You are here
Мемориально-ландшафтный комплекс «Улытау».
Достопримечательности Улытау.
«Сын Джучи хана с ватагой ровесников
Мчится выслеживать стадо куланов.
Юношам страшно в ставку вернуться.
Что ждет товарищей павшего сына?
Полный недобрых предчувствий
Джучи- хан любимого сына ищет.
Люди приблизится к хану боятся,
прячут глаза и подальше отходят.
Если известие будет плохое -
олово вестнику в ухо вольется!»
Поездка из Кызылорды в Улытау.
Мемориально-ландшафтный комплекс «Улытау» находится в Улытауском районе Карагандинской области создан и открыт в 2015 году. Комплекс начинается начинается с главной площади района Улытау, где в честь 550 летия Казахского ханства установлен мемориал казахским ханам, который называется «Хан ордасы».
Это памятник хану, который восседает на троне, на белой кошме. Белую кошму олицетворяет белый мрамор, орнаменты, танги казахских родов, а позади трона – четыре огромных гранитных камня, на которых высечены имена всех ханов, начиная от Керея и до хана Кенесары.
Мемориал является собирательным образом казахских ханов. Перед мемориалом с правой и с левой стороны установлены мраморные камни с именами казахских ханов и годы их ханство. Дальше по туристическим маршрутам комплекс объединяет мавзолей Домбаул, мавзолей Жошы хан, мавзолей Алаша хан, городище Хан Орда, городище Бескамыр.
Культурно-ландшафтный комплекс Ұлытау, уже вошедший в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО, по сути является самым важным символом Независимого Казахстана. Серик Тлеубаев в своей книге описывая Ұлытау как колыбель казахского народа, колыбель нации, ссылается на устную историю, где эта местность описывается как земля плодородная, с сочными, питательными, лечебными травами, с чистыми родниками, с глубокими реками, где на вершине горы властелины степи – ханы основали ханскую ставку, где простой народ обрел дом, но и история, и сама природа говорят и показывают, что Ұлытау – это земля обетованная.
В материалах программы «Мәдени мұра» Ұлытау также поэтично описывается, как « ... край седой старины. Даже беглый перечень памятников поражает своей древностью и многообразием. Множество стоянок эпох палеолита и неолита, которыми усыпаны эти места, тысячи орудий труда первобытных людей встречаются у каждого родника и на каждой лужайке, словно предъявляя доказательства того, что эти земли с древнейших времен привлекали своей красотой и плодородием наших предков».
Географически регион Ұлытау, где происходило становление основ казахской государственности, на самом деле, является частью большего региона Сарыарқи и, он характеризуется многоплановыми артефактами от эпох бронзы и камня (археологическое наследие), курганами, мазарами, камалами (материальные объекты), ханскими резиденциями, местами сражений и захоронений периода Казахского ханства (ландшафтные объекты).
Например, одно из крупнейших сооружений из камня в Казахстане, построенное в доисламский период, мавзолей Домбаул. Форма мавзолея похожа на юрту, в казахской культуре такая форма строительства называется «дің», мавзолей был построен в честь советника Жошыхана, батыра, куйши и меткого стрелка – Домбаула.
Другой мавзолей, посвященный основателю Алтын Орды Джучи хану, является одним из самых ярких и интересных архитектурных памятников Казахстана. Также значимым объектом для этого региона является мавзолей Алаша хан с именем которого, связано образование первого государства «Алаш» (қазақ).
Все, что объединяет эти артефакты в единое культурное пространство, связано с ритуалами поклонения природноландшафтным объектам – отдельным горам, одиноким деревьям, чистым родникам, могилам отдельным суфиям.
В Ұлытау самая высокая гора называется Әулие ата, с которой стекает река Әулие бұлақ, и сама приставка Ұлы, также означает превосходную степень высоты, достижения, значимости. Практики подобного почитания восходят к одним из самых древних сакральных ритуалов поклонения мировой вершине.
С точки же зрения современной мемориальной культуры мемориально-ландшафтный комплекс «Ұлытау» начинается на главной площади одноименного села, районого центра Ұлытау, где в честь 550 летия Казахского ханства установили мемориал казахским ханам – «Хан ордасы».
Это памятник хану, который восседает на троне на «белой» кошме. Белую кошму олицетворяет белый мрамор, орнаменты, тамги казахских родов, а позади трона – четыре огромных гранитных камня, на которых высечены имена всех ханов, начиная от Керея и до хана Кенесары.
Такой памятник, по сути, является гибридным, когда собирательный образ хана олицетворяет всех казахских ханов.
Источник:
Тлеубаев С.,.Мырзабеков Б. Ұлытау – ұлттық ұясы. – Астана: Елорда, 2001. – 108 бет 15 Үлытау. Информация подготовлена по материалам Б.С. Кожахметова. Тлеубаев С.,.Мырзабеков Б. Ұлытау – ұлттық ұясы. – Астана: Елорда, 2001. – 108 бет 15 Үлытау. Информация подготовлена по материалам Б.С. Кожахметова. «По материалам полевых исследований. Ермаганбетова К. Декабрь 2016 года. «Реестр мемориальных комплексов, построенных в период независимости». «Практики и места памяти в Казахстане». Медеуова К.А., Сандыбаева У.М., Наурзбаева З.Ж., Толгамбаева Д.Т., Ермаганбетова К.С., Мельников Д.Н., Кикимбаев М.Ж., Рамазанова А.Ч., Тлепберген А.Б., Жетибаев Е.Ж., Оразбаева Д.Е., Полтавец К.А.
«Ұлытау» мемориалды-ландшафттық кешені.
Көрікті жерлер Ұлытау.
“Ақсақ құлан шошыған,
Қырда еркін жосыған.
