You are here
Дулатов Миржакып.
Выдающиеся люди Казахстана.
«В разных местах я незавидное дерево
Нет на нем роскошных плодов.
Но целиком и от корня я здешний.
Алаш! (Земляк мой!).
Плоды мои - твои.
Спит казах беспробудно.
Сгорим ведь в огне, если не проявим прыти,
Все народы двинулись вперед,
Лишь наш народ катится назад,
Стараясь не сделать хотя бы шаг вперед.»
Дулатов Мыржакып.
Лучшие люди Казахстана.
Дулатов Миржакып (Мир-Якуб) – великий поэт, писатель, публицист, просветитель-педагог, вошел вместе с А. Букейхановым и А. Байтурсыновым в ту тройку, которая обозначила веху возрождения национального самосознания казахов в ХХ веке.
Миржакип Дулатулы родился 25 ноября 1885 года в ауле №1 Сарыкопинской волости Тургайской области и уезда. Происхождением из рода Мадияр, входящего в состав племени Аргын Среднего жуза.
Мальчик рано лишился матери Демеш, она умерла, когда ему было всего два года, а отец Дулат умер, когда мальчику было 12 лет. Когда мне исполнилось 8 лет, отец отдал меня на обучение аульному мулле, человеку крайне невежественному. Не помню, сколько времени учился у него, знаю только то, что кроме заучивания арабских молитв ничему не научился».
Затем он два года учится в сельской школе на русском и казахском языках, еще два года – в русско-казахском училище и получает звание учителя сельской школы. Обучал аульных детей. Часы досуга посвящал самообразованию, много и жадно читал книги казахских, русских, европейских и восточных авторов.
Миржакип закончил начальную школу в ауле. В 1901 году он поступает в Государственное русско-казахское училище, педагогический класс которого закончил в 1902 году, став сельским учителем. Преподавателем казахского языка в этом училище был Ахмет Байтурсынов, с которым в дальнейшем будет неразрывно связана литературная и политической деятельность Миржакипа Дулатова.
В 1904 году произошло событие, изменившее всю его жизнь. В Каркаралы он вновь встретился с Ахметом Байтурсыновым и Алиханом Букейхановым. Под влиянием этих двух лидеров нарождающегося казахского реформистского национального движения он приобрёл антиколониальное, антироссийское мировоззрение.
Первый стихотворный опыт был напечатан в первом номере казахской газеты «Серке» в Петербурге. «Серке» название странное для русского уха и привычное для казахского, стосковавшегося в закованном в гранит городе по привольным степным просторам: серке – вожак, выводящий заблудшую овечью отару в буран на дорогу. М. Дулатов публикует в «Серке» страстное стихотворение «К молодежи».
Первое собрание стихов «Оян, казак», вышло в 1909 году, сразу разошлось и было переиздано в 1911 году. Заголовок книги послужил манифестом, призывом к народу того поколения интеллигентов начала ХХ века, одним из ведущих вдохновителей которого Мыржакып Дулатов считается по праву.
В 1911 году сборник «Оян, казак» был конфискован, - как отметил сам автор, - главным управлением по делам печати. Смагул Садвакасов в предисловии к книге «Молодой Казахстан» (1928 г.) писал: «В начале этого столетия появляются первые последователи Абая.
К ним можно причислить ныне живущих А. Байтурсынова, М. Дулатова, М. Жумабаева. Первый роман на казахском языке под названием «Бакытсыз Жамал» («Несчастная Жамал») вышел в 1910 году. Автором его является вышеупомянутый М. Дулатов.
Роман описывает жизнь угнетенной казахской женщины, продаваемой, как вещь, за калым и имел огромный успех, доставив автору небывалую славу. Большое значение придавал Дулатов созданной, как он считает лишь благодаря самоотверженному труду и умелому руководству А. Байтурсынова, газете «Казах», выполнявшей роль общественно-политического издания, и просуществовавшей до октября 1918 года».
Жизни и творчеству А. Байтурсынова он посвящает позднее очерк (1922 г.). Активно сотрудничал в 1911 году Мыржакып и в первом казахском журнале, где появились его рассказы и стихи. В 1915 году выходит сборник стихов под общим названием «Терме».
