You are here
Мазар Ак Едиль Кожи кажи.
Туры по древним памятникам Акмолинской области.
«Помогай всем людям, работай как раб,
Несчастным людям делай добро.
Если придут ученые, с почтением стоя встречай их.
От подлых людей нет никакой помощи»
Хикмет Ходжа Ахмеда Яссауи.
Памятники Акмолинской области.
Мазар Ак Едиль Кожи кажи расположен в окрестностях аула Жумай, Коргалжынского района, Акмолинской области. Мазар «Ак Едил Ходжа» является религиозно-архитектурным памятником ХІХ века.
Представители рода Кожа, после пророка Мухамеда, считаются потомками халифов. Они активно распространяли ислам в Средней Азии. Массово переезжали на казахские земли, особенно после правления Аксак Темира.
До установления Советской власти Кожа – муллы среди народа - занимались проповедованием религии, заклинанием больных, отпевали умерших перед погребением, проводили обряд бракосочетания.
Одним из таких просветителей из рода Кожа в царское время, когда проводилась христианизация, был Ак Едил Ходжа, который внес огромный вклад в распространение ислама. Так же он собирал зекет (это ежегодное налогообложение зажиточных мусульман), а на собранные средства открывал в аулах медресе, в которых учились дети из простого народа.
Таким образом он помогал обучать детей грамоте. Из тех же средств помогал нуждающимся, людям, которые долгое время находились в пути. Паломникам, совершающим хадж, помогал оплачивать дорогу, а когда Ак Едил Ходжа умер, то благодарный народ, собравшись, методом асар, воздвиг ему мазар.
До сегоднешнего дня путники, проезжающие мимо, издали увидев его, останавливаются, чтобы прочесть молитву духу Ак Едил Ходжа. Здание, строение которого напоминает юрту, выстроено полукругом.
Внутри мазара так же соблюдены формы оформления юрты. На территории Казахстана Ак Едил Ходжа являлся проповедником Ислама.
Источник:
Краевед: Баймукан Боранбай. «Исследования историко-культурных памятников Акмолинской области», 2006 год. Г.М.Камалов. http://srh.kz/content/mazarak-edily-koghi-kaghi/
Ақ Еділ Қожа қажы мазары.
Орналасқан жері: Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Жұмай ауылы. Қысқаша анықтамасы: «Ақ Еділ Қожа» жерленген жері XIX ғасырдың ерекше діни-сәулет ескерткіші болып саналады. Қожалар - Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер.
Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық, Омар, Оспан және Әли Әбу Талиб ұрпағы болып есептеледі. Қожалардың қазақ жеріне көп жаппай келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген.
Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда түрлі сопылық ағымдарды ұстанды. Қожа-молдалар кеңес үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған.
Патша үкіметі заманында сырттан шоқындыру саясатына қарсы шығып, халық арасында Ислам дінінің таралуына үлкен еңбек еткен діни ағартушылардың бірі осы Ақ Еділ Қожа болып табылады. Сол замандағы дәулетті адамдарды Ислам дініне қамқорлық қылуға жұмылдырып, олардан жиналған зекет қорынан ауыл-аймақтарда медреселер ашып қара халықтан бала жинап, елдің діни сауатын ашуға зор ықпал етеді.
Сондай-ақ көмекке зәру болған кедей-кепшіктің, жолаушы адамдардың жағдайын жасап отырған. Мұсылманның бір парызы болған қажылық сапарға бет алған тақуға жандардың жол сапарының бір бөлігін көтерісіп, демеу көрсеткен екен.
Ақ Еділ Қожа өмірден өткен соң еңбегіне риза болған ел-жұрт жиналып, асарлатып, басына мазар көтереді. Жазық далада бой көтеріп тұрған мазарға күні бүгінге дейін жолай өткен жолаушылар арнайы ат шалдырып, Ақ Еділ Қожаның рухына дұға бағыштап отырады.
Құрылысы және пішіні бойынша мазар домалақ жартылай сфералық қазақтардың дәстүрлі киіз үйді еске салатын ғимарат тәрізді. Мазардың ішінде, киіз сияқты пішін барынша тұйықталған. Ақ Еділ Қазақстан аумағында ислам дінін таратушы.
Aқпарат көзі
Жергілікті өлкетанушы: Маймұқан Боранбай.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу құжаттары «Қазқайта қалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ жиынтық бөлімі зерттеді. 2006 ж. Ғ.М. Қамалов.