Тынышын бұзып құланның,
Оқ атқан сіздің ұлыңыз,
Опат болды осыдан.
Хабарын соның айтуға,
Арып-ашып алыстан,
Келіп тұр мынау домбыра,
Болған істің барлығын,
Қалдырмай түгел баяндар.
Үніне оның құлақ сал,
Қаумалаған, халайық”
Қызылордадан Ұлытауға сапар.
Ұлытау - ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Кешегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан еншісін бөліп, жүректерінде жауынгерлік жалын әлі де болса өше қоймаған елін ертіп, Ұлытауды бетке алып жөңкіле көшуінде жүрегіңді соғысынан жаңылдырып, сай-сүйегіңді сырқыратар терең сыр, күрделі құпия жатыр. Бұл – кейбіреулер айтып та, жазып та жүргендей тек қана ағайын арасындағы алауыздықтан туындаған құбылыс емес.
Бұл – тарих тұғырындағы туы жығылған Алтын Орданың түтінін аңсау, бұл – ежелгі ескі жұрттың жұрнағын сағыну, бұл – дүниенің тең жартысын құзырына қаратқан кешегі кемел мемлекеттің киесін қастерлеу.
Бүгінгі күнге ертегі-аңыз деңгейінде жеткен көптеген оқиғалар сол кезеңде әлі де іздері көмескіленбеген тарихи шындық еді. Ұрпақ санасына ұялап қалған ата-бабаларымыздың елдік кескіні, ерлік дәстүрі жадта жаңғырып, жүректі жандырып, бірте-бірте орасан жойқын қозғаушы күшке айналды.
Жаратылыста алыс жолдың азабына, сол сапарда қырылған-жойылғанына қарамай, толғақты сәті келгенде жөңкіле жүзіп, мұхиттан мұхит асып, өзі өсіп-өнген теңізіне жетіп, уылдырық шашатын балықтар бар. Өйткені ұрпағының жетіліп-бекінуіне тек сол теңіздің ғана суының құрамы қолайлы, жағдайы жайлы.
Қазақ ұлты үшін Ұлытау – осындай айдын. Мемлекет – саяси-әлеуметтік құрылым, ал этнос болса, одан көп бұрын дүниеге келді. Сақ, сармат, скиф, массагет, ғұн, қыпшақ, оғыз деп атайық, бірақ арғы бабаларымыздың этногенетикалық жағынан өсіп, дамудың мыңдаған жылдарға созылған, ұзақ жолынан өтіп, жекедара қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, уығын шанышқанға дейінгі заманда Ұлытау – этностың кіндігі, Ұлы Ордасы болған.
Тарихтың атасы атанған грек шежірешісі Геродот тың б.д.д. 431 - 424 жылдар аралығында жазған 9 кітаптан тұратын “Тарих” атты түбегейлі еңбегінде бұдан 2600 жылдай бұрын Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы жайлаған алып ел – массагеттердің (сақтардың) падишасы Тұмар (Томирис) ханымның Вавилон мен Месопотамияны жайлап өтіп, массагеттерге қарай жорық жолына шыққан Азия әміршісі атанған Кирді Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасынан өткізіп алып, сол тұстан үш күншілік жердегі алқапта жер жастандырғаны баяндалады.
Оқиға былай болған: Қайтыс болған күйеуінің орнына оның Тұмар атты әйелі массагеттерге патша болады. Кир жесір қалған әйелге құдаларды аттандырып, өзінің оған үйленгісі келгенін білдіреді. Алайда Кирге өзі емес массагеттердің тағы мен байлығы, жері мен жауынгер елі керек екенін сезген Тұмар оның ниетін қабыл алмай, құдаларды кері қайтарып жібереді.
Пасық қулығы іске аспай қалған Кир массагеттерге қарсы ашық жорыққа аттанады. Сырдарияның жағасына жетіп, көпір салып өзеннен өтіп, Тұмар ханымның әскерімен соғысуға алдын-ала келісілген майдан алаңына тоқтайды.
Сол жерде көптеген мал сойылады, ет пісіріледі. Басқа неше түрлі жеңіс астардың түрлері және көл-көсір жүзім шарабы жеткізіледі. Кир содан соң әскерінің ішіндегі ең нашар дегендерін осы жерде қалдырып, өзі негізгі күштерімен кері қарай кетіп, бірнеше қырдың астында бой тасалап күтіп тұрады.
Массагеттер жасағының үштен біріндейі Кир қалдырған топқа шабуыл жасап, парсылардың тас-талқанын шығарып, қырып салады. Басқыншылардың шатырында дайын тұрған асты көрген олар жеңістерін тойлауға кіріседі.
Шарап буындарына түсіп масайып, жаппай ұйқыға кеткен массагеттерді қайта оралған Кир әскері қырып-жойып, қалғандарын тұтқынға алады. Тұтқынға түскендердің ішінде Тұмар ханымның ұлы массагет жасағының қолбасшысы Спаргапис те болады.
Қанды оқиғаның хабары жеткен Тұмар ханым Кирге елші аттандырып, оған: “Аман-есен тұрғаныңда ұлымды босатып, келген жолыңмен кері қайт” деген талап қояды. Егер қанқұмарлығына салып, соғыспақ райынан қайтпаса, онда қызыл қанға тойғызатынын ант етіп айтады. Кир құлақ аспайды. Екі арада Тұмардың мастығы тараған ұлы Спаргапис масқара болғанына намыстанып өзін-өзі өлтіреді.
Массагеттер қолын мәні мен маңызы мол шешуші шайқасқа Тұмар ханымның өзі бастап шығады. Жан алып, жан беріскен ұзаққа созылған ұрыста парсы әскерінің тоз-тозы шығып, жеңіліске ұшырайды. Еліне 29 жыл патша болған Кирдің өзі де ажал құшады.
