.
Всякий чиновник русский у них называется бастык. По употреблению этого слова в двух ярлыках Тохтамыша к Ягайлу и Темир-Кутлука, оно стоит в смысле главного визиря, приближенного или русского темника, а потому, означает темник, первый при хане вельможа.
Мне кажется, что Джучиев улус, как кочевая орда, никогда не имел правильного административного устройства и никаких постоянных чинов, кроме свиты ханской, как-то:, и прочих чинов, постоянность которых требовал интерес ханский, как: даруги, баскаки, битикчи, тамгачи, тартнакчи и т. д. (см. стр. 11, Ханские ярлыки, III).
Были угланы, принцы, потомки ханов. Были беки или бии - родовые представители племен. До Чингис-хана каждый род, каждое племя монгольское имело своих ханов; Чингис-хан, соединив все племена под свою власть, мог не уничтожить совершенно значение этих ханов, которые иногда даже обращались в беков, но, напротив, вступал с сильными из них в родство и даже поддерживал их родовые права, например, - конратов, джалаиров и пр. (см. Абулгази, Шейбани-намэ,).
Нет сомнения, что относительно других покоренных народов он держался этого же принципа. Следовательно, уланы и беки были достоинства, получаемые по происхождению, а не чины. Разделение угланов на великий, средний и нижний можно объяснить тем, что и в государствах Мавераннагра до сих пор при обнародованиях ханских ярлыков пишется, т. е. великим и малым, разумея под ним возраст управляющих войском, которые собираются на случай нужды и становятся по сторонам он (и сол).
Один или два из этих беков всегда был при хане, в частности в должности визиря, и управлял улусом (в качестве) министра; или один был, а другой управлял волостями в звании… Как можно полагать разно: в первом случае, а в другом - и туман башлык.
Таковы Кутлубуга Асан при Тохтамыше, Едгу при Темир-Кутлуке и его преемниках (см. ). Целый ряд таких временщиков, начиная с хана Тогтагу, назывался f j t (см. стр. 100 , главу). Таковы были беки улусные или удельные.
Мне кажется, бек ордынский, князь людской, были разные выражения одного того же достоинства, ибo - удел и - племя должно быть одно и то же; под именем уделов можно разуметь ибо этот же управлял в войне людьми своего и по числу управляемых назывался тысячник, сотник, десятник, полным ратным; управляя каким-нибудь городком, он назывался городный.
(О слове машаих). В киргизской степи много гробниц, каменных мечетей, называемых стан или там, (которые) носят названия по именам своих основателей и над чьим телом поставлены (эти памятники).
Такие места называются: аулие - святой и машаих. Эти тамы служат местом для их религиозного зиарета, и они обращаются к этим авлие и машаихам как (к) патронам своего народа и т. д. Букаул употребляется в степи и теперь.
У киргиз (-кайсаков) есть поговорка; здесь букаул в смысле разносителя блюд. Глагол у киргиз в большем употреблении и означает делать препятствие, останавливать. От него - препятствие, - (соорудить плотину, задержать) и т. д.
Сообщая значение некоторых слов, сохранившихся в языке киргизском (казахском), прошу извинения Вашего, что в число этих замечаний ввел несколько своих гипотез. Если это письмо удостоится Вашего внимания, то я с величайшим удовольствием готов сообщить Вам песню о.
Занимаясь собранием известий о народе казак, я обращаюсь к Вам с покорнейшей просьбой, если Вам случится при разборе и чтении разных восточных историков встретить что-нибудь о слове казак, о казачестве и о народе казак, сообщить Вашему покорному слуге.
Этим обязали бы как нельзя более. Не имея никаких других источников под рукою, кроме истории Абульгази (Румянцевское издание), Вашей Шейбаниады и чрезвычайно важной в этом отношении, я не имею никаких средств проверить отрывочное указание Левшина при его «Описании Киргиз-кайсацких орд».
В известиях арабских историков, как я полагаю, не должно быть ничего о казаках, ибо, я уверен, народ этот образовался не ранее XIV (века) при распадении Джучиева улуса. Кятиб Челеби, как видно из истории Левшина, говорит кое-что о казаках татарских.
Интересно знать, когда жил: этот географ и интересно знать это известие на языке турецком. Клапрот в Magasin Asiatique напечатал перевод описания киргиз-кайсаков из китайской географии Дай-цин-И-тун-чжи, но, к несчастью, здесь нельзя достать этого журнала.
Левшин на основании утверждения нашего знаменитого ориенталиста Сенковского говорит, что Фирдоуси в истории Рустема упоминает о народе казак и о ханах казацких: на стр. 42 Левшин, как видно, приводит слова Сенковского: «Народ сей весьма» и прочее; но странно, где это удалось видеть им народ казак до Чингисхана и в числе чингисовских племен; по крайней (мере), Абульгази, Шейбани-намэ, для тех периодов не упоминают о казаках, даже не употребляют слова, которое употребляется от… и было (в употреблении во время) Шейбани-хана.
Бабер в своих «Записках» говорит о хане казак-Арслане, имевшем 400 000 воинов. Любопытен текст этого места из записок этого государя-писателя. И нет ли что-нибудь о них в записках Тимура или в его историках?
Источник:
Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1 – Алма-Ата, Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984, 2-е издание дополненное и переработанное, стр. 163 - 172