You are here
Мазар Умбетея жырау.
Выдающиеся архитектурные памятники Казахстана.
«В знанье - величие и краса,
Знанье дороже, чем клад жемчужин:
Время любой уничтожит клад,
Мудрый и знающий вечно нужен»
Ас-Самарканди Мухаммед ибн Али.
Архитектурные достопримечательности Акмолинской области.
Мазар Умбетея жырау находится в 15 километрах от станции Коржынколь Ерейментауского района Акмолинской области. Сказитель Умбетей родился в 1706 году в нынешней окрестности Қаратау Южно-Казахстанской области.
Это было время вражды и войн. Он являлся верным спутником и сказителем в походах своего брата, известного казахского батыра Канжыгалы Богенбая. Довольно большое количество произведений сказителя Умбетея на самые злободневные темы дошли до наших времен.
Наставником его являлся отец Тилеу. Сказитель Умбетей был искусным летописцем, акыном, кобызистом, освоившим народное ремесло, а также прорицателем. Умбетей Тилеулы – мастер дидактической поэзии.
В его хвалебных песнях можно найти много сведений о борьбе с врагами прославленных батыров. Одно из сказаний, где повествуется о деятелях и политических событиях того времени – сказание «О смерти Богенбая».
Песни и сказания Умбетея исполняли его потомки и такие акыны, как Аманжол Альжанулы. Последний перенес на бумагу поэтическое наследие Умбетея, передал его институту литературы и искусства имени Мухтара Ауезова.
В его сборнике «Бес ғасыр жырлайды» собраны произведения сказителя. У Умбетея было четыре сына: Атебек, Батырбек, Белденжан и Бокан. От Белденжана – Буйра, от Буйры – Жузбай, от Жузбая – Карисмагул, от Карисмагула – Атай, от Атая – Женис, Мэлс, Куат.
Потомки Умбетея живут в поселке Шакей Ерейментауского района. Умбетей – видный деятель поэзии, искусный летописец, акын. Всю свою жизнь находился в гуще борьбы казахского народа против джунгарского нашествия, воспевал исторические события.
Он смело разоблачал несправедливость по отношению к народу, был честен и решителен, говорил правду в лицо ханам и султанам. Умбетей жырау воспевал защитников родины в своих сказаниях «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Аблайханға естірту» и др.
Высокий художественный уровень произведений Умбетея хорошо прослеживается в посвящении усопшему Канжыгалы Богенбаю:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың.
В сказаниях говорилось не только о подвигах Богенбай батыра, были строки и про Қаракерей Қабанбая, Қаз дауысты Қазыбека, батыров Жәнібека, Баяна и других героев времен Абылая.
Источник и фотографии:
1.Народные предания, исследования краеведа Адрешова М.Б.
2.Сведения о сказителе Умбетее есть в книгах Сайлауа Байбосына «Ерейментау» /2009г./, Бокеша Мейрама «Дала мен қала» /2017г./, «Бес ғасыр жырлайды», 1 том.
3.Казахстан, Национальная энциклопедия, том 5, книга «Исторические личности».
http://srh.kz/content/mesto-zahoroneniya-umbeteyaghyrau/
Үмбетей жырау жерленген жер.
Ақмола облысының архитектуралық көрікті жерлері.
«Білім - бұл ұлылық пен сұлулық,
Інжу қазынасынан гөрі білім қымбат:
Кез-келген уақыт қазынаны жояды
Ақылды және білімді адам мәңгіге керек»
Ас-Самарқанди Мұхаммед ибн Әли.
Қазақстанның көрнекті сәулет ескерткіштері.
Орналасқан жері: Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл станциясынан 15 шақырым жерде орналасқан. Қысқаша анықтамасы: Үмбетей жырау 1706 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау өңірінде дүниеге келді.
Бұл кезең жаугершілік заман еді. Өзінің ағайыны, қазақтың аса көрнекті батыры Қанжығалы Бөгенбайдың жорық жырауы, жауынгер серігі болады. Үмбетей жыраудың алуан тақырыптағы біршама туындылары біздің заманымызға жеткен.
Жыраудың өнердегі де, өмірдегі де ұстазы – өз әкесі Тілеу болған екен. Үмбетей жырау қаһармандық жырларды, аңыздар мен шешендік сөздерді жетік меңгерген даңғыл көкірек ақын әрі шежіреші, халық музыкасын жақсы меңгерген қобызшы, сонымен бірге сәуегей абыз адам болған.
Үмбетей Тілеуұлы – дидактикалық поэзияның шебері. Сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол мәлімет беретін Үмбетей жырларының бірі – «Бөгенбай өліміне» жыры. Жыраудың өлең - жырларын артында қалған ұрпақтары және Аманжол Әлжанұлы секілді ақындар ауызба-ауыз айтып күні бүгінге дейін жеткізген.
Аманжол Әлжанұлы Үмбетей мұраларын қағазға түсіріп, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырғанын және «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жыраудың жинастырған өлеңдері берілгенін атап айтуға болады.
Үмбетей қолбасшыларды, хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға байланысты сынап, әділ пікірлерді тілге тиек еткен. Оның жыраулық қабілеті, әсіресе жоқтау түрінде екенін айдан-анық көруге болады.
Мысалы, “Бөгенбай қазасын Абылай ханға естіртуі” жырында Бөгенбай батырдың өлімі арқылы Абылай ханға жеткізіп, естірту “жанайқайын” байқауға болады. Жалпы Үмбетейдің толғауларында сыни көзбен қарау ұстанымдары орын алады.
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі. Шежіреге сүйенсек, жырау арғын қанжығалы ішінде жолымбет руынан тарайды. Үмбетей жыраудан төрт ұл дүниеге келген: Әтебек, Батырбек, Белденжана, Боқан.
Белденжанасынан – Бұйра, Бұйрадан – Жүзбай, Жүзбайдан – Кәрісмағұл, Кәрісмағұлдан – Атай, Атайдан – Жеңіс, Мэлс, Қуат туады. Үмбетей жыраудың ұрпақтары негізінен Ерейментау ауданының Шәкей ауылында тұрады.
Ерейментау ауданының Қоржынкөл станциясының оңтүстігіне қарай, 10 шақырым жерде Мыңшұңқыр деген қорымда орналасқан. Үмбетей - жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, адуынды ақын, данагөй абыз.
Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ, тура өлеңдер қалдырған. Үмбетей жырау - елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен.
"Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді.
Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың -деп, халқына
Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетті. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасшы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Сол замандағы батырлардың ерлік істерін барынша толғап, кеңінен жырлап, әдеби образдарын жасап кеткен. Үмбетей жыраудың “Ертедегі әдебиет нұсқалары”, «Бес ғасыр жырлайды», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтары жарыққа шыққан.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
1. Халық ауыз аңызы, өлкетанушы- Әдірешев М.Б.
2.Үмбетей жырау туралы Жазушы Сайлау Байбосынның «Ерейментау» кітабында / 2009 ж /,
3. Бөкеш Мейрамның «Дала мен қала» кітабында /2017ж/,
4. « Бес ғасыр жырлайды» 1 том
5. Қазақстан, Ұлттық энциклопедия “ Тарихи тұлғалар” 5 том.