Үлкен сабаны адам қанына толтырған Тұмар ханым Кирдің басын соған батырып тұрып: “Сенің қан ішкің келіп еді ғой, парсыларды патшасы! Мен саған беибітшілік пен еліңе қайт, әйтпесе қанға тойғызамын дегенмін, енді сол антымды орындап, қан мен шөліңід қандырып жатырмын”, - деген екен.
Француздың аса көрнекті тарихшысы А.Тьери: “Аттила (Еділ) – есімі адамзат тарихындағы ұлы қолбасшылар Александр Македонский мен Ю. Цезарьлардың қатарынан ойып орын алады”, - деп бағалаған ғұн патшасы Еділдің бүгінгі Италия, Алмания, Грекия, Румыния, Венгрия халықтары мекендейтін батыс бағытқа жасаған жойқын жеңімпаз жорықтары V ғасырдағы осы түркі тектілердің ұлт болып ұйыған өлкесі, киелі кіндігі – Ұлытау төңірегінен басталған.
Ұлы қолбасшы Шыңғысханның бүгінгі қазақ даласындағы түңғыш күрделі шайқасы Ұлытаумен жапсарлас жатқан аймақта өтті. “1216 жылы Ырғыз өзенінің бойында меркіттердің тас-талқанын шығарған монғолдар Хорезмшахтың жасағының күтпеген шабуылына ұшырады”,- деп жазады ғұлама ғалым Л.Н. Гумилев.
Хорезм патшасының әскерін талқандаған Шыңғыс 1223 жылы үлкен ұлы Жошыны жаулап алған қыпшақ даласын басқару үшін 4000 әскермен Ұлытауда қалдырды. Міне, сол кезден бастап Ұлытау – ұлан-байтақ Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық орталығы болды.
Жошы қайтыс болғаннан кейін жаулап алынған шалқар кеңістік – Ақ Орда, Көк Орда және Шағатай ұлыстарына бөлінген кезде, оның үлкен ұлы Орда Ежен Сырдариядан Саян тауларына дейінгі аймақты қамтитын Көк Орданы осы Ұлытаудан басқарды.
Ұлытаудың бір шоқысының басында фәниде бір-бірімен алысып, арпалысып өткен Едіге мен Тоқтамыс қатар жатыр. Халқымыздың қабырғалы қайраткері Асанқайғының да қабірі осы Ұлытауда. Тұмар, Еділ, Едіге, Тоқтамыс тарих теңізінің толқынын сан теңселткен осынау Ұлы Даланың кіндігі – Ұлытауда Азияның арыстаны атанған Ақсақ Темір де ат шалдырған.
“Темір Ұлытауға келгенді алдымен сол тауға көтеріліп, ұшы-қиыры жоқ көк-жасыл жалпақ даланы рахаттана көзімен сүзіп, ұзақ тұрды. Содан соң әскеріне тас жинатып, бір тәуліктің ішінде ғаламат зор шоқы үйдірді.
Бармағынан бал тамған шеберлер осындай салтанатты оқиғаның өткен күнін тас бетіне қашап жазып, ғасырлар бойы өшпейтін белгі қалдырды”, - деп жазады ұлы қолбасшының сарай тарихшысы Шарафадин Әли Йезди “ Темірдің жеңістері туралы жылнама” атты еңбегінде.
XX ғасырдағы қазақ ғұламасы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқының басынан тапқан бұл тас сол заманның аса құнды жәдігері ретінде қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы тұр. Онда Тұранның сұлтаны Темірдің жүз мың әскермен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатып, Ұлытауға аялдағаны жайлы жазылған.
Міне, осылайша Шарафадин Әли Йезди жазбаларындағы дерекке Сәтбаев тапқан тас бұлтартпас дәлел болды. Ұлытау “Ұлытау” деген мәртебелі атты қашан алған? Талайларды ойландырып-толғандырған осы сұрақтын нақты жауабын табу бүгінгі уақытқа дейін күн тәртібінен түскен жоқ.
Жорамал да, болжам да көп. XII-XIII ғасырларда оның бұрынғы аты мен бүгінгі атауы араб-парсы жылнамашы-тарихшы ғалымдарының еңбектерінде қатар қолданылуына қарағанда таудың атының өзгеруі осы мұғдарына сай келетін секілді.
Атақты парсы Әбу Саид Гардизидің XI ғасырда жазған “Зайн - әл-ахбар” (“Баяндау көркі”) атты бүгінгі тарихшылар үшін аса маңызды еңбегінде Ертіс жағалауынан Сібір даласы мен Алтай тауларына дейінгі кеңістікті жайлаған түркі тайпаларының бірі – қимақтарға апаратын жол жағдайы өте тиянақты баяндалған.
Ұлытау жайлы бізге белгілі ең көне дерек осы еңбекте келтірілген. Ол былай деп жазыпты: “Қимақтарға шығатын жол жайлы айтсақ, әуелі Фарабтан Жаңа қонысқа барасың; сол жаңа қоныстан қимақ еліне қарай жүргенде, жолда өзен кездеседі, одан өткен соң алдыңнан бұйра-бұйра құм шығады; түркілер оны Уюкман деп атайды.
Әрі қарай Сокук өзеніне жетесің; одан өткеннен кейін тұзды сорларды басып өтесің. Әрі қарай Кендіртағы тауы басталады. Жолаушылар өзенді жағалай өскен қалың шөп, жайқалған ну тоғайдың ішімен жүріп отырып, биік тауға, өзеннің бастауына жетеді.
Осылай тар шатқалдағы жолмен тауға көтеріледі. Сол Кендіртағы тауына шығып, Асус өзеніне тіреледі. Осы Асус өзеніне дейінгі бес күндік жолда қалың ағаштың көлеңкелері адамдарға күн түсірмейді. Өзеннің суы қап-қара; оның шығыстан басталған арнасы Табарыстанның қақпасына дейін барады.
