You are here
Мазар Каныкей.
Древние мазары в Акмолинской области.
«Чтобы вынести историю собственной жизни, каждый добавляет к ней немножко легенд»
Марсель Жуандо.
Поездки по Коргалжынскому району.
Мазар Каныкей расположен на высоте 328 метров над уровнем моря, находится на северо-востоке от Тениз-Кургалжынской впадины, в 380 метрах на северо-запад от правого берега реки Нура, в 4,4 километрах на север от поселка Оркендеу, в 9,6 километрах на юго-восток от поселка Жумай, в 11,7 километрах на северо-запад от поселка Коргалжын в Коргалжынском районе Акмолинской области.
Мазар Каныкей датируется XVII веком. Происхождение народной легенды связано со сложным периодом в истории Казахстана - казахско-джунгарскими войнами XVII - XVIII веков. Более трехсот лет назад Коргалжынская местность Өркендеу, буквально означающая «развитие, расцвет», служила своеобразной границей между казахами и калмыками, и часто завоевывалась то одними, то другими.
В один из военных походов, предпринятых калмыками, отправилась 15-летняя дочь хана - красавица Каныкей. Однако калмыки, потерпев поражение от казахов, вынуждены были отступить. Во время отступления мчащийся на скаку конь Каныкей споткнулся, и ханская наследница погибла.
Девушку похоронили в степи, обложив могилу красным кирпичом. Вскоре казахи, освободив свою территорию, стали селиться по всей свободной степи. В местности Оркендеу со своим аулом поселился знатный бай Отекара.
Через несколько лет, потеряв своего единственного, сына Байбека, Отекара возвел над его могилой мазар. Стоимость мазара-памятника, оцененного в двадцать лошадей, выплатили мастеру Бекболату.
Легенда же, связанная с именем Каныкей, настолько была популярной в народе, что со временем имя Тайбека Отекараулы стало забываться, и мазар стал называться «Каныкей». Мазар Каныкей обследован в 1979 году сотрудниками Акмолинского областного историко-краеведческого музея.
Географические координаты мазара Каныкей: N50°37'25 E69°51'55
Мазар Қаныкей.
Ақмола облысындағы ежелгі мазарлар.
«Өз өмірі туралы әңгіме жазу үшін бәрі оған кішкене аңыз қосады»
Марсель Жуандо.
Қорғалжын ауданына саяхат.
Мазар Mazar Qanıkey Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Амангелді ауылдық округінде орналасқан. Қысқаша анықтамасы: Қаныкейдің жерленген жері XVII ғасырдың ескерткіші болып саналады. Халық аңызының XVII-XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы Қазақстанның тарихи кезеңімен сәйкес келеді.
Үш жүз жыл бұрын Қорғалжынның «Өркендеу» жері «өркендеу, даму» осы жерлер қазақ пен қалмақтар арасында шекара болып саналып, бір-бірімен жиі-жиі басып алынып отырды. Аңыз – әңгіме: Сол бір жорыққа толы замандарда қазақ пен қалмақ арасында соғыс жиі орын алып, жеңіс екі жаққа алма - кезек ауысып отырса керек.
Осындай бір жорыққа қазақ ханының Қаныкей атты бойжетіп қалған 15 жасар қызы аттанған екен. Хан қызының қасында құралайды көзге атқан қырық нөкері болыпты. Бұл мерген қыздар соғысқа тікелей араласпай жебе жетер жерден жаудың қолбасшыларын көзден атып, қалмақтарды көп шығынға ұшыратып отырса керек.
Қол бастайтын батырлары бірінен соң бірі ат жалын құшып жатқан соң, қалмақ ханы арнайы жасақ құрып, қырық қыздан тұратын мергендер тобын біржола құртпақ болады. Сай тасындай іріктелген жүз жігіттен тұратын жау жасағы соғыстың бір қызған кезінде қазақ қолын айналып өтіп, мерген қыздарға тұтқиылдан ұрыс салады.
Күтпеген жерден тап берген жауға қарсы шегені ұрыс салған қыздар оңайшылықпен алдыра қоймайды. Саны көп жау жасағымен қоян-қолтық ұрыс барысында Қаныкей қыздың аты жау найзасынан ауыр жараланып, иесін жаяу қалдырады.
Қазақ қызына тән қайсарлықпен жауға ұмтылған Қаныкейдің өліспей беріспейтініне көзі жеткен қалмақтар, өжет қызды садақпен атқылап мерт қылады. Жау әскерінің айналып өткенін біліп жеткен қазақ қолы Қаныкейдің кегі үшін қалмақтарды бірін де қалдырмай жер жастандырады.
Қазақ елінің намысы жолында жанын берген Қаныкей қызды арулап, батырға лайық құрметпен жер қойынына тапсырады. Басына қызыл кірпіштен биік қылып зират көтереді. Уақыт өте келе жауын-шашын мен қар суы, жазық даланың желі зират кірпішін мүжіп, тегістеп жібереді. Қаныкей қыздың зираты жатқан сол мекен Өркендеу деп аталады екен. Кейінірек осы Өркендеуге Өтеқара деген бай қоныс тебеді. Мыңғырған мал айдаған байдың Байбек деген жалғыз ұлы бар екен.
Ажал айтып келмейді демекші, бір күні бай баласы қаза тауып, ата-анасы қайғы жұтып қалады. Жан дегенде жалғыз ұлынан айырылған Өтеқара бай ұлының басына үлкен қылып жерленген жерін көтереді.
Бірақ халық бай ұлының жерленген жері екенін білсе де, ерлігімен есте қалған Қаныкей қыздың атымен атап кеткен екен. Бұл жерленген жер жазық далада мен мұндалап сонау бір жаугерлік заманның белгісіндей болып әлі тұр.
Жергілікті өлкетанушы: Маймұқан Боранбай
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу құжаттары «Қазқайта қалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ жиынтық бөлімі зерттеді. 2006 ж. Ғ.М. Қамалов.
Источник и фотографии:
Краевед Маймукан Боранбай.
https://apgazeta.kz/2018/10/10/sakralnaya-geografiya-mavzolej-uali-xana-mazar-kanykej/
Литература:
Общий отдел РМК ҒЗЖФ «Қазқайтақалпына келтіру», документы исследований памятников культуры и истории Акмолинской области. http://srh.kz/content/mazar-kanykey/