После Октябрьской революции М. Дулатов работает в различных редакциях, продолжает писать, задумывает труд (остался незавершенным) по истории казахского народа. В 1928 году он был арестован, сидел два года в тюрьме, затем был сослан в Соловецкий лагерь, где и умер 5 октября 1935 года.
Живы четверо внуков (Динар, Нурлан, Жанат, Ерлан) дети его дочери Гульнар, врача по профессии. Жизнь и творчество М. Дулатова тесно связаны с партией «Алаш» и правительством «Алаш Орды».
Мыслящие люди, и в их числе М. Дулатов, не могли остаться в стороне от процесса колонизации, когда в край нахлынула по воле царской администрации, более 1,5 млн. переселенцев, которым были переданы лучшие земли.
Для выхода из создавшейся ситуации они считали необходимым избавиться от бескультурья, невежества, самоуспокоенности и покорности, пробудить в народе стремление к просвещению, науке, предприимчивости.
Здесь они были продолжателями просветителей XIX века. Находясь в тюрьме на допросе в 1929 году в ответ на обвинение в «национализме», он пояснил: «Мы хотим, чтобы наше отечество принадлежало нам». М. Дулатов резко выступал против реформирования арабского алфавита, считая языковую реформу средством разорвать связи народа с его письменной историей.
Это положит начало потере родного языка, отчуждению народа от собственной истории. Он остро почувствовал лицемерие тогдашних деклараций о якобы «государственном статусе» казахского языка и всячески старался отстаивать права казахского языка и религии.
Даже перед неправедным судом он не склонил головы и заявил в последнем своем официальном слове: «Ради будущего своего народа я обязан делать все возможное. Если я заблуждаюсь, то вместе с народом... Рано или поздно, истина восторжествует».
И сегодня, вновь придя к нам, Мыржакып Дулатов продолжает стоять на позициях трудового народа. И теперь уже навсегда останется с ним.
Литературный музей Ахмета Байтурсынова и Миржакыпа Дулатова, расположен в поселке Тургай Жангельдинского района, Костанайской области. В родном ауле Бидайык, который расположен в 108 километрах на север и немного восточнее от поселка Торгай находится мавзолей Миржакыпа Дулатова.
Стихотворения Миржакыпа Дулатова.
Рассвет.
Вот наступил рассвет.
Над горною грядой
Лучи, скользя, пронзают чередой
И синий лес, напоенный хвоей,
глади вод. Зеркальный их покой
Манит стада и косяки гусей.
Две пары чудно-белых лебедей,
Блестя на крыльях огневой зарей,
Плывут, играя легкою волной.
В тени густого камыша
Таится тигр, чуть дыша,
Глядит, как пробирается кабан,
До пиршества оставив два прыжка.
Июльский зной. Пугая дроф,
Пыль поднимая до жемчужных облаков,
Летит, вздымая степь, Тулпар,
Готовый для игры в кокпар,
Готов для битвы и стихов,
Хвост распушил - вот я каков!
o Рассвет все ярче, все светлей,
И песни из души моей-
То лебеди, бул-бул, корсак,
А то как дикий Аргамак.
Навстречу солнцу, свету, дню
Всем Музой чистой воздаю.
Пожалейте сирот.
(Следуя за Тукаем)
Там, за толстым пологом,
Не слышно, как вьюга метет,
Дом тот - полная чаша -
На столе и баурсаки, и мед,
Улыбаются дети - самовар им
Поет и свистит, и огонь ярко
Светит, полыхая в печи,
Мать их нежно ласкает,
И отец, улыбаясь в усы
На домбре повторяет Заветы Жаяу Мусы.
Как птенцы, засыпают дети
В теплом уютном гнезде.
Отчего же так сердце
Тревогой сжимает во сне?
Громким стуком врываясь,
Боль, как черная птица, - к беде,
В мире бренном и страшном,
Сколько сирот забытых, коке!
Умирают, как звери, в несчастной
Аллахом проклятой земле.
И Разве может покой и уют
Душу греть в этой тьме?
Разве счастье, довольный, ты
Можешь вкушать, как кеспе,
Слыша плач, видя вдов, -
У которых Година Лихая
Отняла близких и кров?