Жолаушылар бұдан әрі қарай қимақтар елінің шекарасы Ертіс өзеніне жетеді”. Гардизидің еңбектеріндегі кейбір географиялық атауларға түсінік бергеніміз жөн. Ондағы Фараб – сол кезеңдегі Отырар қаласының аты, Жаңа қоныс – Отырарға жақын маңдағы Кедер деп аталған сауда орталығы.
Уюкман – Мойынқұм құмы; Сокук – Сарысу өзені; Асус – Есіл өзені және Кендіртағы – қазіргі Ұлытау тауы. Қорыта айтқанда, бұл жол – “Ұлы Жібек жолының” жиһанкез-саяхатшыларға “Сарысу жолы” деген атпен бағзы замандардан мәлім Ұлытау-Жезқазған өңірі арқылы өтетін тармағына сәйкес келеді.
Ұлытау өңіріне қатысты аса құнды деректерді 1100 - 1165 жылдар арасында өмір сүрген арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Әл-Идрисидің “Нусхат Әл-Муштақ фи Ихтарах әл-Афак” (“Жаһангерліктен торыққан адамның көңіл көтеруі”) атты шығармасынан табамыз.
Ол бүгінгі Ұлытау тауының айналасын жайлаған тайпаларды Гуздар деген жалпы атпен атап, олардың мал шаруашылығымен бірге кен қазып, алтын, күміс, мыс сияқты түсті металлдарды да аса орасан көп мөлшерде өндіретіндігін және сауда-саттықпен айналысатындығын жазған.
Әл-Идриси бұл өңірде қалалардың көп екендігін, ол қалалардың барлығы өзен-көлдердің жағасында, тау шатқалдарындағы құнарлы жерлерде, кен көздеріне таянта салынғанын атап көрсеткен. Хиам атты қала Гуздардың аса маңызды сауда орталығы және астанасы болған.
Бұл қала Ертағы мен Кертағы таулары сілемдерінің біріне жататын биік төбенің қасына салынған екен. Әл-Идриси осы өңірдегі металл өндірісі жайлы: “Онда күміс өндіретін кеніштер ашылған. Олардан шығатын күмісте есеп жоқ.
Шаштың саудагерлері ол жаққа артынып-тартынып тауар апарады, оларын күміске алмастырады да, сол жерден тағы да түйелер сатып алып, мол күмісті жан-жақтағы елдерге таратып әкетеді”,- деп жазыпты.
Академик Ә.Х. Марғұлан Хиам қаласын Қиян деп аталған болуы тиіс дейді. Шынында да осы таудың төркін-түбіріне үңілсек, қазақтың “Ит арқасы Қиянда” деген, яғни алыста, ауыр жол жүріп баратын жерде деген ұғымды білдіретін, халық ішіне кеңінен тараған тұрақты сөз тіркесінің пайда болуы себебін басқа бір қырынан түсінгендей боламыз.
Әл-Идриси еңбегінде көрсетілген Ертағы мен Кертағы тауларына келетін болсақ, бұл атауларға қатысты тиянақты мәліметті Қиуа ханы, таризшы-шежіреші Әбілғазының өзінің нақтылығы жағынан дүниежүзі ғалымдары тарапынан аса жоғары бағаға ие болған “Түрік шежіресі” атты еңбегінен табамыз.
Онда: “Қазіргі Ұлытау мен Кішітау дегендерді ол кезде Ертағы және Кертағы деп атайтын”, - деген тұжырымды сөйлем бар. Осы және осындай басқа да тарихи деректерге қарағанда Ұлытау мен Кішітау атаулары осы өңірді ұлан-байтақ Жошы ұлысы өз орталығына айналдырған кезеңде (1223 ж) пайда болған секілді.
Әр адамның санасында өз қара шаңырағы,Отаны,Атамекені жарық дүниенің кіндігіндей сезіледі. Ұлттық мәдениет, туған халықтың әдет-ғұрпы содан бастау алады.Қазақтар үшін сондай ата-баба мекені - Ұлытау.«Ұлы», «тау» деген - қазақтың төл ұғымы.
Оның ұлылығы тек атының халық арасында әйгілі болуында ғана емес , ұлт тарихындағы қазақ руларын біріктірген аса ұлы оқиғалар туғызған тарихи мәнділігінде. «Кіндік жұрт» аталып кеткен, ұлттық сананы қайта өркендеткен соңғы жылдары терең тарихымен ғалымдарды, журналистер мен туристерді тамсандырған Ұлытау небір мақтау сөзге де лайық. Ұлытау - «қазақ халқының бесігі», «көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі».
Ұлытау - ежелгі заманның көне сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол ежелгі де әр алуан әдемі ескерткіштерінің көптігімен кім - кімді де тәнті етеді. Өзінің ғажайып сұлулығымен, құнарлығымен бабаларымызды ынтықтырған қасиетті жерден палеолит, неолит дәуірлерінің туындысы - алғашқы адамдардың мыңдаған еңбек құралдарын әр бұлақтың маңынан,көгалды жазықтардан кездестіресіз.
Қаракенгір өзені жағасындағы Дүзен мазарына жақын орналасқан палеолит дәуірінен қалған көнекөз шеберхана Қазақстандағы ең ірі де әйгілі ескерткіш санатында. Тас ғасырының мылқау куәлігі Жетіқоңыр археологтердің көп жылдардан бері назарында.
