You are here
Памятник Богенбай батыру в Ерейментау.
Религиозный туризм по святым местам Акмолинской области.
«Если ты шипы посеешь, винограда не соберешь!»
Ас-Самарканди Мухаммед ибн Али.
Прогулки по сакральным памятникам Акмолинской области.
Комплекс объектов, связанных с именем Богенбая батыра (место захоронения, стела и исторический музей). В Ерейментауском районе и районе Биржан сал Акмолинской области есть ряд сакральных объектов, связанных с именем легендарного батыра Богенбая.
В1775 году Канжыгалы Богенбай батыр из села Ереймен откочевывает на летнее пастбище Силети. В ходе кочевки, у притока Кийкбай озера Селеты, в возрасте 98 лет Богенбай батыр умирает. В это время хан Абылай выезжает в Омск.
До приезда хана было изготовлено высокое место коптения из бревен, чтобы тело батыра не подверглось разложению, его бальзамировали. Место это находится в 1,5 км от поселка Аксу района Биржан сал.
С тех пор оно было названо «Бөгенбай сөресі». За защиту казахского народа, ратные подвиги Богенбай батыра люди хотели причислить его к «святым», поэтому просят хана Абылая издать указ, чтобы тело батыра похоронили внутри мавзолея Ходжа Ахмета Яссауи в городе Туркестан.
Умбеттей жырау оповестил хана Абылая о смерти Богеная:
О, жамағат, жамағат!
Қаз дауысты Қазыбек
Шақшақ ұлы Жәнібек
Қаракерей Қабанбай,
Kанжығалы Бөгенбай,
Үшеуі батыр,бірі би,
Тәңірім берген сондай сый
Сол төртеудің біреуі –
Батырың өлді Бөгенбай! - жырлапты.
Батырынан айырылған Абылай хан:
Бәрін айтта ,бірін айт,
Қанжығалы Бөгенбайды айт,
Ақылдың жатқан үйін табушы еді, – высказал он свою горечь-сожаление.
Хан выполнил пожелание народа, отправил тело Богенбая батыра в Туркестан. Его внучатый племянник из рода адай, дети Туранали, Турымбет, Аргынбай, Жылкыбай и еще 40 человек похоронили Богенбая батыра в здании мавзолея Ходжа Ахмета Яссауи.
Источники и фотографии:
народные предания, данные, представленные краеведами. http://srh.kz/content/kompleks-obyektov-svyazannyh-s-imenem-bogenbaya-batyra-mesto-zahoronen/
Ерейментаудағы Бөгенбай батыр ескерткіштері.
Ақмола облысының қасиетті ескерткіштерімен серуендейді.
«Егер тікен сепсең, жүзім термейсің!»
Ас-Самарқанди Мұхаммед ибн Әли.
Ақмола облысының киелі жерлеріндегі діни туризм.
Қанжығалы Бөгенбай батырдың атымен байланысты кешен (жерленген жері,стеласы және тарихи музейі). Ерейментау ауданындағы барлық объектілер кешені әйгілі Бөгенбай батырдың атымен белгілі.
Олардың барлығы облысымыздың рухани киелі жерлері болып келеді.
1775 жылы Ереймендегі Қоржынкөл басындағы Қанжығалы Бөгенбай батыр ауылы Сілетідегі жайлауға көшіп шығады. Сілеті өзенінің терістігінде ағып жатқан Киікбай өзекшесінен өткен соң орналасқан жаппа күркенің ішінде 98 жасында Бөгенбай батыр дүние салған.
Ол кезде хан Абылай іссапармен Омбы жағына кеткен болатын. Хан келгенше қарағай бөренелерден биік сөре жасап, мәйітті тұздап, былғарыға орап, сонда сақтайды. Қазіргі таңда, жерленген жері Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Ақсу ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан.
Сол жер кейін Бөгенбай сөресі деп аталады. Қазақ халқын қорғауда батырдың ерен еңбегін ескерген жұрты Абылай ханнан Бөгенбайды «әулиелілер» қатарына қосып, денесін Түркістанға апарып Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің ауласына жерлеуге жарлық шығаруын сұрайды.
Бөгенбайдың өлімін Абылай ханға естірткен Үмбетей жырау былай деп:О, жамағат, жамағат!
О, жамағат, жамағат!
Қаз дауысты Қазыбек
Шақшақ ұлы Жәнібек
Қаракерей Қабанбай,
Kанжығалы Бөгенбай,
Үшеуі батыр,бірі би,
Тәңірім берген сондай сый
Сол төртеудің біреуі –
Батырың өлді Бөгенбай! - жырлапты.
Батырынан айырылған Абылай хан:
Бәрін айтта ,бірін айт,
Қанжығалы Бөгенбайды айт,
Ақылдың жатқан үйін табушы еді, - деп күйініш білдірген екен. Хан халық тілегін орындап, Бөгенбай батыр денесін Түркістанға аттандырады. Басы немере інісі Адай болып, балалары Тұранәлі, Тұрымбет, Арғынбай, Жылқыбай бастаған қырық кісі Бөгенбай батыр мәйітін Қожа-Ахмет Яссауи әулие жатқан ғимараттың ауласына барып жерлеп қайтады.
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының кіре берісіндегі ескерткіште «Бұл жерде 1775 жылы қазақтың қамал қорғаны болған батыр Бөгенбай қайтыс болған» деген жазуы бар тот баспайтын темірден тақтайша орнатылды.
Деректемелер:
халық аузынан естіген аңыз. http://srh.kz/content/kompleks-obyektov-svyazannyh-s-imenem-bogenbaya-batyra-mesto-zahoronen/