Неужели и ты от порога
Прогонишь их в ночь?
Неужели, оскалившись волком,
Прорычишь злобно:
"Прочь!" Ведь не жир в твоем сердце, а горячая кровь!
Приласкай сироту, не скупись на любовь,
Не жалей, не скорби - время чести придет,
И Всевышний, вернувшись, всем стократно вернет.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ ЖӘНЕ ТАРИХТЫ ЖАСАҒАН ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ.
«Біз Міржақып Дулатовтың барлық сөзін түгел естіп, барлық жазғынын түгел оқып болған жоқпыз. Бірақ, сонымен қатар, бүгінгі оқып білгендеріміз де аз емес».
Ә. Тәжібаев.
Биыл 25 қарашада Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толады. Бұл Алаш арысының тағдыры күрделі, өмір жолы бұралаң болды. Өз заманының озық ойлы қайраткері қайтсем қараңғы қазақ тағдырына ортақтасып, оны оятып сілкінтем деумен өтті.
Осы орайда оның туған халқы үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Міржақып Дулатов – Алаштың көрнекті қайраткері. 1885 жылы Торғайдың Қызбел деген жерінде дүниеге келген. Екі жасында анасынан, он екі жасынан әкесінен айырылып, Асқар ағасының қолында өседі.
1897 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз школына қабылданып, онда бес-жыл оқиды. 1902-1904 жылдары Торғай уезінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1904 жылы Омбыда Алаш қозғалысының көсемдері Ә. Бөкейхан және А. Байтұрсынұлымен танысады.
Осы кезден бастап белсенді аясы күреске араласады. Ол әділетті қоғам құру идеясымен қаруланып, патшалық отаршылдық әкімшілікпен белсене күреске қосылады. 1905 жылғы революция күндері Қарқаралыдағы демонстранттар қатарында болады, Орал қаласында ашылған (1906 ж.) «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы» съезінің жұмысына қатысады, сол съезд делегаттарының құрамында Петербургке барады.
Дулатов либеральдық-демократиялық «Алаш» партиясының бағдарламасын жасаған қайраткерлердің бірі еді. Сол «Алаш» партиясы өткен ғасырдың басында біздің мемлекетіміздің болашағы туралы қам жеді, парламентаризм және Президенттік институтты құруды жақтады.
Бұл идеялар, қазір көріп отырғанымыздай, тәуелсіз Қазақстанда іске асып, дами түсуде. Бүгідер тәуелсіз Қазақстан кешегі Кеңес Одағы құрамында болған елдер ішінен сенімді түрде көш бастады, халықаралық ең бір беделді ұйымдардың бірі-Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде.
Міржақып Дулатов-талантты ақын еді. Ол өзінің алғашқы орыс революциясында көріп, көңілге түйгендерін Петербургте шығатын «Серке» газетінде (1907 ж.) жарияланған «Жастарға» атты өлеңінде паш етті. Осы газеттің екінші санында оның «Біздің міндеттер» атты мақаласы жарияланды.
Онда ол патшаның ұлттық шет аймақтардағы саясатын өлтіре сынады. Сондықтан да газеттің сол саны тәркіленді, кейін бұл басылымды мүлдем жапты. Жақанның алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы «Оян, қазақ!» деген атпен шықты.
Қазан қаласында жарық көрген бұл кітап қысқа уақыт ішінде екі рет қайта басылды, бірақ патша үкіметінің қырағы сақшылары оған да тиым салып, қолдағы даналарын тәркіледі. Цензура бұл кітаптың шығуын қазақ интеллигенциясының патша үкіметінің отаршылдық саясатына және орыс шаруаларын қазақ даласына жаппай қоныстандыруға қарсы әрекеті деп бағалады.
«Оян,қазақ!» және ұлы Ахмет Байтұрсыновтың «Маса», «Қырық мысал» және басқа еңбектері сол кезде қазақ даласын дүр сілкіндірген, сананы оятқан, күреске жігерлендірген еңбектер еді.
Мұндай жағдайда автордың қудалауға түскеніне еш таңданыс болмаса керек.