Қола дәуірінің ескерткіштері - елді мекендер,мазарлар мен Беғазы – Дәндібай мәдениетінің асқақ кесенелері кез - келген өзен алқаптарынан кездеседі.Ежелгі патша әулеттері жерленген Айбас дарасы, Үйтас-Айдос, Ақоба, Талдысай обалары көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің ынта-ықыласын ұдайы өзіне аударып отырса, Қорғасын елді мекеніне жақын орналасқан обалар мен Терісақкан өзені жанындағы Қараоба екі жарым мың жылдан аса уақыт бойы жолаушылар үшін қиыр далада қағылган қазықтай нақты нысана болып келеді.
«Мұртты» қорғандар - Ұлытаудағы таңдай қақтырар көрікті нысандар.Олардың кұпиясы әлі күнге беймәлім. Бұларды мазар үстіндегі ескерткіш дейміз бе, әлде ежелгі расытхана дейміз бе, тіпті, осылардың бәрінің басын құрайтын тұлғалы ескерткіш дейміз бе - әйтеуір бұлардың қай-қайсысы да таңғажайып дүниелер.
Классикалық үлгідегі осындай ескерткіштердің «мұрты» үнемі шығысқа қарап тұрады. Ұлытауда сақталған олардың сан алуан бағдарымен,пішінімен, санының көптігімен таңғалдырады. Жазық жерлерде орналасқан ғұндар дәуіріндегі әдемі шатқалды қорғандар өзінің асқақтығымен,сұлулығымен көзге түседі.
Ежелгі түркі, оғыз-қыпшақтар мәдениетінің ізін де осы жерлерден ұшыратамыз. Арғанаты, Кішітау тауларындағы Тілеуқабыл аңғары мен Қорғантас шатқалындағы түркінің айшықты тастарымен өрнектелген оба қоршаулары бәз қалпында сақталған.
«Балбал» деп аталатын кейбір сомтастар өрнегінің қатары кей жерлерде 250 метрге жетеді. Ұлытаудың ежелгі түрғындарының таудан металл пештер қалдығы, пішінді металл құю тәсілі-бұдан үш мың жыл бұрын жергілікті тайпалардың мыс, қалайы, күміс, алтынды қазып алып, өңдеп, Иран, Үнді, Грекия, т.б. елдерге шығарғандарына бірден-бір дәлел.
Мұны «тарих атасы» деп жүрген Геродот өз еңбектерінде растап отыр. Қола дәуірінде өмір сүрген Елуқұдық, Сорқұдық секілді металл өндіру орталықтары кейінгі орта ғасырларға дейін өндірісін тоқтатпаған.
Ежелгі шеберлер қолымен тасқа қашалып салынган суреттердің тұтастай галереясы Ұлытаудың өзіндік мәдениетінің көрікті беттерін құрайды. Тіршілік ету, аң аулау бейнелері, ғажайып жануарлар әлемі, ежелгі адамдардың дүниетанымын танытатын суреттер Теректі әулие, Зыңғыртас, Арғанаты таулары жартасында, Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендерінің бойларында тұр. Бүл өлке орта ғасырларда «Дешті қьпшақ» (араб тілінен аударғанда - қыпшақтар елі) аталған.
Оның аумағы кейіннен қыпшақтардың, қимақтардың, ұлы оғыздардың ірі рулық бірлестіктері арасында бөліске түскен. Ұлытау ешқашан бір ғана тайпаның, не бір ғана рудың иелігінде болмаған. Бұл берекелі жер көшпелі тайпа көсемдерінің сүйікті мекені еді, ол қашанда қасиетті, әрі киелі қоныс саналған.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бұл жерде тұрақты қоныс еткені тегін емес. Шығыс Еуропаны тізе бүктірген Бату өз жорығын осы жерден бастаған. Ұлытау жерінде Шыңғыс ұрпақтарымен байланысты сәулеттік ескерткіштер жетерлік.
Бұлар - Жошы, Құтлық-Темір, Болған ана, Келін-там мазарлары. Осы далада, аңызда айтылатындай, Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін жеткізген атақты «Ақсақ құлан» (ХШ ғ) күйі дүниеге келеді. XIV ғасырда, шамамен VII - VIII ғасырларда өмір сүрген түркі руларының негізін қалаушылардың бірі Алаша хан қабіріне мазар тұрғызылды. Ұлытау тауы биігінің бірінде ұлы қолбасшы, саясаткер және шешен, Алтын Орда әмірі Едіге жатыр.
Оның аты Алтай, Орал, Солтүстік Кавказ,Қырым және Өзбекстан халықтарының батырлық әңгімелері мен эпостарында сақталған. Алтын Орданың жігерлі ханы Тоқтамысқа да Ұлытаудан топырақ бұйырған. Халық аңызы өмірінің соңғы кезеңінде қарапайым пенде болып, Египеттің ұлы билеушісі, қыпшақ Бейбарыс осы далаға оралғанын бүгінгі күнге жеткізеді. Ұлытау тарихының білгірі, академик Әлкей Марғүланның жазуынша, Тұранның кұдіретті ханы Афрасиаб өмірінің соңғы кезін Ұлытауда өткізген.
Құдіретті Ақсак Темір өзінің Ұлытауда болтаны туралы Алтыншоқы тауында тасқа қашап белгі қалдырған. Ұлытаудың ғажайып гранит шыңдары Бұқар ханы Абдоллахты және Құдияр ханның қоқандық жауынгерлерін ұмытқан жоқ.
Монголдардың тұрақты қонысы - Қарақорымға беттеген ортағасырлық көптеген еуропалық және орыс елшілері Ұлытау бұлағының суын ішіп, шөлін басты. Кетбұғы, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т.б. тарихи тұлғалардың өмірбаяны Ұлытау атымен байланысты.
Ұлытау - Қазақстанның географиялық орталығы. Картадан оның Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ шығысы мен батысы аралығында бірдей қашықтықта орналасқанын көресіз. Оның әскер шоғырландыруға және жасақты Ұлытаудың айналасындағы бұлақтары мол жайылымға орналастыруға қолайлы орын болғаны сондықтан болар.
«Ақтабан шұбырынды» жылдарында Ұлытаудың даңқы оңтүстік - шығысында қазақ руларының біріккен күші алғаш рет жоңғарларға тойтарыс беруімен шықты. Содан бері осы шатқал Қалмаққырған аталады. Ұлытаудьң тұғырлы таулары патшалық-отаршылдық саясат жылдары қарсыласу мен тәуелсіздік ошағы болып қала берді.
Бұған XIX ғасырдың ортасындағы Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдардағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістер куә. Ұлытау географиялық жағынан қолайлы жерге орналасқан. Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының «Сарысу» немесе «мыс жол» аталған негізгі тармақтарының бірі өткен
Оның дәлелі - керуен жолы бойында орналасқан ондаған керуен-сарайлар, бекініс-қоныстар, феодалдық қорғандар, қарауыл мұнаралар. Бұл қоныстарда қалалық мәдениет, қол өнері, сауда-саттық дамыганын Басқамыр, Жошы-орда, Аяққамыр, Орда-базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді.
Ғалымдар болжауынша, бұл сауда жолы Ұлы Жібек жолына дейін пайда болып, біздің ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталды, осы өлкенің мәдениетінің дамуына үлес қосты. Табиғаттың өзі бұл жерге қисапсыз қазына сыйлаған.
Фирдауси өз поэма-эпосы «Шахнамада» Ұлытау өңірін әдемі суреттеген. Ұлытаудың ғажайып көріністерін VI ғасырда араб саяхатшысы Әл-Идриси өзінің қолжазбаларында суреттеген. Ұлытау жөнінде қазақ халқының ертегісі «Ер Төстікте» де айтылады.
Әйгілі Асанқайғы Сарыарқаның көптеген түкпірін аралап, елге құт жерұйық іздегенде, көзіне Ұлытау түскен. Академик Қаныш Сәтбаев Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы атаған. Өйткені, Менделеев кестесі элементтерінің көбі Ұлытау аймағының қойнауынан табылған. Ғасырдың заманалық мәні бар оқиғасы - адамның ғарышқа ұшуы да Ұлытаумен - ғарыш аймағы Байқоңырмен байланысты.
Ұлытау өзінің жер бедерімен, терек - қайыңымен Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралының шипажай орындарын еске салады. Бұл өңір Қазақстанның тарихи орталығы десек те болады. Қазақтардың бүкілдүниежүзілік құрылтайында форумға қатысушылар ең әуелі қазақ халқының осы қасиетті орнына баруды қалағаны да тегін емес.
Сол күндері Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев осында қазақ мемлекетінің калыптасуындағы Ұлытаудың тарихи рөлін құрметтеп, ескерткіш-белгі орнатуға қатысты. Ұлытау - шын мәнінде географиялық феномен.
Терістік дала мен түстік шөлдің арасындағы таулы-ойпаңды бұл өлке жол тартып келе жатқан жүргіншілерге қайнары - салқын суын, терегі мен ақ қайыңы көлеңкесін сыйлайды. Ұлытауда жүзіктің көзіндей әдемі-әдемі көлдер бар. Көктем сайын Барақкөл, Қоскөл, Ащыкөл, Құркөлдерге Үндістаннан, Жерорта теңізінен, Азия, Африка жағалауларынан оралған құстар жыртылып айырылады. Осы арадан ақбөкендердің де жосылған жолдары кес-кестеп өтіп жатыр.
Өте сирек кездесетін тарихи археолгиялық ескерткіштер мен табиғат көркін сақтау мақсатында осында 1992 жылы табиғи-тарихи қорық-мұражай құрылды. Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген, аты аңызға бөленген, ақындар жыр еткен, көп ғасыр адамды еліктіріп, өзіне тартқан бұл өлке өзінің құпияларын әлі де ашып болған жоқ.
Жер жүзіндегі қай халықтың болмасын қадір тұтып, қасиет санайтын киелі мекені болары анық. Сондай қойнауы қазына, тасына тарих тұнған жер қазақ халқында да бар. Ол Кешегі көшпенді қазақтың көшесіз астанасы атанған, жерінің асты алтын, үсті ырысты өңір - Ұлытау екені баршаға аян.
Содан да болар, Ұлытау десе елең етпейтін қазақ жоқ. Ұлытау есімі естілсе әр қазақтың бойындағы қаны ойнап, жүрегін бір мақтаныш сезім кернейді. Солай болуы заңды да. Неге десеңіз қазақ деген халықтың ұлт болып, ел болып қалыптасуы, мемлекет болып аталуы дәл осы Ұлытау атымен тығыз байланысты. Исі қазақ үшін Ұлытау ерліктің, елдіктің туын тіккен, тасына ғасырлар тарихы тұнған, бірлік пен бәтуаның мерейлі мекені болып табылады.
Бұл өмірдің де, тарихтың да таразысына салынып, небір ғұламалар айтып, дәлелдеп кеткен шындық екені даусыз. Солай болған, солай болып келеді де. Әйтпесе, түп-түрқы шап-шағын Арқа төсіндегі осы бір тауға аспанмен таласқан ақбасты Алатауы, қойнауы қазыналы Қаратауы, көрікті кербез Көкшетауы, әсем Алтай таулары бар қазекем ұлы деген есімді жайдан-жай Ұлытауға бере салмаса керек.
Өзінің бітім болмысымен басқа тауларға ұқсамас өзгешелігімен дараланған әр тасы тарихтан тіл тартып, шежіреден сый шерткен шымыр таудың тұрқы да, түлғасы өзге тауларға ұқсамайтын ғажайып қасиетімен ұлылықты үнсіз ұғындырып, еріксіз мойындатып тұрғандай.