1911 жылдың 6 маусымынан 1912 жылдың аяғына дейін ақын Семей түрмесінде жатады. Қудалауға қарамастан Дулатов әдебиеттен бас тартпайды. «Бақытсыз Жамал» романын жазып, онда әйелдер теңдігі мәселесін көтереді.
Қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Көшке Кемеңгеров Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабын Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасымен, ал романын Карамзиннің «Бедная Лизасымен» теңейді. Міржақып атамыз өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі журналистік еңбектерінде қайраткер тұлға ретінде көрінеді.
Ол Мемлекеттік дума мінберін Қазақстандағы әлеуметтік-саяси, жер проблемаларын шешу үшін белсенді пайдалану қажеттігіне үндейді. Дума жұмысына қазақ депутаттарының араласуын, Үкіметте жоғары білімді, саяси сауатты, Ресейдің ұлттық шет аймақтары мүддесін қорғай алатын жандардың болуын қалайды.
Дулатов ұлттық саяси күштерді біріктіру үшін «Қазақ» газетінің редакциясында Ахмет Байтұрсыновпен бірге қоян-қолтық еңбек етіп, талай публицистикалық мақалалар жазады, өткір де жанды өлеңдерімен қоғамның қаны шығып тұрған сорақылығын сынайды.
Ол Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы кезінде баррикаданың екінші жағында болған тұлғаларға жатады, бірақ кейін еңбекшіл халық жағына шығады. Сондықтан да М. Дулатов шығармашылығы ұзақ уақыт бойы буржуазиялық-ұлтшыл бағыттағы, Кеңес үкіметіне қарсы бағытталған деп бағаланып келді.
1919 жылы Алашорданың көптеген қайраткерлерімен бірге М. Дулатов Кеңес үкіметі жағына шығады. Үкімет оған кешіріммен қарап, «Ақ жол» газетінің редакторы етіп тағайындайды. Кейін ол «Еңбекші қазақ» газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында еңбек етіп, талай құнды дүниелер жазады.
1921 жылы Қазақ мемлекеттік баспасының бөлімін басқарады. Қайраткер 1922 -1 926 жылдары Орынборда қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО, 1920 жылы ашылған) ұстаздық етеді. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының мүшесі болады.
1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында республикада Казкрайнамның сол кездегі бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің шешімімен революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясын қудалау басталады.
Дулатов 1928 жылы тұтқындалады және 1930 жылы ол өлім жазасына кесіледі, кейін бұл үкім он жылдық бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Ол сонау алыстағы Карелиядағы Соловец лагерінде 1935 жылы 5 қазанда қайтыс болады.
Тек 1988 жылы қараша айында ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясының көшбасшысы, көрнекті журналист, дәрігер, математик, құқықтанушы, аудармашы, әдебиетші, бір сөзбен айтқанда, сан қырлы талант Міржақып Дулатов ақталды. Кейін оның сүйегі алыстағы Соловецтен туған жерге жеткізілді.
М. Дулатовтың тіл мәселесіне қатысты біраз еңбектері бар. «Әліппе мен жазу ережелері туралы», «Жазу тәртібі», «Цифр жазуы», «Әліппе айтысында сөйлеген сөзі», «Ұлы» ма, «ов» па?, «Жаңа жазу ережелері» сияқты еңбектерінде емле, әліпби мәселесіне тоқталса, «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның құлағына алтын сырға», «Жат сөздер туралы», «Газет тілі оңды болсын» т.б. мақалаларында қазақ тілінің жайы, кірме сөздер, эсперанто туралы жазады.
Мақалаларында сол кезеңдегі Қазақстандағы тілдің ахуалына, қазақыландырудан тілдің түрлі сорақылықтарға тап болғанын ашына айтады. «Біз, Қазақстан халқы...» - деп Конституциямыздың алғашқы бетінде жазылған бұл сөйлемде мемлекетті өркендетуге, жаңа әділетті қоғам құруға ұмтылған көптеген ұрпақтардың тарихи сабақтастығының барлық терең мәні шоғырланған.
Мемлекет – бұл тек аумақ, азаматтардың бірлігі, билік институттары ғана емес, сонымен қатар ол өз беттерінде бұдан бұрыңғы ұрпақтардың тәжірибесі мен жақсы болашаққа деген сенімдерін топтастыратын Конституция».