Өн бойына қарапайымдылық пен қайырымдылықты қастер тұтқан таудың тарихына зер салсақ бүгінгі қазақ деген еркін елдің тұтас тарихына үңілгендей болып, өткені мен бүгінгісін танып білгендей боласыз. Адамзат тарихының атасы атанған Геродоттьң жазбаларында Скиф таулары деген атпен енген Ұлытау тауының аталуы да тегіннен тегін емес.
Демек, Ұлытау аты сонау тылсым замандағы тілсіз тарихпен тілдесе отырып бірге аталып, әлемдегі тіршілік тамыр жайғаннан бері бірге жасасып келе жатқанын көреміз. Ал бұл сөзіміз жалаң болмас үшін тарих атасының жазбаларына үңілейік.
...Жер бетін түгел бағындырмақ болған Кир патшасы теңізден өтіп далаға жол тартты. Сол кезде осы сары даланы мекен еткен скифтердің ер жүрек те батыр қызы Томирис көшпенділердің қалың қолын бастап, әрі басқыншыларға қарсы шықты.
Ақыры шетсіз де шексіз құм белдеулеріне дендей енген Кирдің құмырсқадай қаптаған қалың қолы шөл қүрсауында қалды. Осы сәтте Томиристің (Тұмар қыз деп аталады) соңына ерген дала ерлері Кирдің жеңіліс көрмеген қуатты әскерін тас-талқан етті.
Тарих жазбаларынан орын алған осы шайқастың өткен жері қазіргі Арал мен Арқаның ортасындағы қалың құмды өлке екенін бүгінгі галымдарымыз да дәлелдеп беріп отыр. Демек Кир жорығы Сыр мен Ұлытау арасындагы кең жазықта өтті деуте толық негіз бар.
Ендеше сол жорыққа тікелей қатысып, оны қағаздап хатқа түсірген тарихтың атасы Геродоттьң Скиф таулары деген тауы осы біздің айтып отырған Ұлытауымыз екеніне еш дау тумаса керек. Себеп, Кирдің бірнеше жүз мындаған әскерінің соңы Сырдың сыртқы құмына шыққанда, шоғырдың бір шеті Арқа өтуі занды да.
Олай дейтініміз екі жақтан беттескен қалың әскері бас аяғы жүз елу, екі жүз елу шақырым жерге сол кезде ұбап-шұбап сыя қоюының өзі оңай емес. Ал Арқаның кең төсінде сол кезде де, қазір де Ұльтаудан басқа белгі етер, бетке үстар таудың жотын еске алсақ, Скиф таулары деген атты алған тауымыз бүгінгі теңіз деңгейінен 1134 метр биіктікке орналасқан Ұлытау екені өз-өзінен-ақ белгілі. Сөйтіп алғашында тарихқа Скиф тауы деген атпен енген Ұлытаудың етегінде қазақтың сонау түп тамырына тіке тартар тура жол жатыр.
Ал скиф көшпенділері (X - VIII г. б. э. д.) мал шаруашылығымен қоса сол кездің өзінде-ақ мыс қорьггуды үйреніп, тарихта түнғыш металлургияны меңгергенін сол Геродоттьң жазбаларында ашық та айқын айтылған. Оған Жезқазған маңындағы мыс кендерін қорытқан ескі пештердің қалдықтары да дәлел бола алады.
Бұл туралы кезінде академик Қ. И. Сәтбаев: "Адамзаттың алғашқы мыс өндірген жері - Жезқазган-Ұлытау өңірі", - деп жазып кетуі де негіз болады. Әрине, бір кездері ауыздан ауызға аңыз болып айтылып жеткен шындықтың өзі кейін де ескіленіп, көмескіленіп естен кетуі де мүмкін.
Осындайдан да болар Ұлытауға байланысты небір құнды-құнды әңгімелер мен аңыздар кешегі кеңестік саясатқа қайшы келгендіктен болар айтылмай, елеусіз қалып келді. Содан барып қасиетті таудың тарихтан алар орны да көмескіленген.
Әйтпесе, ен далада өмір кешкен, небір азуын айға білеген айбарлы хандар, бектер мен билер қандай да бір келелі әңгіме, кесікті пікір, бетуалы билікке жүгінер сәтте алланың нұр сәулесі түскен Ұлытау - Ұлы тауға келіп бас қосуы, тауға тәуеп етіп, топырағына мандайын тигізуі, Ұлытаудың қасиетіне бас иіп ұлылыққа тағзым еткендіктен болар. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек қаншама хан қазақ топырағында ел билесе, соншамасы Ұлытауға келмей толық билікке жеттім деп есептемеген.
Сондағысы, әрине, жер бетінен тау таба алмағандықтан емес, алдындағы аңыздардағы айтқанымыздай алланың нұр шапағаты шашыраған таудан шын мәнінде де ұлылықты, пәктік пен тазалықты, адалдықты, бірлікті, бәтуәні көре білулерінде жатса керек.
Сонау ықыл
Тарих деректеріне қарап отырсақ, осы Ұлытау төңірегінде, ел билеген хандардың үзеңгісін шіреп, ауыздығын қарс шайнаған тұлпарлардың тұяғы тиген, қол бастаған, батырларың сөз бастаған шешендердің тарихи орындары толып жатыр.
Әлмисақтан бері "Алты алаштың баласының басын қосқам Алашахан дегенді халық аңызы айтады. Ал Алашаханның тарихы 840-шы жылы өзінің тәуелсіз феодалдык мемлекетін қимақтардың негізін құрған қыпшақ-қимақ тайпаларының қосылуымен Алаш мемлекеті болып жарияланып, ханының Алаша деп аталғанын араб тарихшыларының:
"Қимақ патшасы - ұлы тайпалардың біреуі және өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді" деп жазып кеткеніндей түрік дүниесінің әлемде тұңғыш ту көтерген кезеңінен бізді хабардар етеді. Ал осы Қыпшақ - Қимақ тайпасының негізіндегі Алаш мемлекетінің сондағы ту тіккен ордасы - Ұлытау болғанына ешкім де дау айта алмайды.
Алаш мемлекетінің ханы Алаша таққа отырған алғашқы күннен бастап-ақ Алланың нұры мен Ұлытауға арқа сүйеп, топырағына табан тіреуді алдына ұлы мақсат етіп, атының басын Ұлытауға бұрып, осы жерге келіп қосын тігеді.
Бұл да болса біздің алдындағы естіген аңыздарымыздың түбінде шындық барын тағы да тірілте түскен-дей. Тарихты таразылап бүгінгіге жол сілтеген түркіменнің шежірешісі Әбілғазы өзінің жазбаларында: "Ұлытау мен Кішітауды Алашахан, оның немересі Қарахан жайлаған" - деп жазып кетуі де тегін болмас.
Әбілғазының шежіресіне сүйенсек Алаша мен Қараханның кезеңі Х-ХІІ ғасырларды қамтиды. Олай болса Ұлытаудың етегіндегі Қаракенгір, Сарыкенгір өзендерінің бойындағы Алашаханның мавзолей-мазары бүгінгі тарихшылар айтып жүрген сол кезеңге тура сәйкес келіп тұр.
Ендеше Тұранның басын қосып тұтас ел деңгейіне көтерген, оның тұңғыш ханы Алашаханның Ұлытау топырағында жатуы да одан кейінгі ел билеген хандарға Ұлытаудың қадір-қасиетін бұрынғыдан да асырып, айбарландырып Ұлытауға барып, таудан бата алған ханның ісі оң, саясаты айқын, арманы сөзсіз жүзеге асады деген үлкен ұғымды берік, нық орнықтыра түскендей.
Оған дәлел дүниені дүр сілкіндірген, атьның тұяғы тимеген жер қалмаған Шыңғысхан мен оның баласы Жошыдан, кейін олардың ұрпақтары Батудан бастап қазақтың XIX ғасырдағы ең соңғы ханы Кенесарыға дейін, барлық қазақ хандары 700 жылға жуық осы Алашахан мазарының маңында үш жүздің өкілдерінің қатысуымен "Хан ордасы" деген жерде хандық дәрежеге - ақ кигізге көтеріліп барып, сайланып отырған.
Бір ғажабы, дәл осы "Хан ордасы" әңгімеміздің басында айтқан Айбас жазығындағы айдаһарлы үңгір жақ беткейінде болуы. Таңқаларлығы сол, хан ордасы Ұлытаудың батыс бөлігінде болса, Алашаханның мазары таудың шығыс жағънда жатыр.
Оның бұлай болу себебі хандардың билікке отырар орынды алғашқы аңыздағыдай тауға, Алланың нұры тиген, Зәрдешпен жүздескен жағынан белгілеуі қисынды көңілге қондырғандай, әрі-беріден соң дәл сол киелі, аруақты жер деп хандар тандаған жердің қазақ жерінің нақ кіндігі екені де белгілі болып отыр.
Қазақ жерінің оңы мен солынан, шығысы мен батысынан бір мезетте шыққан адам дәл осы Ұлытауға бірдей қашықтық жол жүріп, бір мезетте жетеді екен. Қазіргі оқыған, білімдар жандар сызғышпен өлшегенде де Ұлытау жердің ортасы болып бөлек тұр.
Міне дүниенің төрт бұрышының кіндігі болған Ұлытаудың осы бір қасиетінің өзі ұлылықтың тегін ұқтырғандай. Дүние жүзіндегі қаншама халық пен ел мемлекет бүгінде — "Әлем адамы", деп танып отырған Шыңғысхан ұлан-асыр үлкен тойын Ұлытау бөктерінде өткізгені де тегін емес.
Ол жөнінде 1240 жылы жазылып, кейінде ғана тарихшылар-дың қолына тиген монғолдың "Құпия шежіре" кітабында толық айтылады. Сол шежіре кітапта Шыңғысхан 1217 - 1218 жылдары Қият, Найман, Керей, Меркіт, Қоңырат, Маңғыт, Жалайыр, тайпаларын бүгінгі Қазақстан территориясына қоныстандырып, Үйсін, Дулат, Қыпшақ, Уақ, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Алшын, Арғън, Албан, Суан тайпалары мен оларға татарларды қоса отырып оны өзінің ұлы Жошының игілігіне бергені туралы мағлұмат бар.
Сөйтіп, тарихтағы тоқсан екі баулы дешті Қыпшақ және сегіз сан Сейілханды қосып жүз рулы елдің басын біріктіріп, бүгінгі қазақ елі - сол кездегі алтын босағалы ел атанса, Алтын Ордасы тағы да осы Алашахан ту тіккен, Алланың нұры тиген Ұлыттауға тігілгені тарихта тасқа басқандай анық.
Мешіт-медреселер.
Қазан төңкерісіне дейін аудан төңірегінде 40-50 мешіт-медресе болған. Кеңес үкіметі тұсында олардың барлығы дерлік қиратылды. Қабырғасы ғана қалғандар мыналар: Дулығалыдағы Құлмұханбет ишан мешіті, Сарыкеңгір өзені бойындағы Қонысбай мешіті, Сарысу өзені бойындағы Айтболаттың Ақшиі деген жерден салынған Ахметжан мешіті, Қорғантастағы Ахмет ишан Оразайұлының медресе-мешіті.
Фотографии
Александра Петрова.