Міржақып Дулатұлы. «Оян, қазақ!»
Қайғырады қала мен дала бүгін.
Жұбатады бала мен ананы кім?
Қаза тапқан қапыда арыстарды
Аза тұтқан ағайын – азалы күн.
Төңіректе тұтасып қара түтін,
Қара тізім ұзарып барады тым.
Тарс атылып тажалдың тапаншасы,
Бар қазақтың жүрегі жаралы күн!
Қаның, жұртым, соншама салқын дедім,
Қайтара ма қарайған халқым кегін?
Қайда бүгін алаңда Заманбегім,
Нүри, Асхат, Батырхан, Алтынбегім?
Менің бүгін ашынған сиқым ерен,
Күңіреніп көңілден күй төгер ем.
Өз қолымен баласын қаза қылған,
Қазағымның дұшпаны - ұйқы дер ем!
Жайсаңдарың көз жұмды небір асыл!
Көзің ашыл! Көкірек, көңіл ашыл!
Тас атқанды асыңмен атып жүрсің,
Оқ атылды! Енді, сен, неғыласың?
Өлмейтұғын өмірлік жандай бәрі,
Саясаттың сиқыры арбайды әлі.
Дүрсілінен мылтықтың оянбадың,
Саған берген тажалың қандай дәрі?
Сен болмасаң күдерді үзер ме едім?
Құқығы жоқ, қағазда - құзырлы елім!
Дес бермеп ең жоңғарға, қалмаққа да,-
Бір тажалдың алдында тізерледің!
Атты бүгін қыранды, ұранды Күн!
Қиянатқа қасқайып тұрам бүгін.
Дәстүрдің де озығы, тозығы бар,
Құрсын сенің мақтанған шыдамдығың!
Дәтің сенің ұйқыда беріктей ме!
Оянар ма жігер мен ерік кейде?
Жантәсілім етерде, жарықтық-ай,
Тышқақ туша тұяғын серіппей ме?
Сен сырқатсың, мен қалай сау тұрамын?
Шүкірліктің жаттап ап жәутік әнін.
Қойдан жуас қазағым қалғымағын,
Елтаңбаңа салып ап тау қыранын.
Бетсіздігі биліктің безеріп құр,
Өктемдігін сақтауға өзі өліп тұр!
Боздақтарды жайратып салған жендет
Тапаншасын төсіңе кезеніп тұр!
Күрсінуден ұйқасым шашылған күн,
Ақымақтың арты да ашылған күн.
Полицай мен КНБ басынған күн, -
Туар ма екен, қазағым ашынған күн?
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Шенеунігің салады сайран, жұртым.
Бір адамға билікті беріп қойып,
Тұғырынан тұқырып тайған жұртым.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Соңғы лағын қонаққа сойған жұртым.
Миллиардтарын тажалға бере салып,
Үш мың теңге қайырға тойған жұртым.
Бұл жұрт – небір қорлықты көрген жұртым,
Амал нешік? - деп соған көнген жұртым.
Арыстарға араша түсе алмаған,
Намысында Кеңсайға көмген жұртым!
Табынатын бұл елде бар ма шындық?
Күтер қандай ерлерді алда сұмдық?
Өркениет барады шаң қаптырып,
Оян, қазақ, ұйқыдан сан ғасырлық!
Мал мен жаның – садақаң, қолдаушың –Ар,
Бұл фәни де шынымен жалған шығар.
Ұйқыдағы батырдай жатып алдың,
Оян, қазақ! Ұйқың да қанған шығар!
Көз жасыма жырымды боятамын,
Қайда қалды Алашқа сай атағың!
Құрбандардың қағамын қоңырауын!
Оян, қазақ! Мен сені оятамын!
Оян, қазақ! Мен сені оятамын!
Источник и фотографии:
http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/revolution/figures/zhangeldin/ Костанайский инженерно – экономический университет им. М. Дулатова. Қостанай инженерлік – педагогикалық университеті.
Костанайский инженерно – педагогический университет. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университеті. Костанайский инженерно – экономический университет им. М. Дулатова.